Кедергісі 2-10-2 Ом болатын өткізгіштің тұйық орамындағы индукциялық токтың мәні 5А. Индукция Э.Қ.К. қандай?
Индукцияның күш сызықтарына перпендикуляр бағытта ұзындығы 1,8 м откізгіш 6 м/с жылдамдыкден қозғалды. Өткізгіш индукциясының Э.Қ.К-і 1,44 В өрістің магниттікиндукциясын табындар.
Кедергісі R= 40 Ом болатын өткізгіш магнит өрісінде орналасқан 0,5сек-а өткізгіште 1=0,3 А индукциялық ток пайда болады Ф магнит ағынының өзгеруін тап.
Катушканың ішіндегі магнит ағыны 32с ішінде 24мВб-ден 50мВб-ге дейін өзгерген кезде индукцияның орташа ЭҚК-і 10 В болуы үшін қанша орам саны керек?
Темір өзекті катушканының көлденең қимасының ауданы 20см2, ал индуктивтілігі 20мГн. Ток күшінің қандай мәнінде өзектегі магнит өрісінің индукциясы 1мТл болады? Катушканың орамдар саны 1000.
Индукциясы 0,2Тл болатын вертикальды біртекті магнит өрісінде горизонталь орналасқан ұзындығы 50см өткізгіш 10м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіштің жылдамдық векторы магнит өрісімен 300, ал өткізгіштің осімен 600 бұрыш жасайды. Өткізгіште пайда болатын индукцияның ЭҚК-ін табыңдар.
Ұзындығы 1,4 м түзу өткізгіш индукциясы 74мТл болатын біртекті магнит өрісінде орналасқан. Магнит өрісіне перпендикуляр жазықтықта өткізгіш 75рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады.Өткізгіш ұштарындағы потенциалдар айырымын табыңдар.