Қолөнер-мол өнер. Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің шығу және даму тарихы



бет1/2
Дата17.02.2017
өлшемі0,55 Mb.
#9543
  1   2
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................……....3
1. Қолөнер-мол өнер. Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің шығу және даму тарихы.

    1. Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы және түрлері...............................................................................……..6

    2. Қазақ кесте өнерінің шеберлері......................................……19


2. Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері.

    1. Кесте өнері және оның түрлері,қажетті құрал-жабдықтар,тігу технологиясы........………………………………....22

    2. Шығармашылық жұмыс,ізденіс жолдары,жұмыстың орындалу барысы.…………………………………..…………………….35


3. Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі.

    1. Үйірме жұмысының жылдық-күнтізбелік жоспары.....…..36

    2. Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ

жоспары.............................................................................................40

    1. Сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша оқушыларға эстетикалық тәрбие беру процесі………………………………….45


Қорытынды........................................................................................49

Әдебиеттер.........................................................................................52

Қосымшалар


Кіріспе


«Шеберлінің қолы-алтын» – деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып,жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр.Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып,жалыұпен қайта қауышып,жүректерден орын алуда.

Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып,шеберлігін дамытуға осы дипломдық жұмыстың әсері болар деген сенімдемін.Бұл дипломдық жұмыста кесте өнерінің шығу даму тарихы,кестенің түрлері,олардың жасалу,тігілу технологиясы, қажетті құрал-жабдықтары жазылып көрсетілген.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып,олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп,толық дәрежеде игеру қажет.

Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бенелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Мен дипломдық жұмысымда Сәндік қолданбалы өнердің бір турі кестелеу өнерін оқушыларға үйретіп,тігу жолдарын,әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып,оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Тақырыптың көкейкестілігі: өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне , әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы,көзқарасы,идеясы қалыптасады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие.Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып,оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дипломдық жұмысымның мақсаты: Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында кесте тігудің технологиясын үйрету арқылы олардың халық өнеріне деген сүйіспеншілігін дамыту,эстетикалық талғамын арттыру.Қолда бар халық қолөнерінің нәрін тиімді пайдаланып,оны ізденімпаздықпен жаңарта отырып келешек ұрпақтың бойына сіңіру.


Дипломдық жұмысымның міндеттері:

- Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмысы кезінде кесте тігу өнерінің теориялық негіздерін айқындау.

- Оқушыларға кесте тігу барысында әр түрлі ою өрнектер нақыштарын қолдануды үйрету.

- Толық тігіліп біткен жұмысты безендіру әдістерін үйрету.

Зерттеу жұмысының обúектісі: Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс үйірме жұмысы.

Зерттеу нысанасы: Бейнелеу өнерінің түрі сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша кесте тігу өнерін игеру жолдары.

Жұмыстың әдістемелік жаңалығы:



  1. Кесте тігу өнерінің мектептегі сыныптан тыс үйірме жұмысы барысында жүргізудің жолдары мен әдістері айқындалады.

  2. Кестеленетін жұмыстың мұражай экспонаты ретінде дайындалуы қаралады.

Практикалық құндылығы: Дипломдық жұмыстың жазба бөлімінде берілген мәліметтер: кесте өнері, кесте өнерінің түрлері, кесте тігу өнерінің технологиясы, жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс үйірме жұмыстарында, сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасайтын шебержаналарға көмекші құрал ретінде пайдалануға қажет.

1.1.Қазақ Сәндік қолдабалы өнерінің тарихы және түрлері.

Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.

«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.

Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.

Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті.

Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді.

Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.

Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т.б. бұйымдар) Ағаш , тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т.б.

Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.

Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.

Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады.Қазақтың ұста, зергерлерікөркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.

Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс» және «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарады.

Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады.

Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарады.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу).

Өрмек тоқу.Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым әдісі, яғни оны тоқу станогы десе де болады. Күрделі техникасыз, кез келген жағдайда қолданып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің екі түрі бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді. Өңай өрмекке кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады, екіншісін жай өрмек дейді. Жай өрмек шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналады. Халық қолөнерінде көбірек қолданып жүрген өрмектің осы екінші түрінде – жай өрмекке тоқталып өтейін. Жай өрмекті құрып, тоқу үстінде пайдаланылатын мынадай жабдықтар болады:



  1. Өрмек өрісінің қазықтары;

  2. Күзеу шыбығы – қабатталған шиден. Түзі тобылғыдан, сымнан жасалады;

  3. Адарғы – екі жақ шеті жүздендіре жонылған, ортасы сәл дөңес, ені 20-25 сантиметрдей тақтай;

  4. Есепші немесе кергіш сабау, оны «сару ағаш», «беру жіп» деп те атайды;

  5. Қылыш - өзі шынында да қылыш тәрізді, сырт жағын (жетесі) 3-4 миллиметрге дейін, дүз жағын 6-7 миллиметр шамасында ғана, жұқарта жонып, ортасын дөңестеу еткен, ені 12-15 сантиметр жалпақша келген ағаш;

  6. Арқау шөлмегі (жүгіртпе) екі басының аз ғана ашасы бар 20-30 сантиметрдей түзу таяқша;

  7. Арқалық – 1-1, 20 метр шамасындағы түзу таяқ (диаметрі 3 см);

  8. Көтерме немесе мосы – басы біріктірілген 3 ағаштан тұрады;

  9. Екі басын тұяқтап байлататын бақылау жіп (бөлік жіп);

  10. Өрмек жіптер. өрмекке арналып иірілген жіптер істелетін бұйымдарға, жасалатын жолақтарға, өрнектерге қарай бірнеше түсті болады және ол тұстар бөлек-бөлек домалақтанады. Тоқылғанда заттың ұзын бойына жұмсалатын бұл жіптер кейде жалаң қабат, кейде екі қабат иіріледі. Шекпен жіптерін жиек жіптер сияқты оңқай, солақай етіп иіре береді.

Осындай әзір жіптерді мөлшерлеп отырып, екі топқа бөледі. Оның біріншісі - өрмектің күзеуіне ілінетін үстіңгі жіптер.

Екіншісі – күзуге ілінбейтін астыңғы жіптер. Өрмекшілер тілінде үстіңгі жіпті ңөрісің деп, астынғы жіптер ңқарсысың деп атайды. Кейде үстіңгісін ңөрмек жіпң, астыңғысы ңұрғашы жіпң дейді.

Арқау – бұл ерсі мен қарсы жіптердің арасында көлденең отыратын жіп, арқау тоқылатын нәрсенің қалың және жұқалығына қарай, кейде ерсі және қарсы жіптерінің жуандығымен бірдей, кейде одан жуан болып иіріледі.

Күзу – бұл тоқылмайды, тек тоқылатын жіптерді ажыратып, әр қайсысын өз орнына түзу үшін қолданылады. Күзу жіптің мөлшері бір алқым шамасында, ол өте ширақы және екі қабат етіліп түйе жүнінен иіріледі де, соңынан ыспаланады. Күзу жіп болмайды.

Өрмек жібінің өрісін (ұзындығы) өлшеп, оның неше метр немесе құлаш болатынын анықтап алған соң, жазық жерге әлгі өлшемді тең төрт бұрышқа бөліп 4 қазық, кейде үш бұрышты өрім жасап, үш қазық қағады. Өрмек құрылатын жер шөгірсіз, бұтасыз тегіс жер болуы және малдың, адамның көп жүретін аяқ асты болмауы керек.

Өрмек құрушы шеберлердің көз мөлшері, көңіл есебі күшті келеді. Мысалы: өрмектің өрісі 20 метр болса, онда төрт бұрыштың әрбір қабырғасы 5 метрден келеді. Бұдан акейін сол 4 қабырғаның бірінің орта шенінен бесінші қазық қазылады, оған қатар арқалық, арқалыққа жабыстыра күзу шыбығын бекітеді. Бесінші қазық пен арқалық қаданың арасы 20-25 см қашық тұрады.

Өрмектің ерсі және қарсы жіптерін екі адам алады да, өрістің 4 қазығын айнала жүріп, соған төгеді. Мұны ңөрмек жүгіруң деп атайды. Егер ерсі жіптері бірнеше түсті болса, онда әлгі 2 адам оларды санай отырып кезекпе-кезек төгеді немесе бірнеше адамдар бөліп алып жүгіреді. Өрмек жіптері жерге түсіп, шөп шаламға былғанбау үшін және жүгірген кезде жіп домалақтары тез домалап, тез ағытылуы үшін, жүгірушілер әр домалақты ернеуі тегіз аяққа, табаққа салып алып жүреді.

Бесінші қазық пен арқалықтың қасында отырған адам өрмек құру ісінің тәжірибелі шебері болуға тиіс. Ол басы түзу шыбыққа бекітілген күзу жібінің шағым домалағын алады да, ерсі жіпті бір шалып, арқалықты орай күзу шыбығынан тағы бір рет жарты қазықбау байлауымен өткермелейді. Ал қарсы жіпті шалмай, тек арқалықтың сыртынан бесінші қазыққа іле салады. Осы тәртіппен жүргізілген өрмек жібінің бірі күзуге шалынып, екіншісі күзуге шалынбай бос қалып отырады. Мұны ңөрмек шолуң дейді.

«Өрмек жүгіру» біткен соң қазықтарды суарып тастап өрістегі жіпті екі еселеп жинайды. Сонда жіптердің екі екі жақ басы тұйық болып шығады. Мұның бір тұйығын өріске апарып, қазыққа кигізеді.

Екінші тұйығынан көлденең бір ағаш өткізеді де, оны тартып тұрып, жерге төсей бекітеді. Күзу шыбығы мен арқалықты көтеріп өрмек көтермесіне ілінеді.

Дұрыс шалынған өрмек жіптері енді екіге бөлінеді. Демек, күзудегі жіп жоғары шығады да, бос жіп күзудің астында қалады. Бұдан кейін арқалықтың алдыңғы және артқы жағынан итіс-тартыс екі айқыс пайда болады. Арқалықтың асты, яғни екі жіптің арасы 10-15 см қуыс болады, бұл қуысқа қылышты өткізіп қояды. Енді алдыңғы айқас жіптерді ажыратып, қолмен санап отырады да, астыңғы жіпті үстіне шығарады. Ал үстіңгі жіпті астына түсіріп, бұл араға адарғыны сұғып қояды. Адарғымен бақылау жібін өткізіп, оның екі ұшын қоса тұйықтап байқайды. Жіп үзіліп немесе қосарланып шатаса қалса, оңай тауып алу үшін және жіптерді бір келкі керіп тұруы үшін, адарғы қоярда саналған жіпті 20-30 пардан топтастыра кергіш сабауға тізіп байлайды. Өрмек тоқушы күзудің астындағы 10-15 ашыққа арқау шөлмегін өткізіп алады да, арқауды көлденең қалдыра тартып тұрып, қылышпен нығыздап қағады. Бұдан кейін қылышты суырып алып, адырғыны қырынан көтере күзудің деңгейіне әкеледі. Сол кезде күзудің ілінбеген қарсы жіп адарғының қырымен 20-25 см жоғары көтеріліп, күзулердің ара-арасымен 10-15 сантиметрдей ерсі жіптің үстінен қуыс қалады. Тоқушы қылышты әкеліп осы қуыстан өткізеді де, жіптің арқауы үстінен пайда болған айқасын нығыздап қағады. Бұдан соң адарғыны кейін шегіндіреді. Күзеудегі ерсі жіптер тағы жоғары шығып, қарсы жіптердің үстіндегі қуыс қайтадан қалпына келеді. Тоқушы арқауды өткізіп алып тағы да қағады. Осы тәртіппен қайталанудың нәтижесінде ерсі жіп пен қарсы жіптердің үстіндегі қапсыра айқасып түсуінен барып өрмек тоқыла береді.

Осылайша үлкен залдарға, есік пен төр арасына жайылатын төсеніштерді түгін шығара әсем етіп тоқуға болады. Ол үшін өрмек жүгіргенде оның ерсі жіптерін үш қатар етіп жүгіртеді, яғни ерсінің жібі ен қарсының жібінің басқа «өрмек жібі» дейтін тағы бір жіп қоса жүгіріледі. Бірақ ол жіп ерсі жіптен гөрі қысқа шалынады. Өрмек керіліп, адарғы жатқан уақытта, өрмек жібі ерсі жіптен біраз жоғары тұрады, адарғы керілгенде ерсі жіптен бірге қарсы жіптің астына түседі. Сол кезде арқау өз жолымен негізгі екі жіптің айқас арасында түседі де, өрмек жібінен болған айқас арасына жұмсақ металдан істелген 4-5 жіңішке сым түседі. Сымның жуандығы 2-3 сантиметрдей шамасында жасалады. Осы тәртіппен төрт-бес сым салынып, жіп айқастыра сымдарды орай 4-5 рет тоқылған соң, күзу жақтағы шеткі бір сымды қалдырады да, қалған төрт сымның үстіндегі жіптерді арнаулы аспаппен қиып жіберіп, сымдарды босатып алады. Қиылған жіптердің ұштары тоқыманың үстіңгі бетінде түк болып қалады. Жұмыс тәсілі осылайша қайталана берді.



Түкті кілем. Ою-өрнегі, тоқылу сапасына, бояуның түріне, тұрмыста қолдануына қарай әр алуан атауларға ие болған. Тек қазақ жерінде оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар, өзге елдерден (Шығыс елдерінен) әкелінген кілем түріне еліктеп тоқылғандарына да лайықтап атау берген. Әндіжап кілем, бұқар кілем деген атаулар көп.

«Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік қыр сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі бояларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қарап бітіріп, сұлулық әлеміне жол таппасына кім кепіл?! Оның айғағы – тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбылыстарын суреттеуге лайықталып ою-өрнек түрлерінің, оның мазмұнының жаңара түсіп, бет-бедерінде тұрмыс-тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. Бүгінгі кілем тоқу өнері – біржақты, тұрмыс қажетін өңдеу аясынан гөрі – қолдағы барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда. Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен сұлулық пен ұқсатымдылыққа тәрбиелеу маңызды басымырақ тұр.

Енді осы өнердің ел арасында дамыған түрі-түкті кілем тоқудың Шымкент облысы, Бөген ауданының «Алтынтөбе» бөлімшесінде тұратын Үрият Сатқанбаевадан жазып алынған қарапайым тоқылу технологиясы.

Кілемге түк салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, өрмек жібінен сәл жуандау, бірақ бос иіріледі. Кілемге қойдың жабағы жүні немесе түйе жүні керек. Кілем түгіне арнап иірілген жіп келептеліп, жүн жууға арналған синтетикалық ұнтақтармен бірнеше қайтара қанжылым сумен жуып, салқын сумен шайылады. Келептерді жеке-жеке жауып сорғытып бояйды. Бояу әркімнің қалауы бойынша мөлшерленіп, боялатын жіп мөлшеріне орай суға езіліп құйылады. Түйіршік қалмай әбден еріп болу керек, сонан қайнап тұрған суы бар қазанға құйып, үстіне сірке қышқылы қосылады. Енді қоспа араластырыла отыра жіп салынады. Қазанның қақпағын жауып, жіп бояуды алғанша қайнатады. Содан соң келепті бір-бірлеп сорықтырып, бөлек ыдысқа түсіріп алады да әбден суығанша бетін жауып қояды. Сонда ғана боялған жіп өз бозымен бояуды бойына қажетінше сіңіріп, бабына келеді.

Әрі қарай сіңген жіпті салқын сумен 2-3 қайтара шайып, ілінеді. Осылайша дайындалған жіптің бояуы оңбайды және біріне көшпейді. Бояуы қанық жіптің өрнегі кілемге ерекше сән беріп, құлпырта түседі.

Тоқылатын кілемнің көзделген көлеміне қарай дайындалатын арқауға, желі мен түк салуға арналған жүн көлемі де әр түрлі болады.

Арқау қылшықты жүн немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықтырақ келеді. Қазір арқауға мақта жіп те пайдаланып жүр. Арқаудың жуандығы өрмек жібіне сәйкес, өте жіңішке немесе жуан болмаған дұрыс.

Көлемі 4,20х2,30 метр болатын кілем арқауына 4 кг, желі жүгіртуге 10 кг мақта жіп және түк салуға 24 кг жүн жіп керек. Осы кілемді тоқу үшін 520 қатар желі тартылады. Бұл желі жіптерінің аралығы 1 түйір бидай дәні сиятындай болса (желі жібі керіліп, қалып темір болтпен тартылғаннан кейінгі өлшемі) жарайды. Желі жүгіртіліп, қалып қатайтылғаннан кейін күзу байланады.

Күзу байлау өте-мөте мұқияттылықты қажет етеді. Күзу ағаштан ұзындығы кілем енінен 30-40 сантиметрдей ұзындау, қалыңдығы 5-7 сантиметр болады.

Күзу жібі де кілемнің желі жібіндей ширақ иіріліп, екі тінделеді. Оны ешкінің қылын араластырып иіруге немесе орынына желіге қолданылатын мақта жіпті пайдалануға болады. Күзу жіп боялмайды. Ол желі жібінің орын-орнында түгел болуын қамтамасыз етеді.

Желі жібі өте мықты болады, өздігінен үзілмейді. Дегенмен әлдеқалай босаң тартып немесе үзілгені болса күзуден байқауға болады. Мұны кілемшілер «жіп қашу» дейді. Мұндайда үзілген жіпті аса ептілікпен жалғау керек. Үзілген жіптің екі ұшын бір-біріне жеткізіп байлау мүмкін емес, өйткені қалып қатайтылып, желі жібі барынша керіліп тұр. Сондықтан ортадан жіп жалғайды да, жалғанған желі жібінің артығын жіңішке шитмен бұрып тастайды.

Кілем тоқу былай басталады: 5-6 арқау бойына түк салынбай арқау өткізіліп, адарғымен шатыс түсіріп (алғашқыда адарғыны көшіріп шатыс алынса, келесі жолы адарғы ағашты жығып, ілгері ысырып қояды), арқау өткізіледі де, тарақпен тегіс тоқылыс кілемнің басталысынан және екі шетінен ұзындығын бойлай әр жолы қалдырылып отырылады.

Тегіс тоқылысты әрі қарай түк шалумен жалғастырылады. Түк шалуда шеттік 2-3 арқау әркімнің талғамына сай бірін-бірі толықтырып, әрлендіре түсетін екі түспен жолақ біріңғай тоқылыс түсіріледі. Ал түк қалай шалынады? Ол үшін кілем тоқушының тұсына жіп керіліп, кілем түгіне арналған жіп домалақтары оңай тарқатылатындай етіп соған ілінеді. Барлық түстер қатар-қатар ілінуі керек. Домалақтағы жіптің ұшы тоқушының қолында болады. Ол керегіне қарай желіге бір орап шалады да, кесермен пышақпен артығын қырқып тастап отырады. Бір қатарға түгел түк шалынып болған соң пышақты оң қолға ұстап бас бармақ пен пышақтың арасына әлгі түктерді шымши тартып, тоқылысқа қосады. Үстінен тоқпақпен ұрғылап нығарлаған соң қайшымен түк бетін тегістеп қияды. Арқау өткізілген соң адарғыны көтеріп, алынған шатысты қамти тоқпақпен қайтадан нығарлап, келесі түк шалуға кіріседі.

Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі түсті түкті жолақты жиек салу немесе шеттік деп атайды. Жиектен ішке қарайғы тоқылыста кілем ортасына (немесе табағына) түсірілетін өрнекті айналдыра әркімнің қалауынша отау өрнегі бір немесе екі қатар жүргізіледі. Ал отау өрнектері болсын, кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектер болсын, олардың шетін айналдыра бір жіппен салынып отырылатын түрді су өрнек деп атайды. Су өрнектің міндеті кілем төсегі (негізгі фоны) мен өрнекті бір-бірінен айқындап бөліп тұрады. Яғни екі түрдің шекарасы іспетті.

Кілемге түсірілетін негізгі өрнектер: шатыргүл (қос шатыргүл немесе жеке шатыргүл), мақтагүл, лалагүл, шаршы ішіндегі самаурынша, жапырақ немесе қошақ мүйіз, сыңар мүйіз оюлары. Бұлар кілем табағына әр түспен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдер немесе жарты шаршы, жапырақ немесе жолақтап бірнеше түрден тоқылады. Бұлардың бәрін де бір тін су өрнегі жиектеп шығарып отырады.

Күзу мен тоқылыстың арасы 70-80 сантиметр мөлшерінде сақталады. Ал, кілем тоқылып біте келе алдыңғы шеттік пен күзудің, күзу мен тоқылыстың арасы мейлінше жақындайды, яғни күзу ағаш әрі қарай жылжи алмайтын және адарғымен шатыс алу қиындайтын шекке жеткенде тоқылыс аяқталып, яғни кілем өрнектері түгел шығарылып, түк салу бітеді. Ал шеттік өрнектердің сыртынан бастапқыдағыдай 5-6 арқау бойына тегіс тоқылыс түседі. Бұл кілемнің екінші шеті.

Дайын болған кілемді екі адам екі шетінен (енінең) қарама-қарсы бағытта өткір қайшымен қырқады. Шашақты кілемнің шашағын (желі жібінен) қалаған ұзындықта қалдыруға болады.

Қырқылған кілем қағып-сілкіледі. Шаңтозаң, жіп қырқындыларынан тазарған кілемнің екі шетінен есіп алақұрт салынады. Алақұрт екі түрлі жүннен немесе шашақ жібінен ширатылып, есілген соң кілемнің шеттігіндегі түксіз тоқылыс үстінен жиек бастырғандай бастырып тігіледі. Кілем иесінің қалауынша шашақ түюіне болады.

Жаңа тоқылған кілемді ұзындығын жоймау үшін қабырғаға керіп іледі. Неғұрлым жақсы тартылып керілсе, шеті шиыршықталмай, қалыпқа түседі. Мұндай кілем қисаймайды әрі формасын жақсы сақтайды.

Кілем жабдықтары: Кілемді жайсаң – төсеніш, ілсең – сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан зат. Әсіресе, соңғы жылдары кілем тоқу өңдірістік кәсіпке айналып отыр. Әйтпеседе кілемді қолмен тоқу өнері күннен күнге өріс алуда. Кілем өрмегін құрып, тоқу жағдайында пайдаланылатын жабдықтардың түрлері төмендегідей.

Адарғы тарақ – кілемнің өрнегіне келтіріліп шалынған түсті жіптерді, яғни соңғы бір қатар түкті арқауға нықтап бастыра қағып отыратын жабдық. Тарақтың қолға ұстайтын ағашын (сабын) еменнен немесе қайың ағашынан жойып жасайды.

Тарақтың тістері темірден жасалып, ағаштың кеңдеу шетіне, әр тістің арасына 2 мм ашық қалдырып қашап бікітеді. Адарғы тарақтың ұзындығы 15-20 см, тіс жағының ені 8-10 см, биіктігі 6-7 см болады. Тарақтың сабы зімпара қағазбен (наждачная бумага) тазаланып тегістеледі.



Кесермен пышақ – кілемнің өрнек тізбе жіптерін арқауға шалып байлаған соң, артық жіпті кесетін аспап. Пышақтың жүзі өткір болуы керек, темірі болат болғаны жөн. Бұл аспапты қолдан жасамай, дүкенде сатылатын дайын бәкені алып пайдалануғада болады. Соңғы кезде кілем тоқитын өндірістік кәсіпшілік мекемелерде түкті кілемді қолмен өрнектеп тоқитын шеберлердің пышақ-кесермендері өзгерді деп айтуға болады. Олар көбінесе кілемнің желі жебіне шалып байланатын түрлі-түсті жіптердің артық ұшын кесуге ұстараны да пайдаланып жүр. Ол үшін бәкінің ұстайтын сабын сол күйінде қалдырып, ұстараның жүзін қайтара егеп, кішкене металл қаңылтырын екіге жапсыра иеді де, бәкенің кесетін жүзіне кигізіп бекітеді.

Ұстараны ұзынынан иіп, ортасынан сындырып, бір бөлігін әлгі қаңылтырдың екі қосылған шетінің арасын қыстырып ұстатады, ұстараның біріншісінің жүзінің өткірлігі азайған соң шығарып тастап, жаңасын салады. Осындай кесерменнің бәкінің жүзіне қарағанда үлкен айырмашылығы бар. Біріншіден ұстараның болаты өте сапалы. Екіншіден, ұстараның жүзі өткірлігіне байланысты ұзақ пайдаланылады. Сондай-ақ жіп те жеңіл қырқылады.



Қайшы – кілем түгін тегістеп қиюға пайланылатын жабдық. Кілем тоқтын шеберге үй тұрмысында тұтынылатын кішігірім қайшыдан гөрі киім пішушілердің үлкен қайшысын пайдаланған дұрыс.

Отырғыш – қалыңдығы 4-5 сантиметр қарағайдан немесе қайың ағашынан жасалады. Ұзындығы 2,5-3 метр, ені 35-40 сантиметр, екі аяғының биіктігі 40-45 сантиметр тақтай қашалып, желімге отырғызылып шегеленеді.

Отырғышты кілемді тіке тұрып тоқығанда пайдаланады. Кілемді әдетте 2-3 шебер қатар отырып тоқиды, сондықтан отырғыштың ұзындығы кілемнің енінен аздап ұзын болғаны жөн.

Отырғыш жерге жатқызып тоқылатын түкті кілемге де пайдаланылады.

1.2Қазақ кесте өнерінің шеберлері.
Ерте заман тарихынан сыр шертіп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қолөнер саласының бір түрі Кесте өнері болып табылады. Осы кесте өнері біздің заманымызға қалай, кімдердің арқасында жеткен екен? Деген сауалға тоқталсақ, кесте өнері барлық елдерде дамыған қолөнер саласының бір түрі болып табылады. Ерекше аталатын қазақ халқының кесте өнері сонау замандағы ана, әже, әпкелеріміздің кестеленген бұйымдарымен жетіп келеді.

Ел іші он саусағынан өнері тамған өнерпазтігінші, кестеші әжелеріміз бен аға-әпкелерімізде аз емес. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, уақыт озса да, ізі жағалмай бүгінгі дейін жетіп отыр.

Он саусағынан өнері тамған Солтыбекова Секер әжеміз-1904 жылы қазіргі Талдықорған облысының талдықорған ауданы, Куйбышев атындағы ауылда дүниеге келген.

Шешесі Шекеден 13 жасында шеберлікті үйреніп, күнделікті тұрмысқа қажетті киіз үйдің бау, басқұр, алаша тоқып, сырмақ сырып, текемет басқан, неше түрлі бас киім жасауларын тіккен, аяққап, сандыққап жи¿аздарын әшекейлеумен қатар кесте де тіккен.

Қазіргі таңдағы қолөнер шеберлері Фатима Зауырбекова, Айман Саудагерова, Сағындықов Жұбай, Бапановтар (гобеленшілер)ҚанатҚалқабаев ағамыз (гобеленші, кестеші) т.б. көптеген он саусағынан өнері тамған қолөнер шеберлерімізде аз емес аталған қолөнер шеберлерінің көбісі тек кесте өнерімен айналысып қана қоймай гобелен, кілем т.б. тоқыған. Мәселен Николаев, Құрас Тыныбеков, Фатима Зауырбекова атақты шығармалары «Күн сәулелі Қазақстан», Хмелов, Хмеловалардың «Достықтың бұтағы» атты гобелен жұмыстары болса, өзіміздің қаладағы кестешілер Айман Саудагерова Құрманғазықызы 1949 жылы 20-шы шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Маралды селосында дүниеге келген.

1995 жылдан бастап қаламыздағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық эстетикалық гимназия мектебінде қолданбалы өнер пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді.

Негізгі мамандығы өнер саласымен 1986 жылдан бастап айналысып келеді. Сәндік қолданбалы өнер пәнінен 5-11 сыныптарға арналған жеке авторлық бағдарламасымен сабақ өтеді.

Сондай-ақ «Қыз еркем-кестесімен көркем» атты үйірме жұмысын ұйымдастырып оқушыларға ерте заманнан келе жатқан қолөнер түрлерін соның ішінде кесте өнерін кеңінен оқытып, үйретуде.

Саудагерова Айман-жоғары санатты мұғалім, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Еңбек стажы-25 жыл.

Мектептің қоғамдық жұмыстарының ұйымдастырушысы. өз ісін сүйетін, білікті кәсіби шебердің әрбір жұмысынан қазақ халқының өнері, иманы көрініп тұрады. Ол кісінің еңбектері қала, облыс, республика көлемінде көрмелерге қатысып жүр. Соның айғағы ретінде Түркістанның 1500 мерей тойына алып барған шығармашылық жұмыстарын айтуға болады. Нәтижесінде Елбасының ерекше ықыласына ие болды. «Халық мұрасындағы қолөнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында шығармашылық жұмыс істейді.

Айман апай бірнеше рет облыстық Білім департаментінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығармалары:

«Бақыт құсы» -кесте, «көкпар»-кесте, «Табиғатты аялау»-аралас техника, «Көктем» «қызғалдақтар», «Қыз ұзату», Сырмақтар, «Су асты», Ою-өрнектер әлемі және орындалып жатқан жұмыстары «Жер ана» және «Жібек Жолы» т.б. көптеген шығармалары бар.

Ізбасарова Жұмагүл Сатыпалдықызы-1960 жылы 27 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.

1984ж. Шымкент педагогикалық институтын бітірген мамандығы «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» пәндерінің мұғалімі.

1982 жылы бастап №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық-эстетикалық гимназия мектебінде еңбек етуде. Мұражай жетекшісі, сәндік қолданбалы өнер пәнінің мұғалімі, бірнеше көрмелерде жүлделі орындарға ие.


  • ЮНЕСКО-ның ұйымдастырушымен өтетін Республикалық балалар шығармашылық көрмесіне оқушыларының жұмыстары іріктеліп алынған.

  • Ә.Қастеевтің 100 жылдығына байланысты шығармашылық жұмыстарын қойып дипломмен марапатталды.

  • Сурет еңбек пәндері бойынша облыстық өнер байқауы көрмесіне қатысып ІІ орын алды.

Шығармашылық жұмыстары:

«Киелі қобыз»-былғары, «Оңтүстік Аруы»-кесте, «Наурыз» «Натюрморт» «Ескінің көзі» «Бөзінген» «Ару-кесте», ши т.б. Тері және кесте бұйымдарын жасаумен айналысады.



2. Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері.

2.1 Кесте өнері және оның түрлері, қажетті құрал-жабдықтар, тігу технологиясы.

Қазақ қол өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі-кестелеу өнері. Сол кестелеу өнерді жалғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған бұйымдарының бәрін дерелік кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: үй бұйымдарын, төсеніштерді, ұлттық киімдерді кестеленген.Қандай өрнек болмасын, адам, баласы өзін қоршаған дүниеден алатыны мәлім.

Көне заманнан бері, б.з.д. V-VІғасырдан кестелеу өнері жалғасып келеді. Мысалы:Қытайда кестені таза жібекке алтын, күміс жіптермен тіккен. өте нәзік тігілгенҚытай кестесі Жапон кесте тігу өнеріне әсер еткен. Үнді, Иран елдерінің кестелері өсімдік тектес, жан-жануарлар мен бейнелерді тігумен ерекшеленеді. Ал Византия кестесінде таза жібек немесе алтын жіптерді төгіп зерлеген. Бұл кесте тігу өнеріне үлкен жетістіктер енгізді. Сонымен қатар, ХІІІ ғасырдың аяғы мен ХІV ғасырдың басында Франция, Германия, Швеция, Англия, Дания, Норвегия елдерінде ұлттық киімдер үй тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қолданған. Халық өнері ғасырлар бойы әр түрлі болып өзгеріп, адам өмірі мен олардың тұрмысымен әлі күнге дейін байланысты болып келеді. Кестенің әдемі әшекейлері адамдардың тұрған жеріне, мәдениетіне, саудасына, көршілес елдермен қарым қатынасына байланысты болған. ұрпақтан-ұрпаққа жалғасудың арқасында әрбір елдің шеберлері өздеріне тән ерекшеліктерімен тігудің сантүрлі әдістерін киімге, тұрмыстық бұйымдарға, әшекей заттарға қоса білді.

Қашанда кесте өнерінің түр-түсі, үйлесімділігі, әдемілігі, қайталанбастығымен ерекшеленеді. Ол географиялық, мәдениеттік жағдайымен қатар тарихына да байланысты болған.

Біздің еліміздің тарихы арыда жатыр, ата-бабаларымыз киімдеріне, ат-әбзелдеріне, үй бұйымдарына өрнек сала білген. өрнектердің орналасу композициясыда ерекше. ғасырлар бойы өрнектің кестенің орналасуы өзгеріп (шетінде, ортасында, бұрышында), пішіні өлшемге сай болып келген. Бүгінгі күнде өрнектердің орналасуы, өлшемі, пішімі тігушінің талғамына, фантазиясына байланысты. Кез келген шығармашылықта тұр үйлесімділігі маңызды роль атқарады, яғни ол адамның ішкі дүниесімен үндесуі керек. Бұйым колориті көбінесе өзінің шығатын, пайдаланатын жерінің эталоны. Бұйым өңімен көптеген түстердің үйлесуі үшін олардың өздерінің заңын білу керек. Осы барлық түр-түстерді екі топқа бөлуге болады:

Хроматикалық-түсті, және ахроматикалық-түссіз. Хроматикалық түске ашық түстер жатады: негізгі-қызыл, сары, көк және аралық түстер-жасыл, сия түсті, алқызыл. Аралық немесе қосымша түстер араласы екі негізден алынады: алқызыл-қызыл мен сарыдан, жасыл мен сары мен көктен, сия түсті-қызыл мен көктен.

Ахроматикалық түстер ашық немесе аққа жақын түстер емес, сонымен бірге аралық түстерді де пайдалануға болады. Гармониялық үндестік көбінесе түстердің үйлесімділігінен туады. Кесте түрі бірдей болғанымен, түсі әртүрлі болса әдемі, тартымды келеді. Матаға түстер ритмикалық қайталанып отырады.

Ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі ң кесте тігу ң өнері болып табылады.

Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен төсек –орын жабдықтары, батырлар мен сауыққойлардың (салдардың) бас киімі, қалыңдық пен күйеудің бас киімі, белбеуі, үй іші мүліктері яғни жиһаздар кесте өрнегінің жиі безендірілетін еді. Халық салтында мұндай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталуда. Оның себебі әдемі,ұнасымды кесте ою өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу деп атайды.

Сондай-ақ кесте тігу деп – мата,тері,киіз т.б.материалдардың бетіне әртүрлі жіптермен, зермен, әр алуан суреттермен өрнектер салынып тігілетін қолөнердің бір түрі болып табылады. Кесте тігуде кейде моншақ,інжу,маржан т.б асыл тастар тағылады.

Кесте өнері қазақ халқына ертеден енген өнер екндігін тарихтан байырғы сақ,ғұн,үйсін өнерінде кестені зерлеп,маржандап,түктеп тігу тәсілдері кездескендігін аңғаруға болоды.

«Кестені көңіл сызады, қол тігеді,көз сынайды» , «адам өнерімен әсем,аң жүнімен әсем» деген мақалдарда аз емес. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу,қайып тігу,тепшіп шалып тігу.

Кесте тігу үшін жіп, мата, ине, оймақ, қайшы, кергіш қажет. Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігі, номеріне байланысты болады. Жіптің ұзындығы 50-60 сантиметрден артық болмайды. Кергіште кестелеген кезде оймақтың қажеті жоқ. Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 20-30 сантиметрдей болады. Кестені ілгекті бізбен кестелейміз. Кестелеу үшін әр түрлі жіптерді пайдалануға болады. Кестенің кейбір түрлері селдір матаға түсіріледі. Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Матаны кішілеу шеңберге салып, үстінен үлкен шеңберді кигізеді де, көреді. Жұмыс жылдамырақ жүруі үшін инені екі қолымен бірдей шанши білу керек. Кейбір кестелер кергішсіз тігіледі: матаны бас бармақ пен шынашақтың көмегімен сол қолдың үш саусағы біркелкі етіп керіп тұрады. Матаға инені оң қолдың ортаңғы саусағымен шаншиды. Егер суреттің размері кестелейтін бұйымның көлеміне сәйкес келмесе, онда суретті үлкейтуге немесе кішірейтуге болады. Қоңырқай түсті маталарға сүретті көшіргі қағаз арқылы калькаға түсіріп, сосын сурет нұсқасын түрлі-түсті қарындашпен сызылады. Мәуіті, барқыт және жібек маталарға суретті төмендегідей әдіспен түсіреміз. Сурет салынған темекінің жұқа қағазын матаға салып, сурет нұсқасының бойымен көктеп шығады, сосын қағазды еппен жыртып алып тастайды, сонда мата бетінде жіппен тігілген сурет нұсқасы қалады. Ал үлбіреген ашық түсті матаға сурет түсіру үшін бірінші суреттің үстіне басқа бір матаны жабады да, үстін әйнекпен бастырамыз, ал әйнек астына лампа қойылады. Әйнектің үстіне кесте тігілетін матаны жауып, лампаның жарығы көрсетіп тұрған суреттің нұсқасын қарындашпен матаға түсіріп аламыз.

Кестелеу кезінде жіпті түйіншектеуге болмайды. Кестелеуді бастар алдында жіпті матаға төмендегі тәсілдермен бекітеді: бірінші – инені бірнеше рет шаншып, ұсақ тігістер жасап аламыз, ол жер артынан кестемен жабылып кететіндей болу керек, екінші инені бір рет шаншып алып, жіпті матадан ақырына дейін суырмай, қалған ұшын екінші рет шаншып, үстінен тігіп алу керек, жіптің ұшын тастаймыз да оның үстін кестемен бастырамыз. Кестені бітірер кезде кестелер отырған жіпті жиі шаншып суреттің астына жібереміз, үшінші екі қабатталған жіпті тұйықталмаған ұшынан сабақтап, инені матаның астынан үстіне қарай шығарамыз, яғни жіпті ақырына дейін тартпайды да, инені қайта төмен шаншу арқылы жіптің тұйықталған ұшын батыра тартады. Енді барып кестелеуді бастай беруге болады.

Халықтың кесте тігу өнері мен өрмек тоқу дәстүрі тым әріден басталады. Музейлердің экспонаттары мақпалға, мауытыға, жібекке кесте тігу техникасын жетік меңгерген беймәлім шебер әйелдердің өнерлері жөнінде сыр шерткен. Кестелердің көпшілігі сурет бойынша тігілген, ал суреттердің негізінде өсімдіктер алынған. Түсті жібек жүн және алтын, күміс түстес оқа жіптерден әйелдер мен ерлер киімдері, бас киімдер, әйелдердің үйде киетін аяқ киімдері, сондай-ақ үйді әшекелейтін заттар, тұсқа ілінетін киімдер, түскиіздер және т.б. кестеленіп тігіледі. Қыздың ұзату тойында киетін киімдері – сәукеледен бастап, аяқ киіміне әшекейленіп тұратын кесте, өте әдемі ою-өрнек композициясы және кестені мұқият жасауы бұрынғы шеберлер қиялының бай екендігін дәлелдеген. Ұлттық кесте тігу – ңТұскиізң көркем кәсіпшілік фабрикасында ұйымдастырылған. Оның ұйымдастырылуында халық шебері Салима Абдулқызы Әзірбаева жасаған бұйымдардың көрмесі үлкен роль атқарған. Кесте тігу - дәстүрі бойынша ңбіз кестең, ңбаспа кестең әдісімен орындалады.

Еркін кестелеудің – бұл түріне мата бетіне түсірілген суретті кестелеуді жатқызуға болады.

Шым кесте – сурет бойынша кестелеудің бірнеше түрі бар. Шым кестемен өсімдіктің жапырағын, гүлді, сондай-ақ геометриялық ою-өрнек кестеленеді.

Кесте түрлері

Кесте санап тігілетін: жіпті санап отырып кестелеу және еркін: сурет нұсқасы бойынша, санамай, еркін тігу деп екіге кестелеу деп бөлінеді.



Жай тігістер. Сабақты кесте. Кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдалынады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте түсетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек. Жіпті шығарып алған соң инені қайта қайта шаншып, сосын оған алғашқы тігіске қанша жіп алынса, сонша жіп іліп алады. Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау және инені екінші, үшінші, одан кейінгі тігістерді алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру қажет.

Барқыт тігісі. Кестенің бұл түрімен балалардың киімін әшекейлейді. Оның үстіңгі жағы айқасып келеді де, астынан параллель бағытта екі қатар тігіс түседі. Кестенің бұл түрімен кестелегенде жіптерді санап, есептеп отыру керек. Егер кесте тігінен тігілетін болса, онда материалдың екі шетінен параллель екі сызықты белгілеп аламыз. Қалың маталардан 2 жіптен суыру керек. Кестелеу төменнен жоғары қарай бағыттап шаншып отырады. Бұл тігісті кестелеудің басқа түрлерімен кішілеу гүлді жапырақтарды кестелегенде қолданылады. Кестені 3-4 түрлі жіппен кестелеуге болады, тек жіптердің түсі бірін-бірі ашатындай, дұрыс таңдап алынады. Бұл кесте алдымен легенде алдымен бір түсті жіппен бастаймыз. Екінші түсті жіппен алғашқы тігіске жапсарластыра параллель тігеміз. 3 және 4 түсті жіптермен де осылайша тігуге болады.

Біз кесте. Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесі гүлдің сабағы кестеленеді. Тігілу мәнері жағынан көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді бірін-біріне тіркесе тігіледі. Шынжырларының формасы мен көлемі әртүрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып оны сол қолыңыздың басбармағымен басып тұрасыз да, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмек қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншисыз. Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығарамыз.

ңШнурокң және ңвелюшкаң тігісті кестелер. Бұл тігістермен көйлектің қалтасын, кеудесін әшекейлеуге болады. Кестеленетін материалдың өзінің жібімен төгілген кесте ерекше әдемі болып шығады. Кесте төгілетін жерді ромбылап, торға бөлу керек. Ромбының жақтары 2-3 сантиметрдей болуы керек. Сосын тор сызықтары бойымен сиректеу етіп тігіс түсіреміз. Тігістің көлемі және олардың ара қашықтығы біркелкі болғаны дұрыс, олар 5 миллиметрден аспайтын болу керек. Жаңа жіппен тігілетін келесі тігісте үнемі алғашқы тігістің әр қайсысының түбінен жоғарыдан төмек қарай шаншу керек. Бұл тігіс ңшнурокң деп аталады. Егер инені біресе жоғары, біресе төмен шаншылса, ол ңвелюшкаң деген тігіс шығады. Сызықтардың қилысқан жерін ілмектеп әдемілеуге немесе моншақ тігіп қоюға болады.



Санап кестелеу деп аталатын кестені жіп оңай суырылатын матаға кестелейді. Бұл тігіс әдетте тік сызық бойына түсіріледі. Ол бірнеше түрге: терме тігіс, қиғаш тігіс, жай айқас тігіс, қосарланған айқас тігіс, жартыкеш айқас тігіс тағы басқаға бөлінеді.

Терме тігісті өрмектің бір шетінен келесі шетіне дейін, жіптерін санай отырып, біресе оң жағына, біресе теріс жағына қарай матаның жібін бойлай ңинені алға салуң әдісімен тігіледі. Теріс жағының өрнегі оң жағының өрнегіне кері болып түседі.

Қиғаш тігіс матаның көлденеңінен 2 жібін, тігінен 4 жібін бастыра, қиғаш бағытта тігіледі.

Айқас тігіс. Кестенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсіруге болады. Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне, матаның қалыңдығына байланысты. Кестелеу барысында үстіңгі негізгі тігістің бір бағытта түсіп отыруын бақылау керек. Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады. Бір түсті жіппен кестелеген кезде көбінесе басқа түсті жіппен жиектеліп отырады. Бұл кестені үш түрлі тәсілмен тігуге болады. 1-тәсіл – матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бірқатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырып тігіп шығу керек. Осы істегеніңізді кері бағытта қайталаймыз. 2-тәсіл – матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіреміз. Оңнан солға қарай тұтас айқас тігіс тігіп шығамыз. Сосын теріс жағынан инені сол жаққа қарай өткізіп, араға бір бүтін айқас тігіс қалдырады да, инені оң жақ бетіне шаншып шығарады. 3-тәсіл – көлбеу айқас тігісі. Кестелеудің төменнен жоғарыға қарай бастау керек.

Жартыкеш айқас тігіс. Бұл кестенің екі жарты тігісі болады, яғни астыңғы және үстіңгі тігістер жіпті үзбей отырып тігіледі. Түзу және қиғаш болып түсетін кестенің бұл түрі қарапайым, әдемі өрнек түзеді. Кесте 2 жүріспен тігіледі. 1-жүріс – ңинені алға салуң әдісімен сурет нұсқасының бойымен тігіп шығарылады; 2-жүріс – алғашқы жүрісте ашық қалған жерлерді қамти отырып, ңинені алға салуң әдісімен кері бағытта тағы да жүріп шығу. Түзу тігістердің ұзындығы барлық жерде де бірдей болу керек және тігістердің арасында ашық жер қалмауы тиіс.



Санап тігілетін кесте. Бұл кестені матаның жібін санап отыру арқылы тігеді. Кесте төгілетін мата селдір болуы керек. Кестелейтін жіптің жуандау болуы керек, ашық жер қалмай, жиі тігіледі. Тігістің тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. Тік түскен тігістің саны мен биіктігінің алмасып келуі ирек-ирек өрнек түсіреді, ал тік және көлденең тігістердің жымдаса түсуінен басқа бір өрнек туады. Кестелеуді солдан оңға қарай жүргізіледі. Инені шаманың оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді. Енді матаның астына түскен инені алғаш шанышқан жермен деңгейлестіре, оң жаққа қарай әкелесіз де, жаңа тігіс түсіреміз.

Өткерме тігісті кесте. Кестенің бұл түріне мережкалар жатады. Мережка кергіште 40-50-60-80 нөмірлі арба-ағаш жіптермен солдан оңға қарай тігіледі. Мережка өз алдына жеке бір кесте болып қана қоймайды, сонымен бірге басқа кестелерді де толықтырып отырады. Мережканың алғашқы тігісін түсіру үшін инені келесі діңгектің жіптерінің арасынан өткізіп, мережканың 2-3 жіпті аттап материалға шаншу керек. Сосын кесте тігетін жіпті оңнан солға қарай ілмек етіп салып, мережканың 4 жібін іліп алады. Егер кестелейтін бұйымның шетін мережкамен әдептейтін болса, оны тегіс етіп қиып алу керек. Ол үшін матаның шетінен алғашқы тұтас жіпті суырып алу керек те, сосын ізімен матаны қосу қажет. Сосын тігістің енін анықтаймыз; егер оның ені 2 см болатын болса, онда мережканын жібін суыруды тігіске орын қалдыра отырып, шетінен 4,5 см аралықтан бастау керек. Салфетканы немесе дастарқанды кестелеген кезде 4 жағынан бір-бір жіптен суырып алады, ол үшін дастарқанның қарама-қарсы екі бұрышынан инені шаншып тесік жасайды да, тесіктің түскен жерінен арқаудың бір жібін қиямыз. Қиылған жіпті еппен суырып, олардың қиылысатын келесі бұрымынан тағы қиямыз. Сосын матаның барлық төрт жағынан мережканың еніне байланысты тағы да 3-4 жіптің суырады. Кесте тігілетін жіптің жүрісі суреттерде көрсетілген. Қарапайым мережкаларға діңгектер ңжучокң, ңпанкаң және арқау өткізу арқылы жасалатын мережкалар жатады. Ұзынынан және көлденеңінен суырылған жіптердің қиылысқан жерінде пайда болған бос шаршыларға ңөрмекшің өрнегін саламыз.



Діңгек мережкасы: матаның 3-4 жібін суырып алу керек. Кесте тігетін жіпті жібі суырылған жердің оң жақ бетіне шығарады да, осы жіппен матаның теріс жағынан тігінен жатқан 3-4 жіпті алу керек. Оларды оңнан солға бір орап алып, инені екінші тігіс түсіру үшін астынан үстіне қарай мережканың шетінен 2-3 жіп төмен шаншу керек.

Мережка ңжучокң. Алдымен діңгек мережкасын жасап алады. Сосын жіппен мережканың ортасына 3 діңгекті қосып, белін буады. Ол былай жасалады: жіп 3 діңгектің астынан өтіп, қайтар жолында оларды орап алады. Келесі 3 діңгекті де осылайша орып, белінен буады.

Мережка ңпанкаң. Жалпақ мережканың ортасына суырылмаған 3-4 жіп қалдыру керек. Жіп алғашқы тігіспен жаңағы суырылмай қалған жіптерді төменнен жоғары қарай, үстінен баса отырып, олардың астымен қиғаштап төмен түсіп, матаның оң жақ бетіне шығады да, алғашқы тігіс бастаған жерге қайта оралады, яғни көлденеңінен оңнан солға қарай қиғаштап төмен түсіру арқылы жоғары бөлігін тартады. Осы мережканың негізінде басқа да бір қатар, күрделі мережкаларды тігуге болады.

Мережка ңполотнянкаң. ңПанканыңң үстіңгі қатарын тігіп болып, астыңғы қатарын тігуге кірісеміз, бірмезгілде ңполотнянканыңң жалған ілмегін де іле кетіңіз. Ол үшін жіппен ңпанканыңң 2 діңгегін жасайды да, жіпті сол жағына қарай 2 діңгекті ілмектеп фол ңпанканыңң үстіңгі қатарынан ілмек жасайды, сосын оң жақтағы екі діңгектен іліп алып, алғашқы жіп іліп алынған жерге қайта төмен түсеміз. Келесі ілмекті жасауға көшу үшін оңға қарай жылжи отырып, ңпанканыңң жаңадан төрт діңгегін жасау керек, ол 4 және 5 діңгектердің арасынан жасалады.



Торлау арқылы жасалатын мережка. Алдымен діңгек мережкасын жасап аламыз. Сосын оңнан солға қарай діңгектерді жуан жіппен торлаймыз.

ңӨрмекшің. Кесте тігетін жіпті шаршы бойымен қиғаштай тартып, сосын оны тігінен және көлденеңінен орап алу керек, соңғы жіпті ортасына дейін ғана ораймыз. Барлық тартылған жіптің қиылысқан жерінен түйін жасап отырамыз ңөрмекшің, жіптің шеңбер бойымен жылжыған кезінде өрілуі арқылы пайда болады. Шеңберді айналып болған соң тартылған соңғы жіпті іліп алып, кері бұрылып, жіпті кері бағытта қайта өре бастайды. Осылайша бірнеше айналым жасаймыз. Соңғы айналымды жасап болған соң жіпті өрілмей қалған жанынан бекітіп, оны ақырына дейін өріп шығу керек. ңӨрмекшің тігілген шаршының жиегін тығыз кестемен бекітеміз.

Торлау. Жолаң қабатты торлау деп тор көздері көлденеңінен және тігінен бір-бір тігіспен толтыруды айтамыз, осылайша толтырған кезде әрбір тор кезде крест пайда болады. Қос қабатты торлау да дәл осы сияқты, бірақ әрбір тор көзге екі жіппен ұзынынан және көлденеңінен тігіс түсіріп отыруы керек. Әрбір тор кезде тігінен 2 және көлденеңінен 2 тігістен түсуі шарт. Паутинка-тор кезден өріліп отырған жіп осы тор кезде біресе жоғары қарай оңға, біресе төмен қарай солға, қозғала отырып, біз мезгілде жалған ілмек тастап кетіп отырамыз.

2.2. Шығармашылық жұмыс, ізденіс жолдары, жұмыстың орындалу барысы.
Менің негізгі шығармашылық жұмысымның тақырыбы ңӘженің өрнегің деп аталады. Жұмыстың өлшемі 110х80. Кесте, Аралас техникада орындалған. Біздің халқымыздың басынан кешірген қилы-қилы қиыншылықтары, кең байтақ қазақ жерін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған батырлардың ерлігі жайлы аңыз-әңгімелерді, ақиқат шындықты біз көне көз қариялардан естіп өсіп келеміз. Міне осы қазақ халқының осындай басынан өткерген қиыншылықтарын осы ңӘженің өрнегің деген дипломдық жұмысымда көрсеткім келді. Композицияның негізгі орталық бейнесі етіп әже образын келтірдім. Әже яғни Ана образын алған себебім әлемде барлық тірі жан, табиғат, тіршілік барлығы Анадан бастау алады. Орталық бөлімде Әже бейнесі, Оң жағында ер қанаты бейнеледім, сол жағында Асан қайғы бабамыздың ңЖелмаясың және қорқыт атаның киелі қара қобызы. Әженің алдында ұлттық сусын құйылып сақталатын ңторсықң, және жеті қазынаның бірі тазы иттің бейнесі, екі қошқар бір-бірімен еркелеп, ойнап, асыр салып, сүзісіп жүр. Жоғарғы көк аспанда қазақ халқының тәуелсіз аспанында самғаған бейбітшілік құстарын бейнелеп көрсеттім.

Шығармашылық жұмыстың екі жағын қазақ халқының ұлттық өрнегімен көмкердім.

Түстік шешімде Азияға тән, әсіресеҚазақстан мемлекеті, Оңтүстік облысының ауа-райына байланысты аспаны ашық, жері кілем түстес, әсіресе көктем кезінде жердің құлпыруы көз жауын алады.

Көбінесе жылы түсте анық, өзіміздің ұлттық кілем, киіз түстері кездеседі. Сондай-ақ ою-өрнектерде де табиғи түстерді пайдаландым. Бұл шығармашылық жұмыс аралас техникада арналған. ßғни кесте өнерінің тепшіп шалу түрін негізге ала отырып қайыс, губка, әсем моншақтарды пайдалаландым.

Дипломдық жұмысымның шығармашылық бөліміне көптеген ізденіс жолдарымен айналыстым. Оларды графикалық тәсілде, және түстік шешімде іздендім.

Шығармашылық жұмыстың орындалу барысына және қажетті құрал-жабдықтарына келер болсақ:Қажетті құрал-жабдықтар: кергіш (рамка), мата, қайшы, оймақ, ине, түрлі-түсті жіптер, қалай, фломастер (маркер) сызғыш жұмыстық орындалу барысы: кергішке керілген мата бетіне дайындалған композиция нобайын эпидоскоп арқылы масштабын үлкейтіп түсіреміз немесе тор лап қаламмен түсіріп шығамыз. Мата бетіне түскен композицияны жіппен тігу барысында жіп кірлемес үшін фламастермен немесе маркермен қалам үстінен басып сызып шығамыз.

Жасалған нобайдың түстік шешіміне қарай отырып қажетті жіп түстерімен жұмысты тігіп бастаймыз.

Жұмыс соңында тепшелетін жерлерді тепшіп шығамыз, қажетті жерлеріне моншақтарды қадап әшекейлеп шығамыз. Жұмыстың орындалу барысында түстік шешімдер өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Оның себебі жіп түстеріне байланысты болады.

Жұмыс біткен соң оған багет яғни рама кигізіп безендіреміз. Жұмысты безендірудің өзі де үлкен роль атқарады. Багет яғни рама жұмыстың өлшеміне және композицияға, түстік шешімге лайықты болуы қажет.

Дипломдық жұмыста бұл тақырыпты алған себебім: келер жас ұрпақтың бойына ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан қазақ халқының кесте өнерінің тарихын тігілу жолдарын сақтай отырып жаңаша стильдерін сіңіру болып табылады. Ондағы Әжеміздің әсем ою-өрнектерін, түстердің табиғи шынайылығын, қазақ халқының тарихын, символдарын ашып көрсеткім келді.



3. Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып, үйрету әдістемесі.

3.1 Үйірме жұмысында кесте тігудің жылдық-күнтізбелік жоспары.


Р/с


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Теориалық мәлімет


Көрнекі құралдар

Пәнаралық

байланыс

1.

2.

3.



4.

1.

2.



3.

1.

2.



3.

4.

5.



6.

І Бөлім Бейнелеу өнері және оның түрлері.


Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру.

Сәндік қолданбалы өнер жайында мәлімет беру және оның түрлері

Ою өрнектер туралы мәлімет Ою өрнектерді қағаз бетіне стилизациялап түсіру.
Ою-өрнектерден композиция құрастыру

ІІ Бөлім Бейнелеу өнерінің саласы Сәндік қолданбалы өнерінің түрі кесте тігу өнері


Кесте тігу өнерінің шығу даму тарихы.
Кесте түрлері.

Кесте тігуге арналған құрал-жабдықтар


ІІІ Бөлім. Кесте тігуге

дайындық және кесте тігу жолдары
Кесте тігуге арналған құрал-жабдықтарды дайындау (кергіш, мата, жіп, ине т.б.)
Кесте тігуге композиция дайындау. Графикалық тәсілді және түрлі-түсте (акварель, гуашь).
Дайындалған нобайды мата бетіне түсіру.

Оқушыларға құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануды үйрету, техника қауіпсіздігі


Кестені тігуге кірісу және тігілу жолдары (айқас тігу, тепшіп, шалып тігу т.б.)
Жұмысты аяқтап безендіру. (моншақтар қадау безендіру.)


2

2

6



4

2

2



2

4

4



2

2

8


4


Бейнелеу өнерінің түрлерін айтып шығу
Сәндік қолданбалы өнерінің түрлерін айтып шығу
Ою-өрнек түрлерін айту, стилизация жайында
Байланыстыру, үйлестіру;

Кесте өнері жайында айту.


Кесте түрлерін көрсету
құрал-жабдықтар туралы мәлімет
қажетті құрал жабдықтарды айту мата түрлері жіп түрлері
композиция құрастыру бір ортаға бағындыру.

нобайды мата бетіне түсіру туралы мәлімет


техника қауіпсіздігін айту

тігіс, түрлері жайында мәлімет беру


моншақтарды қадауды айту. қайыс губка пайдаланады айту.


Суреттер, плакаттар

Суреттер.

Ою-өрнек суреттері

Композиция суреттері


Плакаттар, суреттер таблицалар


суреттер


тігіс түрлері бар суреттер


Еңбек

Композиция

еңбек

Түстану. композиция


математика

еңбек



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет