Қолданбалы бағдарлама-бұл қандай да бір мәселені шешуге арналған нақты бағдарлама



бет6/8
Дата10.12.2021
өлшемі32,5 Kb.
#78859
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Айти реферат

4. Электронды кестелер

4.1. Microsoft Еxcel

Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.

MS Excel программасын iске қосу жолдары:

1)Тапсырмалар тақтасындағы Iске қосу (Пуск)-Программалар- Microsoft Excel командалық қатарын таңдаймыз;

2)Жұмыс үстелінде программа сілтеуіші орналасқан болса, тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз сол объектіде екі рет шертеміз;

3)Тапсырмалар тақтасында MS Excel программасының батырмасы болса, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз.

Маңыздылығы: Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет