40
Аралық тұқым түрі қарапайым тұқымды асылдандыру барысында пайда
болған қазақ және кабардин жылқысы, юрин және истебе сиыры, сокол қойы
мен молдаван шошқасын жатқызуға болады.
Негізгі ӛніміне қарай мүйізді ірі қара малды - сүт және ет, қойды - жүн, ет,
елтірі, тондық тері және сүт, шошқаны - ет және май, жылқыны - ет, сүт және
кӛлік күші, спорт, түйені - ет, сүт және кӛлік күші бағытындағы тұқымдарға
бӛледі. Негізгі ӛнімімен қоса ӛндірілетін қосалқы ӛнімі бойынша:
а) мүйізді ірі қара малдың жылына басына 4-5 мың кг сауылатын сүтті
(қара-ала, ярослав, қырдың қызыл сиыры), етті (қалмақ, қазақтың ақ бас сиыры,
әулиекӛл, галловей, абердин-ангусс, санта-гертруда, шароле) және аралас
(комбинированные) ӛнімді (симментал, швид, алатау) тұқымын:
б) қойдың биязы жүнді (асканиялық, кавказдық, оңтүстік қазақ биязы
жүнді, қазақтың биязы жүнді т.б.), ұяң жүнді (цигайлық, горкийлық), тондық
(роман, құлындылық), елтірілік (қаракӛл), етті-майлы (гиссарлық, сараджылық,
еділбай қойы), етті-жүнді-сүтті (Карабах, тушин, осетин), жүнді-сүтті
(волшандық, черкасстык т.б.) тұқымын;
в) жылқының мініс (таза ағылшын, араб, буденный, т.б.), желіс (орлов,
американ, орыс), ауыр жүк таситын (Владимир, першерон, т.б.) және спорттық
тұқымын ажыратады.
Малдың тұқымын асылдандыру жұмысы оның ӛнімділігін арттырып, ӛнім
сапасын жақсартуға бағытталған. Малдың тұқымдық қасиеті мен ӛнімділігі
алдымен олардың тұқым қуалаушылық (ұрығымен берілушілік) қасиеті, яғни
генотипімен байланысты. Малдың генотипін жақсартуды селекциялау, яғни
сұрыптап ӛсіру арқылы іске асырады.
Асылдандыру ісін малдың ӛнім түріне байланысты жүргізеді.
Асылдандыру арқылы сиыр сүттілігі мен еттілігі, шошқаның тӛлділігі мен
салмақ қосуы, қойдың биязы жүндшігі мен салмақ қосымы, мекиеннің
жұмыртқалағыштығы мен балапанның салмақ қосуы арттырылады. Бұл іске
мемлекет тарапынан жете кӛңіл бӛлінуге тиіс. Ол үшін асыл тұқымды мал
зауыттарының жұмысын мемлекеттік дотациялау арқылы жандандырып, әрі
қарай жетілдіріп, қажетті тұқымдарды таза сақтап, басын кӛбейтіп, жаңа жоғары
да сапалы ӛнімді тұқымдар шығару міндеті қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: