Қола дәуірі адамдарының әдет-ғұрпы, діни түсініктері мен өнері



Дата25.08.2017
өлшемі54,73 Kb.
Сабақтың тақырыбы:

Қола дәуірі адамдарының әдет-ғұрпы, діни түсініктері мен өнері.

Сабақтың мақсаты: 1. Қола дәуірі адамдарының әдет-ғұрпы, діни түсініктері, өнері жайлы баяндау арқылы сол кезднгі адамдар жасаған материалдық, рухани байлықтармен, ізгілікті істермен оқушыларды таныстыру.

2.Оқушыларды тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан-жақты дамыту.

3.Оқушылардың тарихқа, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту,оларды өз елінің, бүкіл адамзаттың мәдениетін толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, өткен сабақпен сабақтас, интерактивті.

Сабақтың әдісі: Оқыта үйрету ойындары, топтық жұмыстар, ой қозғау, ой толғау.

Пән аралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері.

Көрнекілігі: Таблица, жұлдызша, текше, пирамида, карта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын тексеру үшін, оқушыларды екі топқа бөліп, «Жұлдызды сәт» ойынын ойнатам.

1.1-топ. «Орда» - 2-топ. «Сайрам»

1-топқа сұрақтар:

1.Мыс пен қалайының қосындысы? (Қола)

2.Ә.Марғұланның басшылығыммен бір топ археолог-ғалымдар Қазақстанның қай бөлігіне ұзақ жылдар бойы қазба жұмыстарын жүргізді? (Орт.Қаз)

3.Андронов мәдениеті деген не?

4.Қола дәуірінде мүлік теңсіздігі болды ма? Дәлелде.

5.Қола дәуірі қай уақытты қамтиды?

6. «Тастыбұлақ» ескерткіштері қай жерден табылды? (Бат.Қаз)

7.Орталық Қаз/ғы қола дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?(Федоров, Алакөл, Дәндібай)

8.Ертедегі адамдар неліктен арнайы құрбандық орындарын жасады?Ол жерлерде қандай әдет-ғұрыптар орындалды?

9. «Атасу» қонысы қай жерге салынған?(Атасу өзені)

10.Басқа аймақтармен салыстырғанда Қаз/ң қай бөлігі аз зерттелген? (Оңт.Қаз)

2-топқа сұрақтар.

1.Тас дәуірінен кейін пайда болған дәуір? (Қола)

2.Андроновтықтар жиі қоныстанған аймақ? (Орт.Қаз)

3.Археологтар кімдер?

4.Шығыс Қаз/да, Ертістің шығыс жағында бір-біріне жапсарлас салынған бірнеше құрылыс қалай аталады? (Қанай)

5.Андронов мәдениеті қай аймақтарға таралған?

6.Археологтар қазба жұмыстарын жүргізген кезде обадан адам сүйегі мен қару-жарақшықты. Бұл кімнің обасы болды?

7.Дәуір неге қола дәуірі деп аталады?

8.Қазақстандық археологтардан кімді білесің?

9.Қола дәуірінің өзіне дейінгі дәуірлермен салыстырғанда қандай ерекшеліктері бар?(Адамдар түрлі-түсті металдар мен алтынды пайдалануды үйренді, мал шаруашылығы жақсы дамыды, егін шаруашылығы дамыды.(Жер кетпенмен өңделді))

10. «Алексеевка» қонысы 1930-1935ж.ж. қай жерде жүргізілген зерттеу кезінде ашылды?

Әр топқа жауаптары дұрыс болса, сұрақ сайын жұлдызша беріледі. Қай топтың жұлдызы көп болса, сол топ жеңімпаз болады.

2.Топтастыру стратегиясы бойынша, екі топтпн екі оқушы тақтада жұмыс жүргізеді.


Қазақстандық археологтар Қола дәуірі ескерткіштері

3.Балалар, біз ертеде адамдар кенді қалай өндіргенін білдік. Қазіргі кеншілер мен ертедегі кеншілерді салыстырайық




Ертедегі кеншілер Қазіргі кеншілер

Кен өндіретін тәсілдері болды, Механика дамыған.

Металды жер бетіне жақын Кенді тереңнен игерді.

жерден тапты.Қайламен,балтамен Арнаулы жабдықтар

қазды.Кенді қыздырды. арқылы. Арнайы пеш.


Сонымен, балалар, біз бүгін қола дәуірі туралы сабақтарымызды жалғастырамыз. Тақтаға тақырыпты, жоспарды жазып қоямын.


Сабақ жоспары
Қола дәуіріндегі адамдардың табиғаттан тыс күшке сенуі.

Тастағы суреттер.

Бекіту.(Интерактивті әдіс бойынша пирамида формасын шығару керек)
4.«Картамен саяхат» Оқыта үйрету ойыны бойынша карта бетіндегі қалаларды таңдап, сұраққа жауап береді.Жауап дұрыс болса, пирамида құрыла бастайды.

1-топ. Көкшетау-Андроновтықтар қайтыс болған адамды қалай және неліктен сән-салтанатпен жерледі?

Астана-Құрбандықтар не үшін шалынды, осы ғұрыптар қалай орындалды?

Алматы-Андроновтықтар неліктен өлікті өртеді?

Шымкент-Қола қандай металдың қоспасы?

2-топ. Тараз-Петроглифтер деген не?

Ақтөбе- Қандай бейнелер тастағы суреттерде көп кездеседі?

Қарағанды-Неден жасалған еңбек құралдары адамзат дамуын жоғарғы сатыға көтерді? (Қола)

Қызылорда-Ертедегі кеншілер кенді қандай тәсілмен өңдірді?

5.«Идеяларды тоғыстыру» оқыта үйрету ойыны негізінде әр топқа негізгі ұғым берем, оны әрі қарай жалғастыру керек.

1-топқа. Адамдар мысты қалайыға қосып...

2-топқа. Қола дәуірінде өліктерді жерлеумен бірге...

1-топқа. Өлген адамды үйден шығарарда...

2-топқа. Қола дәуірінде бұқаның суретін салу...


Әр дұрыс жауап сайын пирамида құрылу жалғасады.

6.«Жиырма сөзді жадыңда, он сөзді ойыңда,бес сөзді бестікке айт» оқыта үйрету ойыны.

Ақ қағазға сөздерді жазып,балаларға оқытам

Қола Андроновтық Ошақ Марғұлан Халық Құрбандық

Жазуы бар қағазды жауып, тапсырма берем.

1.Соңғы сөз неше әріптен тұрады?

2.Қанша сөз «Қ» әрпімен аяқталады?

3.Әнұранда кездесетін сөз бар ма?

4.Екі буынды неше сөз бар?

Пирамидаға белгі соғылады.

7.Екі топқа тапсырма берем, жазбаша орындайды.

1-топқа. Қола дәуірі адамдарының әдет-ғұрпы. Діни түсініктері.

2-топқа. Суреттер нені бейнелейді?Қандай мағына береді?

8.Топ шығармашылығы: Қола дәуірінде адамның жеткен жетістігі. (Әңгіме жазу)

Пирамида құрылуын қадағалау.

Бағалау.



Үйге тапсырма: 27 оқу. Қола дәуірі мен тасдәуіріндегі еңбек құралдарын салыстыру. Венн диаграммасын құру.
Каталог: uploads -> doc -> 07c6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07c6 -> Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов Ұшқыш болғым келеді. Сабақтың мақсаты: Білімділік
07c6 -> Бағдарлама Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтардың ерлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу