Өлкетану жұмыстарын мектепте ұйымдастыру бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру



Дата06.02.2022
өлшемі22,08 Kb.
#75640
түріБағдарламасы

Өлкетану жұмыстарын мектепте ұйымдастыру бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру
Ф.Б. Ғалымжанова
ББП ППҚ кафедрасының аға оқытушысы

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Елбасымыз 2017 жылы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын айтқан болатын. Тәуелсіз еліміздің оқушы және студент жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Солардың бірі - тарихи өлкетану жұмыстарын пайдалану арқылы тәрбиелеу.


Қазақ елінің кез келген аймағынан ежелгі, ортағасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді немесе деректерді көптеп кездестіруге болады. Мәселе соларды танып біліп, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, оларды жастар тәрбиесінде тиімді пайдалана білуді үйренуде.
«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», - деп көрсетті Елбасымыз.
Сол бағдарламаға сәйкес берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру және өткізу» білім беру бағдарламасы әзірленді.
Бағдарлама орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру мен жүргізуге бағытталған. Бағдарламаның мақсаты орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру мен жүргізудегі орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.
Бағдарламаның міндеттеріне өлкетануды оқыту мәселелері бойынша теориялық даярлығын қамтамасыз ету; орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыларды игеру мен өлкетану жұмысын басқарудағы құзыреттілік амалдарды зерделеу; тәрбие жұмысындағы шығармашылық, рухани-адамгершілік, отаншылдық және көшбасшылық, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруды тиімді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен белсенді тәсілдерді игеру;
«Тәрбие және білім» бағдарламасы аясындағы «Өлкетану» бағыттарының міндеттері мен базалық көрсеткіштеріне сәйкес тәрбие жұмысының мазмұны мен құрылымын құру бойынша дағды қалыптастыру.
Курс барысында тыңдаушылар нормативтік құқықтық актілермен танысады, Мемлекет басшысының 5 қазан күнгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауымен толық танысады, өлкетану жұмыстарын жүргізу бойынша тәрбие шараларын ұйымдастырудың заманауи түрлерімен, стратегияларымен, Жалпыадамзаттық мәдениет, тарих және ұлттық дәстүр құндылықтарына баулу негізінде оқушыларға құзырлы тұлғалық тәрбие беруді жаңарту жолдарымен, Туған өлкенің тарихын зерделеу, Оқу пәндерін (Қазақстан тарихы, География, Биология, Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Музыка, ) оқытудағы өлкетану мен өлкетанушылық тәсілдермен, Өлкетану жұмысын ұйымдастырудағы қауіпсіздік ережесін сақтау, «Білім беру ұйымын цифрландыру»: электронды үкімет порталымен жұмыс (EGov)». «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу», Жоспарлау. Жоспарлау түрлері. Өлкетану бойынша тиімді оқыту стратегиялары. Өлкетану курсы бойынша белсенді оқу әдістерімен, Қазақстандағы туризм негіздерімен танысады, сондай-ақ Өлкетану оқулығымен танысып, талдау жұмыстарын жүргізіп, тапсырмалар құрастыру, оларды қалай түрлендіру жолдарын меңгереді, оқу мақсаттарымен жұмыс жасайды. Курс барысында Өлкетану бойынша сабақ жоспарлап, оған таныстырылым жасап, қорғайды және алған білімдерін бекіту мақсатында курс соңында тест жұмысы өткізіледі.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларда отаншылдық пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін білумен қатар елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай алдыңғы орынға білім беру сапасын арттырудың дәстүрлі міндеттерін жылжыта отырып, оқу-тәрбие процесіндегі басымдықтарды өзгертуді ғана емес, сол сияқты бірінші кезекте мектептің қоғамдағы балалар мен жасөспірімдердің тұлға мәдениетін, бейімі мен өзін-өзі іске асыруын қалыптастыруда педагогикалық күш салуын талап етуде.
Мектептің жаңаша түрленуінде ең басты міндет – педагогтардың, оқушылар мен ата-аналардың арасындағы өзара ізет, құрмет, ынтымақтастық принциптерінде оқу-тәрбие міндеттері кешенді шешілетін әлеуметтік-мәдени, пәндік білім беру ортасын құру. Бұл бағыттар Қазақстан Республикасының білім, ғылым және тәрбие саласындағы заңнамалық актілерінде көрініс тапқан. Заманауи мектеп өз қызметтерін іске асырудың түрлі жолдарын іздестіруде, олардың бірі - жаңашыл іс-әрекет. Жаңарту – жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгерту; түрлі бастамалар мен жаңашылдықтар негізінде туындайтын маңыздылығы өзекті жаңадан пайда болған туынды. Оқыту процесіндегі тәрбие білім алушыларды интеллектуалды, және ең бастысы қызығушылықтарын ескере отырып креативтік, жеке танымдық қабілеттерін дамытумен байланысты. Оқу материалын меңгеру тек таным аясын дамытып қана қоймайды, сол сияқты ұйымшылдық, дербестік, шыдамдылық, іскерлік, еңбексүйгіштік, тәртіптілік сияқты тұлғалық қасиеттері мен сапаларын қалыптастырады.
Тыңдаушылар курс соңында: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектептегі өлкетану жұмысының негізі міндеттері, бағыттары мен қағидаларын, қосарлы пәндер мен туған өлкенің мәдениеті, өлкетануды оқыту мен насихаттаудың тиімді әдістерін біледі; елдің тұтас дамуы, өлкедегі тарихы және мәдени оқиғалар, жекелеген елді мекендердегі дамудың өзара байланысы туралы тұтас көзқарас қалыптастыру, туған өлке туралы білімді дамыту бойынша тәрбие шараларын ұйымдастыру стратегиялары (қандай шара түрлерін ұйымдастыруға болатынын, оның өткізілу формалары) мен белсенді тәсілдерді тәжірибеде қолдана алады; орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу дағдысын, музей қызметін дамыту дағдысын, оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық компьютерлік технологияларды меңгереді. Курс барысында жеке, топтық, жұптық жұмыстар, ақпараттарды түрлі дереккөздерден іздеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеу, жалпы мұғалімдерге өлкетану бойынша жан-жақты жұмыс жасай алуға мүмкіндік береді. Осыған орай бүгінгі күні ата-бабалар одан бұрынғы ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру — Қазақстан халқының міндеті. Сондықтан «қазақстандық патриоттық тəрбие» деген ұғым тек қана айтыла салатын, дерексіз ұғым емес, ол, ең алдымен, нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, əлеуметтік мəдениетті түсініп, білетін, соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рухтағы белсенді адамдарды тəрбиелеу үшін керек.

Каталог: wp-content -> uploads -> online -> статьи%20на%20Teach-in -> Өлкетану
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Өлкетану -> «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚбаи-ның «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет