16. ҚОҒАМДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
16.1. Қоғамды қайта құру (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта ұйымдасу) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
16.2. Қоғам қосылу нысанында қайта құрылуды қоспағанда жаңадан пайда болған заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қайта құрылды деп саналады.
16.3. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешімді акционерлердің Жалпы жиналысы қабылдайды, ол Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кредиторлардың келісімімен және олардың бақылауымен тарату рәсімдерін анықтайды.
16.4. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда Қоғамды мәжбүрлеп тарату жүргізіледі.
16.5. Соттың немесе акционерлердің Жалпы жиналысының Қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады. Тарату комиссиясы Қоғамды тарату кезеңі ішінде басқаруға және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әрекеттерді жасауға өкілетікке ие болады.
16.6. Тарату комиссиясының құрамына Қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де тұлғалар кіруі тиіс.
16.7. Қоғамды тарату рәсімдері мен оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
16.8. Қоғам мемлекеттік тізілімге тиісті жазба енгізілгеннен кейін таратылды деп есептеледі.
17. ҚОҒАМ МЕНШІГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
17.1. Қоғам мүлкін және оған тиісілі құқықты құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
18. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
18.1. Егер осы жарғының ережелерінің бірі жарамсыз болса, онда оның қалған ережелерге қатысы болмайды. Осы Жарғының жекелеген ережелерінің жарамсыздығы оның қалған бөлігін тұтастай жарамсыз етпейді. Жарамсыз ереже заң жол беретін және тиісті қатынастарды реттейтін ережеге ауыстырылады.
18.2. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша енгізілуі мүмкін.
18.3. Осы Жарғыда көрсетілмеген Қоғам қызметіне қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.
19. КҮШІНЕ ЕНУ
19.1. Осы Жарғы мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Акционерлердің Жалпы жиналысының 2007 жылғы «20» маусымдағы Хаттамасының негізінде Қоғам акционерлерінің атынан
Достарыңызбен бөлісу: |