Қолданылатын оқулық


Жаңа сабақты қабылдауға дайындық



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,1 Kb.
#87924
түріОқулық
1   2   3   4
Байланысты:
Табиғатта және тірі организмдердің тіршілік әрекеттерінен жүретін химиялық реакциялар.

1.Жаңа сабақты қабылдауға дайындық
Құбылыстар деген не?
Химиялық реакциялар дегеніміз не?
Химиялық реакциялардың белгілері қандай?
2.Жаңа сабақ
Әлемде химиялық реакциялар деп аталатын сансыз көп процестер жүріп жатады.
Сендер ең әсерлі химиялық құбылыстар табиғатта жүретінін байқаған байқай аласыңдар. Олардың маңыздылығы сонша, егер табиғи құбылыстар болмаса ешқандай тіршілік болмас еді.
Фотосинтез
Алдымен фотосинтез құбылысна тоқталайық. Кез келген өсімдіктің ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттекті бөліп шығаратыны сендерге мәлім:
Көмірқышқыл газы +сглюкоза +оттек
6O2+6H2O=C6H12O6+6O2 жарық әсерінен жүреді
Бұл кезде жапырақта көптеген бағалы заттар түзіледі. Адамдар фотосинтез құбылысын зертханада жүргізіуді іске асыра алмады. Мүмкін бұл құпияны болашақта сендер ашатын боларсыңдар.
Тыныс алу
Тыныс алу –бұл да химиялық құбылыс. Біз өсімдіктерден бөлінген оттекпен тыныстап, көмірқышқыл газын бөліп шығарамыз. Сонымен қатар табиғатта мынадай реакциялар жүріп жатады.
Глюкоза +оттек = көмірқышқыл газы+су
С6Н12О6+6О2=6СО2+6Н2О+энергия
Бұл құбылыс барысында энергия сыртқа бөлініп шығады, бөлініп шыққан энергияны тірі организмдер тіршілік ірекетіне қажетті заттарды синтездеуге жұмсайды.
Шіру
Табиғи химиялық құбылыстарға шіру де жатады.шіру күрделі органикалық заттардың микроорганизмдер қатысында оттекпен әрекеттесу болып табылады. Шірудің маңызы зор: тіршіліген жойған организмдердің құрамындағы нәруыздарды өсімдіктер сіңіре алатындай қосылыстарға айналдырады. Сөйтіп, табиғаттағы заттардың айналымы қайтадан басталады.
Тотығу
Оттек көптеген заттармен белсенді түрде әрекеттеседі. Заттардың оттекпен әрекеттесуі тотығу реакциясы деп аталады. Заттардың оттекпен әрекеттесіп (тотығып) жылу жіне жарық шығара жүретін химиялық реакция жану реакциясы деп аталады. Заттар оттекпен әрекеттескенде оксидтер түзіледі.
Отынның жануы
Отынның жануы нәтижесінде көп мөлшерде жылу және жарық бөлінеді, сондай-ақ газдар түзіледі. Мысалы, табиғи газ жанғанжда су мен көмірқышқыл газы жіне көп мөлшерде жылу бөлінеді. Онымен ас әзірлейміз, жылытуға қажетті жылу аламыз.
Метан+оттек көмірқышқыл газы+су+энергия
CH4+O2 = СО2+2Н2О+Q
Баяу тотығу
Заттардың оттекпен әрекеттесуі кезінде жылу мен жарық байқалмай, баяу жүретін реакцияларды кездеседжі. Мұндай процес баяу тотығу деп аталады. Баяу тотығу нәтижесінде де оксидтер түзіледі.
Егер дымқыл әрі жаңа шабылған шөпті шөмелеге салса, біраз уақыттан соң жылудың және иістің бөлінетінін сезуге болады. Сүттің немес шырыннң ашуы да баяу тотығу реакцияларына жатады. Баяу тотығу кезінде бөлінетін жылудың да игілікті жағы бар. Мысалы ауада шірінді қи тотығады, одан бөлінген жылу жылыжайларджағы топырақтың жылуын сақтау үшін төселеді.Біздің организмде ед баяу тотығу реакциялары жүріп жатады. Мысалы: тыныс алу.Сондай-ақ аспен бірге түскен қоректік заттардың тотығуы.Осы процестердің жүруі қалыпты тіршілігіне қажетті энергия бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет