6. Қыркүйек ішінде ӘК меңгерушілері бекітілген құжаттар туралы мәліметті БАИ-ға жеткізулері тиіс.
Қолданбалы курстар дегеніміз – бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңейтуге және оларды қандай да қолданбалы мүмкіндігі жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған. Бұл курстарға барлық оқушылардың қатысуы міндетті. Бірақ бағаланбайды. «Меңгереді», «меңгерген жоқ» деп белгіленуі мүмкін. Курсты бітіру есеп берумен: реферат жазып қорғау; баяндама оқу; жоба қорғау т.б. аяқталады.