С.М.Сапина
филол.ғ.к., доцент
КАЗГЮУ Университеті
ӨЛШЕМ МАҒЫНАЛЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ
The given article is devoted to the analysis of understanding the stable expressions from national
point of view and their interconnection with philosophy. The strong point of the article is based
on the notion that stable expressions are not only the lexical part of the language but also an
important fiture in understanding cultural ethos. The research is based on the studying
M.Auezov's
work
''The
Path
of
Abai",
where
the
author
clarifies the meaning of a phraseological unit, the connection between stable expressions and
knowing the nation and shows how rich and full Kazakh customs are.
Қазақ тілінің фразеологиялық бірліктері ішінде
өлшем мағынасын білдіретін
фразеологизмдердің табиғаты халықтың танымдық ойлау жүйесімен тығыз байланысты.
Қазақтың ежелден келе жатқан ұзындық, қашықтық, салмақ өлшемдері аса
қызығушылықты
тудыратын, арнайы назар аударатын метрологиялық лексикаға жатады.
Көркем тілді ұтымды пайдалану жазушының сөз қолдану шеберлігіне байланысты
екендігін ескерсек, М. Әуезов бұл жағынан әлемге үлгі болатын тұлға екендігі даусыз.
Абай өмірі басты тақырып болған М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы – бейнелі тілдік
бірліктерге, яғни фразеологизмдерге толы айрықша еңбек. Шығарма тіліндегі өлшем
мәнді тұрақты тіркестерді талдай келе, олардың негізінде төрт түлік мал, табиғи құбылыс
атаулары, мал шаруашылығында қолданылатын заттық атаулар жатқаны анықталды. Оны
қазақ халқының көне замандардан бергі күн көріс, тіршілік тірегі түгелдей дерлік малмен
байланысты болғандығымен, күнделікті тұрмысқа керекті азық-түлік, киім-кешектің бәрін
халық осы төрт түлік малдан тапқандығымен, өзі баққан малының қадір-қасиетімен бірге
оның сыр-сипатын да жақсы білгендігімен түсіндіреміз. Бір сөзбен айтқанда, эпопеядағы
фразеологиялық тіркестер ұлт болмысының құндылықтары
мен ерекшеліктерін,
дүниетанымын жан-жақты сипаттайды.
Таным – адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Адамның дәлелденген білім алу
үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеуі философия ғылымында таным
деп аталады [1, 52]. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып
табылады. Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде
қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгей. Қазіргі уақытта танымдық іс-әрекет
психологияда, жоғары нерв
қызметінің физиологиясында, кибернетикада, формалді
логикада, тіл туралы ілімде, семиотикада,
структуралық лингвистикада, мәдениет
тарихында, ғылым тарихында зерттеледі.
Жұмыс барысында ерекше көңіл бөлінген тілдік бірліктер – уақыт мағынасындағы
тұрақты тіркестер. Уақыт – материя болмысының формасы [2, 35]. Ол барлық
материалдық жүйелердің ұзақтылығын, күй-жағдайларының біртіндеп өзгеруі
мен дамуын
білдіреді.
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын да, ажырататын да бірде-
бір құрал десек, тіл қабатының қалың бөлігін құрайтын фразеологизмдер - қазақ тілінде
ойлау мен танымның ерекше бейнелі, эмоционалды-экспрессивтік
реңке ие тілдік
бірліктері.