Өлең және оның құрылысы
Көркем әдебиет не өлең, не қара сөзбен жазылады. Өлеңмен жазылған көркем шығармаларды поэзия, көркем қара сөзбен жазылған шығармаларды проза деп атайды. Драмалық шығармалар өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. Өлең мен көркем қара сөздің өзара жақындығымен қатар, айырмасы да үлкен. Мұның екеуі де образ арқылы жасалады. Оқушылардың ой-сезіміне сурет арқылы әсер етеді. Өмір құбылысын әдеби образдардың көмегімен танытып, тәлім-тәрбие береді. Эстетикалық сезімімізді оятады. Мысал
үшін, Мұхтардың әңгімесіндегі кешті суреттеген жерінен бір үзінді келтіріп, дәл сол сықылды кешті суреттеген Асқардың өлеңімен салыстыралық.
«Жаздың жайлы кеші. Бойды сергіткен қоңыр салқын леп тынық ауада біліне
бастаған. Зәрі қайтқан күн әлсізденіп, таудан асып, ұясына кіріп барады.
Жұқалаң ұзынша көк бұлт, қызыл сеңдей болып батар күнге ентелеп, қамап тұр.
Қара көк тұңғиық аспан күнбатысқа тақалған жерінде қызыл торғындай
жайнайды. Күннің ақырғы сәулесі түсіп тұрған тау бастары, көлеңке басқан қоңыр
жердің алтын шатырындай нұрланып, қызғылттанады».
Осы кешті суреттеген Асқардың өлеңінен үзінді келтірелік.
Жайқалған жаздың салқын көркем кеші,
Құлпырып масатыдай таудың түсі,
Жұрт үстін қоңыр желмен желпіндіріп,
Көсілген көлегейлеп көлеңкесі.
Көлеңке көңілді жер, көгал төсек,
Табиғат тамылжытып қойған төсеп,
Отырып осы жерде өңкей жастар,
Комсомол
хатшысынан тыңдайды есеп. (Асқар)
Міне, соңғы үзінді алдыңғы
үзіндіден құлаққа екінші түрлі естіледі. Өлең сөйлемінің құрылысы, қара сөзден
қалай айырылады, енді соны көрелік. Бірінші үзіндіде сөйлеу, дыбыс жағынан паузамен (кідіріс) бір-бірінен айырылатын сөйлемдерге бөлінеді. Мұны (бөлінісін) араларына қос сызық белгісін қойып, бөліп көрелік. Мысалы: / «Бойды
сергіткен/ /қоңыр салқын леп/ тыныш ауада біліне бастаған»/ т.б. бұл
сөйлемдерде де, сызық пен бөлінген жерлердің өз іштерінде де буын сандары
бірдей емес. Біреуінде аз, екіншісінде көп, айнымалы.
Асқардың «Күзетте» поэмасынан әлгі үзіндіні алып, оның буынын санап
көрейік. Бұл өлеңнің буынын санасақ, барлық жолы да он бір буыннан тұрады.
Мысалы:
3 4 4
/Жайқалған/ /жаздың салқын/ /көркем кеші./
3 4 4
/Құлпырып/ /масатыдай/ /таудың түсі./
3 4 4
/Жұрт үстін/ /қоңыр желмен/ /желпіндіріп,/
3 4 4
/Көсілген/ /көлегейлеп/ /көлеңкесі./
Сөйтіп, өлең сөйлемдерінің құрылысы қара сөздердің сөйлем құрылыстарынан басқаша. Өлең сөйлемдерінің буын, бунақтарын алсақ, белгілі бір тәртіпке бағынатындығын көреміз. Егер ол тәртіп болмаса, сөйлем өлеңдік қасиетінен айырылады. Демек, бұл өлең құрылысының өзіне тән бір заңдылық барлығын аңғартады. Қара сөздерде буын, бунақтарының белгілі бір тәртіпке бағынып отыруы шарт емес. Бір сөйлемдегі буын, бунақтар бір түрлі болса, екінші сөйлемде мүлдебасқаша болуы мүмкін. Ол қара сөздің көркемдік қасиетіне ешбір нұқсан
келтірмейді. Сондықтан өлеңнің буын, бунақтарының белгілі бір тәртіпке бағынуы неменен байланысты деген сұраққа жауап беруіміз керек.
Ырғақ, жалпы алғанда, белгілі бір мезгілде бірдей қайталанатын қимыл. Ол қимылдың бір мезгілдің ішінде бірдей қайталайтындығын көзімізбен көруге, құлағымызбен естуге, денемізбен сезінуге болады. Жүрек ырғақпен соғады. Мысалы, бір секундта сау жүрек бір соғады десек, екінші секундта сол қимылды тағы қайталайды. Дәрігердің адам тамырын ұстауы - жүректің соғу нормасының қалпын тамыр арқылы білу деген
сөз, ырғағын байқау, яғни белгілі бір мезгілде жасайтын қимылын жүрек жасап тұр
ма, жоқ па, соны білу деген сөз. Ол болмаса, ырғақтың бұзылғаны. Онда жүрек сау
емес.
Мезгілдің ең аз мөлшерін көрсететін сағаттың секунды десек, ол бір секундта
бір қимыл жасайды, бір дыбыс береді. Дыбыс қимылға, қимыл дыбысқа тепе-тең. Осы
тепе-теңдік - сағаттың ырғағы. Егер сол тепе-теңдік сақталмаса, ырғақ жоқ.
Сағатты тыңдаушылық - сол белгілі бір мезгілде қайталанатын қимылды іздеушілік.
Ырғақ музыка, сөз өнерлерінде де ерекше орын алады.
Музыка, сөз өнерлеріндегі ырғақтың шығу тегін зерттеушілер еңбекке негіздейді.
Адам баласының еңбегін жеңілдету, өнімін арттыру арттыру ісінде ырғақтың рөлі
үлкен деп бағалайды. Алғашқы адам баласы ауыр нәрсені көтеру керек болғанда, әу
десіп күш қосу үшін шартты түрде белгілі бір дыбыс шығарып, сол дыбыстың айтылу
мезгіліне сай қимыл жасау арқылы күш біріктірген, осы тәрізді еңбек процесінің
нәтижесінен ырғақ туған дегенді айтады.
Плеханов өзінің «Адрессіз хат» атты еңбегінде еңбектің искусствоға аға
екендігін, яғни искусство еңбектің негізінде туғандығын, дәлелдеу үшін алғашқы
жабайы не жартылай жабайы адамдардың өмірінен көптеген мысалдар келтіреді.
Адам баласы алғашқы егін еге бастағанда, сол еңбегі өнімді болуы үшін
ырғаққа негізделген қимыл жасаған: егіске шығушылардың бірқатары ағашпен жер шұқып, дән тастайтын шұқыр жасаса,
екіншілері сол шұқырға дән тастап отыратын болады. Ал үшіншілері ырғаққа
негізделген дыбыс, ән айту жұмысын атқарады. Біріншілері де, екіншілері де
ырғаққа ілесіп отыруы шарт. Сөйтіп, егін егу еңбегі, ол еңбектің өнімді болу
тілегі - ән негізі ырғақты туғызды. Алғашқы адамдар ән салу үшін егін еккен
жоқ, егін егу процесін тездету, еңбегі өнімді болу үшін ырғақты, әнді
пайдаланды. Демек, еңбектің негізінде искусство туды дейді.
Дәл осы тәрізді әннің күш біріктіру үшін, коллективтік ауыр жұмысты
жеңілдету үшін кейінгі кездерде де әнді пайдаланғандығын орыстың «Дубинушка» атты әні толық
дәлелдейді. Әннің бас жағында: «Күштеріңді аямаңдар!» - дей келіп, аяғында бәрі
қосылып: «Эх, дубинушка, ухнем», - деп бітіреді. Бәрі бір мезгілде айтумен
қатар, бір мезгілде қимыл да жасайды.
Адам қоғамының даму жолында көп уақыттарға дейін ән, би, сөз т.б.
искусствоның түрлері бір-бірінен бөлінбей келіп, кейінірек қана бөлектелген.
Бірақ искусствоның негізгі салаларына тән бір ерекшелік - ырғақты әрқайсысы
сақтап қалған. Әсіресе, музыка, би, өлең өнерлерінде ырғақ айрықша орын алады.
Өлең жолдарындағы белгілі бір бөлшектің бірыңғай дәлме-дәл қайталаушылығын өлеңнің ырғағы дейді. Мысал үшін он бір
буыннан құралатын өлеңнің бір-екі жолын алалық:
3 4 4
/Жұрт үстін/ /қоңыр желмен/ /желпіндіріп,/
3 4 4
/Көсілген/ /көлегейлеп/ /көлеңкесі./ т.б.
Біз бұл үзіндіден әр жолда дауыс үш рет кідіріс жасайтынын және бір үш
буынды бөлшектерден құралғандығын, сонымен қатар бірінші жолдағы дауыс кідірісі, бөлшектер екінші жолда да дәлме-дәл қайталайтынын көреміз. Осылар тәрізді өлең жолдарындағы белгілі бір бөлшектердің бірыңғай қайталануын өлеңнің ырғағы деп ұғынуымыз керек. Қазақ өлең құрылысында бұл буын, бунаққа, орыс өлеңдерінде екпінді, екпінсіз буындардың кезектесіп келіп, бірдей қайталануына, метрикалық өлең құрылыстарында дауысты дыбыстардың созылыңқы, қысқа айтуларына негізделінеді.
Ырғаққа негізделінген сөз, сөйлем құлаққа жұғымды, көңілге қонымды, айтайын деген ой-сезімді басқаларға жеткізуде болсын не олардың есінде әрі тез, әрі көп сақталу үшін мәні зор. Ескі заманда туған ауыз әдебиеті нұсқаларының өзінен де бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, қазақ халқының арғы дәуірінен келе жатқан, ескі көп дінге сенушілік санасының бір сарқыншағы «күн жайлату»,«бұлт шақыру», «жылан арбау», «бәдік айту» тәрізді жырларын алсақ, мазмұны еш
нәрсеге арзымайтын, тұзсыз нәрселер болса да, сөйлемін ырғаққа құрушылық, дыбыс әуезділігіне ерекше көңіл бөлушілікті байқаймыз. Ал мақал, мәтелдер, жұмбақтар, негізінде, қара сөз болса да, ырғағы, ұйқасы айқын сезіліп, кейбіреулері өлеңге жақындап қалады. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді», «Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар», «Ұштым, ұшпаққа шықтым, тептім, терекке шықтым», «Алдымда да шоқ қамыс, артымда да шоқ қамыс», «Бір қолымда илі қайыс, бір қолымда исіз қайыс» (атқа мінуді жұмбақтау. Үзеңгі, ердің қастары, қамшы, жүген).
Жоғарғы айтылғандарды қорыта келгенде, өлеңнің қара сөзден негізгі бір
айырмасы ырғағында, өлең сөйлемдерінде ырғақтың берік сақталуында. Кейбіркөркем қара сөздерде ырғақтың күштілігі аңғарылады, бірақ ол өлеңдегі тәрізді қатал сақталынатын заңдылыққа бағынбайды. Бір жерде ырғақты болып келсе, екінші жерде сақталмайды және ырғақты бұзушылықтан шығармаға кемшілік те келмейді. Егер бір шығарма басынан аяғына шейін ырғаққа құрылса, оны ұйқассыз өлең не ырғаққа негізделген қара сөз дейді. Қалай болғанда да олардың шын мәніндегі өлеңдік дәрежеге жете алмай жатқандығы аңғарылады.
Көркем қара сөзден өлеңнің ерекшелігі - ұйқасында. Өлең жолдарының аяққы дыбыстарының не бірнеше буындарының құлаққа бірыңғай естілушілігін өлеңнің ұйқасы десек, ондай берік сақталатын ұйқастар қара сөздерде болмайды. Кейбір сөйлемдердің аяғында кездесетін ұйқас тәрізді, құлаққа бірыңғай естілетін буын не дыбыстар өлеңдегідей айқын сезіліп, сезімге әсер етпейді. Сондықтан қара сөздер ұйқассыз көркем шығармалардың түріне жатады.
Өлең шығармалардағы ырғақтың айқын сезілушілігі тек қана бунақ
(қайталанатын жол бөлшектері), буындардың бірыңғай келулері ғана емес, бунақ,буын жасайтын дыбыстарға да байланысты. Неғұрлым буын, бунақтардың дыбыстары әуезді болып келсе, солғұрлым ырғақ айқын сезіледі. Дыбыс әуезділігі ашық естілетін дауысты дыбыстарға немесе созылыңқы естілетін ұяң дыбыстарға негізделінеді.
Сөзге не либреттоға музыка жазушы композиторлар бұл мәселеге тым талғампаз келеді. Сөйтіп, ырғаққа негізделген, синтаксистік біткен бір ойды білдіретін шумақ жолдарында буын, бунақтары дәл қайталанып, жол аяқтары ұйқасқа құрылатын көркем шығармалардың бір түрін өлең дейміз.
Бұл айтылғандар ең алдымен өлеңнің түрінің қара сөздерден ерекшелігі болып табылады. Шын мәнінде өлең болу үшін сол айтылғандарға қосымша, өлеңнің терең мазмұны, адамның эстетикалық сезіміне әсер етерлік құдіреті, күші болуы керек.
Шын мәніндегі өлеңге тән ерекшелікті қазақ әдебиетінің классигі Абай тамаша дұрыс айтқан.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы.
Демек, ырғаққа, буын, бунаққа, ұйқасқа негізделген өлең сөздер, шын мәніндегі өлең дәрежесіне жету үшін «іші алтын, сырты күміс», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік» қасиеті болуы керек.
Көркем әдебиет не өлеңмен, не көркем қара сөзбен жазылады дедік. Бір елдің әдебиетінің ержеткендігінің, профессионалдық әдебиет дәрежесіне
көтерілгендігінің негізгі бір белгісі деп поэзиясымен қатар, үлкен прозасы,
бойжеткен драмасының барлығы саналады. Ол дұрыс. Бірақ көп елдердің тарихын алсақ, прозаның да, драманың да жұмысын көп ғасырлар бойы өлең - поэзия атқарып
келген. Көркем әдебиет дегенде, тек поэзияны ғана атауға болатын дәуірді де
көркем әдебиет бастан кешірді. Өйткені проза, драмалар одан анағұрлым кеш туды.
Өмірдің әр алуан құбылысын, адамдар арасындағы тартыс, қарым-қатынастарды
көркемсөз өнері арқылы басқаларға жеткізу тілегі ең алғашқы рет өлеңмен
жасалғандығын білеміз. Ең ескі, антик дәуірінің әдебиетін тексергенде, оның
бастамасы ретінде «Еңбек жырларын» алады.
Ескі гректе көп жылдарға созылған Троян соғысын суреттейтін Гомердің үлкен
эпопеясы «Илиада» мен «Одиссея» өлеңмен жазылды. Сол көне замандағы Эсхил,
Софокл, Эврипид трагедиялары, Аристрофанның комедиялары - бәрі де өлеңмен
жазылды.
Әр халықтың ауыз әдебиетіндегі қысқа лирикаларды былай қойғанда, эпостық,
лиро-эпостық ұсақ поэмалар тек өлеңмен жырланып және кейінгі ұрпаққа сол өлең
түрінде сақталды.
Бергі, мәдениеттің өскен дәуіріндегі әдебиетке шолу жасасақ та, эпостық
ұзақ романдар мен драмалардың да өлеңмен жазылғанын білеміз. Шекспир, Шиллер,
Грибоедев, Пушкин сықылды данышпан ұлы жазушы, ақындардың көптеген драма,
трагедиялары өлеңмен жазылды.
Қазақ, қырғыз тәрізді мәдениеттен кенже қалып келген елдердің күні кешеге
шейін жетекші әдебиет саласы өлең болып келді. Ұлы Октябрь револциясына дейін
бізде көркем қара сөздің тек әлсіз бастамасы ғана болды десек, драма мүлде
болған жоқ. Шын мәніндегі көркем қара сөз совет дәуірінде дамыды.
Қазақ халқының тарихында өлең тек қана көркем қара сөздің, драманың жұмысын
атқарып қана қойған жоқ, ой-пікірді өрістету, халықтың өткен тарихтағы ерлік
істерін жырлау, патриоттық тәлім-тәрбие беру тағы басқа толып жатқан әлеуметтік
мәні зор жұмыстар атқарды.
Біздің әдебиеттану ғылымында бұрынғы не соңғы поэзиямыздың жеке нұсқаларын,
даму жолдарын зерттейтін еңбектер болса да, қазақ өлең құрылысын жалпы алып, әр
жағынан терең зерттеген монографиялық еңбектер жоқтың қасы.
Сондықтан бұл мәселе айрықша тоқталып, мүмкін қадар кеңірек байымдауды
қажет етеді.
Әр елдің өлең құрылысы, тіршіліктеріне, әртүрлі шаруашылық сатысына, тіл
ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады. Дауысты дыбыстары ұзын, қысқалы болатын
тілдер бар. Бұл тілдерде дауысты дыбыстың ұзыны, жай дауысты дыбыстың екеуіне
тура келеді. Мұндай тілдердегі өлең құрылыстары, созымды дыбысы бар сөздер мен
созымсыз дыбысы бар сөздерді реттеп құрастыру арқасында жасалады. Мысалы, араб,
парсы, латын тілдері сияқты тілдер. Мұндай өлең құрылысын метрикалық өлең құрылысы дейді.
Екінші бір тілдерде буын екпін
заңымен құралады. Мысалы: орыстың өлең құрылысы. Орыс тілінде екпінді буын
(екпін тұрған буын) бір сөздің басында келсе, екінші сөздің ортасында, үшінші
сөздің аяғында, тіпті бір сөздің өзінде де бір жерде тұрмай, әр буынға көшіп
жүреді. Мұндай тілдерде екпінді буын, екпінсіз буындарды реттеп орналастыру арқасында құралады. Мұны тоникалық өлең құрылысы дейді. Орыс өлең құрылысын тоникалық немесе силлабо-тоникалық өлең құрылысы деп атайды.
Үшінші бір тілдерде екпінді буындар сөздің бәрінде де, не көбінесе бірыңғай баста, не аяқта келеді. Мұны силлабикалық өлең құрылысы дейді.
Мысалы: француз, чех тілдерінде де екпін аяққы буында келеді. Бұлардың
өлеңдері екпінмен емес, буынмен өлшенеді. Бұлардың өлең құрылысын силлабикалық өлең құрылысы деп атайды. Қазақ тілінде екпін буыны сөздің аяғында не аяғына
жалғас буында келеді. Екпін буыны аяғында келетіндігіне қарағанда, қазақтың
өлең құрылысы француз өлең құрылысына ұқсас.
Қазақ өлең құрылысы да силлабикалық өлең құрылысына жатады. Демек, қазақ тіліндегі өлең шығарудың негізгі шарты буын санын бірдей келтірумен орындалады. Қазақ өлең құрылысының негізі буында. Өлшеуіші - буын. Бірақ бұл өзгермей бекіп қалған нәрсе емес. Өзгеруі мүмкін нәрсе. Сөйтсе де қазіргі дәуірде әлі буын заңы күшті. Әзіргі өлең құрылысымыз, көпшілігінде буын заңына бағынған құрылыс. Ол талассыз. Біз енді сол буын құрылыс заңдарына тоқтаймыз.
Өлең құрылысы әртүрлі. Бұлардың сыртқы түрімен де танысуымыз керек. Түрді білу – түршілдік емес. Түрді мазмұннан бөлу алу - түршілдік. Түрді білу, түрді мазмұннан бөліп алу екеуі екі басқа нәрсе, бұл есте болуы керек. Сондықтан өлеңнің сыртқы құрылыстарына біраз тоқтап өтуге тура келеді. Бірнеше жолдар мағына жағынан, дыбыс үйлестігі (ұйқас) жағынан қиюласып келіп шумақ құрайды. Өлең сөйлемдеріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін шумақ деп атайды. Шумақ болу үшін өлең жолдарының көбі не азы шарт емес, синтаксистік бір ойдың бітуі шарт. Қазақтың бір ауыз өлең дейтіні бір шумақ болады. Өйткені айтайын деген ой бітеді.
Мысал үшін мына бір халық өлеңін алсақ, бір-ақ ауыз өлең және ой бітіп тұр. Сондықтан ол біршумақты өлең болады.
Хат жаздым қалам
алып қауырсыннан,
Қаршығам қаз
іледі бауырсынан.
Шақырса тауда
тарлан таңсәріде,
Еділде бұғады
үйрек дауысынан.
Синтаксистікойдың бітуіне қарай, шумақ та әртүрлі болады. Ол екі жол өлеңнен бітсе, екі тармақты шумақ, үш жол өлеңнен бітсе, үш тармақты шумақ, төрт жол өлеңнен бітсе, төрт тармақты шумақ деп аталады. Тармақ саны бесеу де, алтау да, он да, оннан да көп бола береді. Ол - ойдың бітуіне қарай.
Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Шумақта тармақ екеуден кем болмайды. Тармақ деп өлеңнің бір жолын айтады. Өлең тармағы түрлі-түрлі. Мысал үшін бірнеше үзінділер келтірелік:
1) Екі тармақты шумақ
Жанған шамым, шам шырағым,
Сенсің менің атқан таңым!
Сен жалғызым, сен күнімсің
Көкте жанған жұлдызымсың!
(Бесік жыры)
2) Төрт тармақты шумақ
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
(Абай)
Міне, осылар сықылды өлеңнің әр шумағы екі жолдан не төрт жолдан тоқтап, ой аяқталып отырса, екі тармақты не төрт тармақты өлең дейді. Басқалары да осылар сықылды. Айырмасы, тек тармақтарында. Сондықтан біз әрқайсысына жеке-жеке тоқтап жатпай, мысалдарын ғана келтіреміз.
3) Алты тармақты шумақ
Бойы бұлғаң, Бетті бастым,
Сөзі жылмаң, Қатты
састым,
Кімді
көрсем, мен сонан Тұра
қаштым жалма-жан.
(Абай)
4)
Жеті
тармақты шумақ
Сен мені не етесің, Және алдап,
Мені
тастап,
Арбап,
Өнер
бастап, Өз бетіңмен
кетесің.
Жайыңа
(Абай)
5)
Сегіз
тармақты шумақ
Алыстан сермеп, Қисынын тауып,
Жүректен тербеп, Тағыны
жетіп қайырған.
Шымырлап бойға жайылған; Толғауы
тоқсан қызыл Қиуадан шауып,
тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
(Абай)
6) Он тармақты шумақ
Бұл күнде сен
Түйе орнына
Бақыттысың, Темір
жолдың,
Бостандықтың От
орнына
Ақынысың, Электрдің,
Сал көзіңді алысқа! Шыққанын жаз, қалыспа!
(Әбділда, «Тараспен әңгіме»)
Тармақтың бұл келтіргендерден басқа да түрлері көп. Жоғарғы мысалдарды үлгі үшін ғана келтіріп отырмыз. Өлеңнің неше тармақтан тұратыны көзге көрініп тұрған нәрсе болғандықтан мына үлгілерге қарап, айыру қиын емес.
Өлеңнің бір жолын тармақ деп атадық. Өлеңнің бір тармағында бір не бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Дауыстың соқпа-соқпасының арасын сызықпен белгілеп, бір-екі мысал келтірелік:
1)
/Майдалай/ /соқса майдың/ /қоңыр лебі,/
/Балауса/
/балбырайды/ /жер желегі./
/Тау
қалғып,/ /құз құлазып,/ /орман тынып,/
/Шомғандай/
/терең ойға/ /бәрі тегі./
(Асқар)
2) /Білімдіден/
/шыққан сөз/
/Талаптыға/
/болсын кез./
/Түрін,
сырын/ /көруге/
/Көкірегінде/
/болсын көз./
(Абай)
3)
/Бойы бұлғаң,/ /Бетті бастым,/
/Сөзі
жылмаң,/ /Қатты састым,/
/Кімді көрсем,/ /мен сонан/ /Тұра қаштым/ /жалма- жан./ т.б.
(Абай)
Осы келтірілген сызықтың аралары бунақ болады.
Біз бұлардың әрқайсысына жеке-жеке
мысалдар келтірелік.
1. Екі бунақты тармақ
/Мүйізді қара/ /жұдырық/
/Тоқпақтай боп/ /жұмылып,/
/Бүлкілдеген/ /бұлшық
ет/
/Денеде бұлт-бұлт/ /жүгіріп/
/Баттасқан болат/ /буындар,/
/Түтін шалған/ /отты
көз/
/Еңбекке төніп/ /үңіліп,/
/Бір жарықты/ /көруге/
/Күні кеше/ /ынтық
ед./
(Сәбит)
Қазақ әдебиетіндегі
жыр, желдірме деп атап жүрген өлең шығармалардың көбі екі бунақты өлеңге
жатады.
2. Үш бунақты тармақ
/Атадан/ /Біржан сал
боп/ /тудым артық./
/Ұраным/ /Ер
Қарқабат,/ /Алтай Қарпық,/
/Аққумен/ /аспандағы/
/ән қосамын,/
/Шығарсам/ /ащы/
күйді/ /түптен тартып./
(Біржан
сал)
Жұрттың қара өлең
деп айтатын өлеңдерінің бәрі де үш бунақты өлеңге жатады.
3.Аралас бунақты
тармақтар
Біздің жоғары келтірілген мысалдарымыздың қайсысын алсақ та, әр тармағындағы бунақ не екі, не үш бунақтан аспайды. Әр жолдың бастапқы бунағы екеу болса, басқа бунақтары да екеу; үшеу болса, үшеуден келіп отырады. Бірақ өлеңнің бәрі бұлай бола бермейді. Кейде өлең шумағының бір тармағында бунақ үшеу болса, екінші тармағында екеу не біреу болып, аралас келетін де өлеңдер болады. Мұндай өлеңдер ескі ауыз әдебиетінде, осы күнгі поэзиямызда да кездеседі. Бұлар бұрынғы өлеңдерде, көбіне әнге салынып айтылатын өлеңдерде табылады. Мысалы:
/Бір толарсақ,/ / бір тобық/ / санда болар,/ /жар-жар/
* * * * * * * * * * * *
«Әкем-ай, - деп жылама байғұс, қыздар,
жар-жар,
Әке орнына қайын атаң онда болар,
жар-жар, т.б.
(Аужардан)
/Біз отанның/
/ұланы,/
/Бейбітшілік/
/сақтаған/
/Тап қорғаны,/
/қырағы,/
/Қамал бұзған,/
/қайтпаған,/
/Нұрланып,/
/Сырланып/
/Атты өмір зор
таңы,/
/Бір, екі, үш,/
/Аттай түс,/
/Комсомолдар
ұрпағы./
(Пионерлер
өлеңдерінен)
Міне, «Комсомолдар
ұрпағы» деген өлең шумақтарының бунақ сандары бәрі бірдей емес. Бір тармағы екі бунақтан, кей тармағы бір бунақтан құралады (басқа тармағы бір бунақтан құралғанда, бір тармағы үш бунақтан құралатын да өлеңдер болады. Мысалы, жоғарғы келтірген «Аужар» т.б.) осылар сықылды, өлеңнің бір шумағындағы тармақтарының бунақ сандары кейде аз, кейде көп болып отырушылығын аралас бунақты өлең дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |