«Қолданбалы ғылымдар»


Балалардың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiгiн айқындау және оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу



бет59/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

4. Балалардың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiгiн айқындау және оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу
16. МӘҰ-де тұрақты немесе уақытша тұратын балаларға арналған арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi мен көлемiн: әдiскер, дефектолог мұғалiм, сенсорлық дамыту жөнiндегi дефектолог мұғалiм, логопед, психолог, невропатолог, психотерапевт, емдiк шынықтыру инструкторы (бұдан әрi – ЕШИ), еңбек жөнiндегi инструктор, дене шынықтыру жөнiндегi инструктор, ән-күй қызметкерi және де басқа мамандар (бұдан әрi – МӘҰ мамандары) айқындайды.
Меншiк нысаны жеке МӘҰ-де балаларға арналған бюджет қаражатынан тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi мен көлемi МӘҰ-нiң ауданы, материалдық–техникалық базасы, кадрлық ресурстары және шарт талаптары негiзiнде МӘҰ мен балалардың ата-аналары (заңды өкiлдерi) арасында жасалған келiсiм бойынша айқындалады.
17. Балалардың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге белгiленген қажеттiлiгiнiң негiзiнде, оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрi - ОЖБ) сәйкес МӘҰ мамандары бiр жылға арналған мерзiмге әр балаға жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрi - жеке жоспар) әзiрлейдi (3-қосымша), әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман жеке жоспарды әзiрлеу жөнiндегi жұмысты үйлестiредi.
18. Жеке жоспарды мамандар баланы қарап тексергеннен кейiн ол МӘҰ-ге келiп түскен күннен бастап немесе алдыңғы жеке жоспарының қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн 14 күнтiзбелiк күн iшiнде әзiрленедi, келесi 5 жұмыс күнi iшiнде толтырылады және оны МӘҰ-нiң басшысы бекiтедi.
19. Жеке жоспарда белгiленген оңалту iс-шаралар кешенi жеке жоспарда белгiленген мерзiмде iске асырылады.
Балалардың қажеттiлiгi мен олардың даму динамикасын МӘҰ-нiң мамандары ұдайы (тоқсанына бiр реттен кем емес) қарауға және құжаттамалық түрде көрсетуге тиiс.
Жеке жоспардың орындалуының тоқсан сайынғы мониторингi мен баланың жай-күйiндегi өзгерiстердiң қорытындыларын әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман журналға тiркейдi.
20. МӘҰ-де қажеттi мамандар болмаған жағдайда, МӘҰ әкiмшiлiгi жеке жоспарды әзiрлеу, оңалту iс-шараларының нәтижелiлiгiн бағалау немесе консультация беру үшiн басқа ұйымдар мен ведомстволардан мамандар тартуына болады.
21. МӘҰ-нiң әрбiр маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге қатысады.
22. МӘҰ-нiң барлық мамандарына қатысты қызметтiк мiндеттерiнiң сапалы орындалуына МӘҰ әкiмшiлiгi тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Жеке жоспардың орындалуын бақылау, олардың сапалы орындалуын және балалардың оң дамуы мақсатында ұдайы мониторинг әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманға жүктеледi. Жеке жоспардың орындалуының тоқсан сайынғы мониторингi мен баланың жай-күйiндегi өзгерiстердiң қорытындыларын әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман журналға тiркейдi. 
23. МӘҰ мамандары қажетiне қарай балалардың жеке жоспарына түзетулер енгiзедi және өткiзiлген iс-шаралар мен тоқсан сайынғы мониторинг нәтижелерiн журналда көрсетедi.
24. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi мамандардың жұмыс сапасы отбасына берiлген балалар санының көбеюi және олардың жартылай стационар және үйде күтiм жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтiк қызмет алуы бойынша бақыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет