Тақырыбы: Отбасым-бақыт мекенім
Мақсаты: Балалардың отбасы туралы түсініктерін толықтыру. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейте отырып, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: отбасын бейнелейтін мазмұнды суреттер, тілек гүлі,
ленталар, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, доп, үнтаспа, аудиокассета,
бейнетаспа, теледидар, видеокассета
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, әңгімелесу, өзіммен-өзім,
шығармашылық жұмыс, сергіту сәті, дәйексөз, ән шырқайық, достар,
жүректен-жүрекке т.б.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Уақы
ты
|
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
|
(Аудитория іші қаранғыланған, майда жарықшалар жағылған, алтын сандықшадан сиқырлы гүл сөйлейді)
-Қайырлы күн, достар!
-Күніміз сәтті болсын,
-Әдеттегідей мен сіздермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын.
-Қараңыздаршы, барлықтарыңыз сондай қуанышты, бір-бірлеріңізге күліп қарап, жайдары, ақжарқын болып тұрсыздар.
- Сіздердің көздеріңізден мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлық пен сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.
-Қане, достар, бір-бірімізге ыстық ықыласымызды білдіріп, жылы лебіздерімізбен жүрек жылуымызды сыйлайықшы!
|
Балалар кішкене жүрекшелерін бір-біріне сыйлап, тілектерін айтады..
|
5 мин
|
Ізденуші- ұйымдастырушы
Мазмұнды суреттермен түсіндіру.
(Тәрбиеші тақтадағы суретті көрсетіп, әңгімелейді)
Әңгімелеу
«Бес саусақ»
өлеңі. Е.Өтетілеуұлы
Дәйексөз
Тыныштық сәті
Релаксация
(үнтаспадан сазды әуен естіліп тұрады)
Ойын:
«Менің отбасым»
Шығармашылық жұмыс.
Жоба. «Менің жанұям»
Сергіту сәті
Ғажайып сәт
|
-Достар, бүгін біз «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз.
-Қане, осы аялдамадағы суретке қарап, әңгіме құрастырып көрейікші!
-Достарым, біз бүгін бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз.
- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Отбасында кіммен бірге тұрасыздар?
- Дұрыс айтасыздар! Әркімнің сүйікті отбасы болғаны қандай бақыт! Отбасы біздің ата-анамыз, ата-әжеміз, аға-әпкеміз, өмірлік жан серігіміз, бала-шағамыз, біздің бірге тұратын жақын адамдарымыз. Тату, бақытты отбасы болу үшін отбасы мүшелерінің арасында өзара сүйіспеншілік пен сыйластық болу керек.
Бас бармағым - атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы
Ортан терек - әкем, отау панасы,
Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары
Титтей бөбек – балам, бәрінің базары.
Сіздің отбасыңыз қандай?
Бір-бірлеріңізді қалай сыйлайсыздар?
Тәрбиеші: Достарым, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің дәйексөзі:
Туған ұяң ұлағаттың үлгісі,
Түп қазығы ата менен анасы,- деген Рысбай Сәтімбековтың өлең жолдарын алатынын түсіндіреді.
-Сіздер, денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңыздар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер. Ал енді көздеріңізді ашсаңыздар да болады.
Тәрбиеші бір балаға допты лақтырады, допты қағып алған бала отбасы туралы жылы сөз айтады.
Менің отбасым тату.
Менің отбасым мейірімді.
Менің отбасым көңілді.
Менің отбасым еңбексүйгіш.
Менің отбасымның жауапкершілігі мол.
Менің отбасым қамқоршы
Менің отбасымның сүйіспеншілігі мол.
- Достар, қазір біз «Менің жанұям» деп аталатын үлкен газет шығарамыз. (Үйден жинақтап әкелген отбасылық суреттерін басшылыққа алады. Отбасылық өмірлеріне психологиялық ой жүгірту)
Шаршадым «Уһ» дедім,
Ренжідім «Тух» дедім,
Қорықтым «Ой» дедім,
Өкіндім «Ах» дедім,
Шарасыз «Ех» дедім,
Таңырқап «О» дедім,
Кейідім «И» дедім,
Біліп ап «Е» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха» дедім.
-Достар, біз ұйымдастырылған оқу қызметінде үйренген өнегелі сөздерді қайталап көрейікші:
Менің отбасым өте тату, мейірімді.
Менің отбасымның сүйіспеншілігі мол
-Қане, достарым, осы біз отбасымыздағы жақын адамдарымызды ренжітіп, алдаймыз ба?! Онда біз қазіргі тамашалайтын отбасылық өмірге көз жүгіртейікші. Сіздер дұрыс-бұрыстығын ажырата отырыңыздар....( «Отбасы» филімінен үзінді көрсетіледі, оқушылармен пікірлесу жүргізіледі)
-Ал, сіздердің жақындарыңыздың сіздерді қалай, қайтып жақсы көретіндіктерін білгілеріңіз келе ме?! (Бейнетаспадан балалардың жанұялары туралы және де жақындарына айтылған қысқаша тілектері көрсетіледі).
-Достарым менің, сиқырлы гүл қалған балаларға арнайы хат қоржынында алып келіпті. (Қалған оқушыларға жақындарынан келген хат оқылады).
|
Балалардың
жауаптары тыңдалады.
(Балалар өзінің отбасы оның мүшелері туралы оқытушыныңң қойған сұрақтарына жауап бере отырып, әңгімелейді.
Олар өздерінің отбасы мүшелеріне деген мейірімділік, сүйіспеншілік сезімдерімен бөліседі)
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар өз ойларын, қиялында болған жағдайларды еркін айтады.
Балалар өздерінің шығармашылық жұмыстарын әңгімелеп береді.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.
Балалар отбасылық өмірді бейнелейтін кинофильмнен үзіндіні тамашалайды
Балалар білгілері келетіндіктерін айтып, ынта-ықыластарын білдіреді
|
25
мин
|
Рефлексивті- коррекциялаушы
Жүректен-жүрекке
«Ризашылық» әні
|
-Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарындас, ең сүйікті, ең әдемі аға-әпкеміз, ең жүрегімізге жақын жан серіктеріміз бен бауыр етім дейтін балаларымыз туралы әңгімелестік.
Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, құрметтеуі тиіс. Отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп қана қоймай, ренжісе, бірге ренжіп, қуанса, бірге қуанады. Ата-аналарыңыз, жақын адамдарыңыз, туыстарыңыз сіздердің нағыз ұлы тұлға болғандарыңызды қалайды. Сіздерді жақсы көретін адамдарыңыздың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайық.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге!
Ризамыз, ризамыз, ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз, ризамыз, ризамыз қазірге.
Спасибо за сегодня,
Спасибо за сегодня,
Спасибо за сейчас!
Спасибо, спасибо, спасибо за сегодня,
Спасибо, спасибо, спасибо за сейчас.
|
Балалар ынта қойып тыңдайды, оқытушымен бірге пікірлесіп отырады
Балалар шеңберге жиналып, Луиза Хейдің «Ризашылық» әнін орындайды.
|
5 мин
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Отбасы туралы түсінікті;
Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарды.
Игеру керек:
Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын;
Отбасы мүшелерін құрметтеуді, сыйлауды.
Үйрену керек:
Отбасы мүшелерінің сенімі мен еңбегін ақтауды;
Отбасындағылармен әрқашан тату болуды.
Достарыңызбен бөлісу: |