Қол бұлшықеттерін олардың топографиялық жағдайы мен қызыметтерінің ерекшеліктеріне байланысты иық белдеуі бұлшықеттеріне және қолдың еркін бөлігнің бұлшықеттеріне бөледі. Еркін бөлік бұлшықеттерінің ішінен иық, білек және қол басы бұлшықеттерін бөледі.
Дельтатәрізді бұлшықет (m. deltoideus)
.
Үшбұрышты иық буынын және бірәз иық бұлшықеттерін жауып тұрады.
Басталуы: Бұғананың латералді бөлігі, акромион және жауырын қыры.
Бекітілуі: Тоқпан жіліктің дельтатәрізді бұдыры.
Қызыметі: Иықты көлденең жазықтыққа дейін әкеледі, алдыңғы бұдырларын алға, артқы бұдырларын артқа тартады.
Қылқанүсті бұлшықеті (m. supraspinatus)
Жауырынның қылқанүсті шұңқырын толтыра, траперциятәрізді бұлшықет астында орналасады.
Басталуы: Қылқанүсті шұңқырының беті.
Бекітілуі: Тоқпан жіліктің үлкен төмпешегінің жоғарғы алаңы иық буынының қаптамасы.
Қызыметі: Иыұты әкетеді (көтереді), иық буынның қаптамасн кері тартады.
Қылқанасты бұлшықет (m. infaspinatus)
Дельтатәрізді және траперциятәрізді бұлшықеттермен жартылай жабылған.