Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
Жергілікті газетке «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.
Олимпиаданың І кезеңі 11 – сынып
Эссе тақырыбы
1. Елдің ертеңі – жастар.
2. ХХІ ғасырдың білім кеңістігі қандай болмақ?
3. Аққулар қонған айдын көл (экология тақырыбы)
4. Еуразия кіндігі атанған Астана
Олимпиаданың ІІ кезеңі.
Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз.
Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды
2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, 2016 жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы жазады.
2016 жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері – Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға артқан.
Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі
Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге табыс тапты.
Қазақстандағы туристік фирмалар табысы
Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар 2016 жылы шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ, көрші Ресейден, Түркия және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда.
2006 жылдың маусым айы мен 2016 жылдың маусым айы аралығындағы Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлеміне салыстыру жасаңыз. Туристердің саны артып не кемуіне не себеп болуы мүмкін? Болжап көріңіз.
Суреттегі ақпаратты саралай отырып, Қазақстан туризмі туралы мәтін жазыңыз (150 сөз), оған тақырып қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |