Қолда бар жабдықтарды ұтымды пайдалану



бет1/3
Дата13.09.2023
өлшемі20,22 Kb.
#180907
  1   2   3
Байланысты:
Түсінік хат


Түсінік хат.

«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене сапасын дамытуға және ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған; қозғалыс мәдениетін қалыптастыру, жалпы дамытушылық және түзету бағытындағы дене жаттығуларымен қозғалыс тәжірибесін байыту; дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеттерінде дағдылар мен біліктілікке үйрету, дене шынықтыру жаттығуларын өз бетінше ұйымдастыруға негізделген.


Дене шынықтыру сабағына қатысушылардың қызметін қатаң реттеу қажет. Бұл сабақтың сауықтыру бағытына ішінара қол жеткізеді. Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жүктемелерді саралауды сақтау қажет. Оқу процесінде өз денсаулығын нығайту және ұзақ уақыт сақтау, еңбек қызметін оңтайландыру және белсенді демалысты ұйымдастыру үшін дене шынықтыру құндылықтарын белсенді пайдалана алатын білім алушылардың жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмысқа кіріскен кезде педагог білім алушылардың денсаулық жағдайын, жынысын, физикалық дамуын, физикалық дайындығын, психикалық қасиеттерін т.б. даму ерекшеліктерін ескеруі керек.
Дене шынықтыру сабақтарын өткізу кезінде педагогтің басты назары білім алушыларды техникалық даярлауға бағытталуы тиіс. Білім алушы алдыңғы жаттығуда талаптарды орындағанға дейін жаттығуларды қиындату ұсынылмайды. Жаттығуларды таңдауда білім алушыларды қызықтыра отырып, жаттығуларды орындаудағы техникалық шеберліктерін өсіруге ынталандыру керек. Дене шынықтыру сабағы кезіндегі білім алушылардың алдына қойылған міндеттердің қиындығын біртіндеп арттыру қозғалыс тұрғысынан да, қабылдау тұрғысынан да сақталуы керек.
Дене шынықтыру сабағының тиімділігі сабақты өткізу әдістемесімен ғана емес, сонымен қатар бірқатар ұйымдастырушылық шарттармен де анықталады:
- қолда бар жабдықтарды ұтымды пайдалану;
- оқытудың техникалық құралдарын қолдану;
- сабақты өткізу орнының ерекшелігін есепке алу (спорт залы немесе мектеп жанындағы спорт алаңы, стадион немесе саябақ, тегіс немесе тегіс емес жер);
- сыртқы ортаның сипаты және т. б.
Сабақты ұйымдастыру үшін төмендегі жағдайларды қамтамасыз ету:
1) санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;
2) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
3) сабақта айналысатын қызметті ұйымдастырудың әдісін (тәсілін) таңдау, тапсырмаларды жақсы орындауға мүмкіндік береді.
«Денешынықтыру»пәні 1-4-сыныптар
1-4-сыныптарда білім алушылар «салауатты өмір салты» ұғымын білуі, «жаман әдеттердің» не екенін түсінуі, өздерінің физикалық қасиеттерін анықтай білуі керек.
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру жәнеспорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту;өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға ынталандыру;білім алушылардың төзімділікке,ширақтыққа,күштілікке,ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту;Отанға деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеу; білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру;жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру туралы түсініктерін қалыптастыру.
2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет