К коэффициенті төмендегі формуламен анықталады:
Өлшеу нәтижелерін жазу нысаны стандартта көрсетіледі. Өлшеу нәтижелері қателіктерінің симметриялы сенімді интервалы кезінде Х±А, Р, түрінде көрсетіледі, мұндағы X - өлшеу нәтижесі.
Нәтиже қателігінің құраушыларының таралу функцияларының түрі туралы мәліметтер болмағанда немесе нәтижелерді әрі қарай өңдеу қажет болғанда, өлшеу нәтижесі X, 8 , п, в түрінде көрсетіледі.
■ 4.3. Өлшеу құралдарының дәлдік кластары
Өндірісте немесе күнделікті өмірде өлшеу жүргізген кезде дәлдік қажет бола бермейді. Сонымен бірге өлшемдер қателіктерінің мүмкін инструменталды құраушылары туралы белгілі бір ақпарат болуы қажет. Мұндай ақпарат өлшем құралдарының дәлдік класын көрсету арқылы алынады.
Дәлдік класы дегеніміз жіберілетін негізгі қателіктің шектерімен анықталатын берілген түрдегі өлшем құралы дәлдігінің жалпы сипаттамасы. Олшем құралдарына дәлдік класы оны әзірлеу кезінде беріледі. Ол берілген түрдегі өлшем құралының өкілетті партиясын зерттеу және сынау нәтижесінде жасалады. Мұнда жіберілетін қателіктердің шектеріне номер қойылады және өлшеу диапазоны шегінде қателіктерді олшеу сипатына байланысты абсолютті, келтірілген немесе салыстырмалы қателіктер түрінде өрнектейді. Келтірілген қателік деп нормаланатын мәннен пайызбен есептелетін
салыстырмалы қателік аталады. Әдетте нормаланатын мән ретінде шкаланың соңғы мәні алынады (бір жақты шкаласы бар аспаптар үшін өлшеудің жоғарғы шегі немесе ортасында нөлі бар аспаптар үшін - шектер сомасы) [5, 6].
Достарыңызбен бөлісу: |