Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет44/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

байланады. 
О.Кельнер 18 жылда ӛгіздермен жүргізген 100 шақты тәжірибесінде 
тікелей 16 азықтың ӛнімдік әсерін зерттеп, қалған 248 азықтың ӛнімдік әсерін 
азотпен кӛміртегі балансы бойынша есептеп шығарған. 
Азыктардың қоректілігін с.а.ӛ.-мен бағалау үшін, алдымен олардың 
құрнамындағы қорытылған қоректік заттарын Кельнер анықтаған қорытылған 1 
кг протеин үшін – 235 г, май үшін – 474-526 г, кӛмірсулар үшін – 248 г болып 
келетін 
май байлау коэффициенттеріне
кӛбейтіп күтулі май байлау мӛлшерін 
табады. Содан кейін оған кӛк және ірі жемшӛпке - "жасұнаққа шығару" түрінде, 
басқа азықтарға - "құнарлылық коэффициенті" түрінде түзету енгізу арқылы 
нақтылы май байлану мӛлшерімен айырмылығын жояды. Нақтылы май байлау 
мӛлшерін 1 с.а.ӛ. май байлауына, яғни 150 грамға, бӛледі. 
"Жасұнаққа шығаруды" кӛк шӛптегі әр 1 кг "шикі" жасұнақ кӛлеміне 
ондағы "шикі" жасұнақ кӛлемі 6%-дан аспаса – 82 г, 6-12% болса – 107 г, 12%-
дан асса – 131 г, пішен мен сабанға – 143 г кӛлемінде енгізеді. 
"Құнарлылық коэффициентінің" кӛлемі келесідей: сүт, қант, жүгері, 
картоп үшін - 100%, соя үшін - 98%, арпа, бұршақ, зығыр күнжарасы үшін - 
97%, бидай, қара бидай, сұлы, мақта, рапс, күнбағыс күнжарасы үшін - 95%, 
кендір күнжарасы үшін - 89%, сәбіз үшін - 87%, бидай кебегі үшін - 78%, қара 
бидай кебегі, қант қызылшасы үшін - 76%, азықтық қызылша үшін - 72%. 
Құс шаруашылығы мен ӛндірістік негіздегі шошқа шаруашылығында 
құрамажем қоректілігін 100 грамындағы алмасу энергиясымен (АЭ) ӛлшейді. 
АЭ азықтың жалпы, яғни брутто, энергиясынан (ЖЭ) тезекпен шығарылатын 
қорытылмаған энергиясын (ТЭ), зәрмен шығарылатын эндогендік энергияны 
(ЗЭ), ішек газдарымен шығарылатын энергияны (ІгЭ) алу арқылы шығарады:
АЭ = ЖЭ – (ТЭ + ЗЭ + ІгЭ), ккал не МДж
Қорытылған қоректік заттардың энергиялық коэффициенттері: 
- протеиндікі - 4,5 ккал (18,8 МДж) / г; 
- кӛмірсулардікі – 4,2 ккал (17,6 МДж) / г; 
- майлардікі – 9,3 ккал (38,9 МДж) / г. 
Ӛгіздің ас қорыту барысында әр түрлі қорытылуына байланысты 100 г ірі 
жемшӛп майының май байлауы 47,4 г болса, астық дәнінің майынікі 52,6 г, 
майлы дақылдар мен күнжаралар майынікі 59,8 г болған; кӛмірсулардан 
крахмал мен жасұнық майбайлауы 24,8 г болса, қамыс құрақ қанттікі (науат) 
18,8 г болған. Бұл сандар қорытылатын таза қоректік заттардың, яғни белоктың, 
майдың және кӛмірсулардың, май байлау константалары, яғни тұрақты 
кӛрсеткіштері деп аталып, мал азығының ӛнімдік әсерін (қуаттылғын) май 


79 
байлауымен есептеуге пайдаланылады. Ол үшін жемшӛп химиялық құрамы мен 
қоректік заттар қорытылымын білу қажет. Ӛйткені майбайлау константалары 
мал тіршілігін қамтамасыз етуден тыс берілген
 қорытылатын 
қоректік заттарға 
анықталған. 
О.Кельнердің тәжірибелерінде мал азығының осы константалармен 
(коэффициенттермен) есепетелінген май байлаушылық мӛлшері тәжірибеде 
ӛгіздерге жегізіліп анықталған іс жүзіндегі май байлаушылығы арасында 
біршама алшақтық орын алған. Мысалы, сақа ӛгізге жегізілген зығыр 
шротының әр 100 г құрғақ затынан 34 г белок, 8,4 г май, 26,1 г крахмал мен 
жасұнық қорытылған.
Май байлау коэффициенттерімен есептегенде қорытылған: - 34 г ақуыздан 
(23,5 х 34) : 100 = 7,99 г; - 8,4 г майдан (59,8 х 8,4) : 100 - 5,02 г: - 26,1 г 
кӛмірсулардан (14,8 х 26,1) : 100 = 6,47 г, яғни барлығы 19,48 г май байлануы 
керек. Енді осы шроттың ӛнімдік әсерін ӛгіз денесіндегі азот пен кӛміртегі 
балансы бойынша есептегенде 19,20 г май байлануы шыққан да, азық 
қуаттылығын есептеудің екі жолының арасындағы айырмашылық ӛте аз (2%-
дан кем) болған. Бірақ ӛгіздерге басқа, әсіресе жасұнықты аумақты жемшӛп 
жегізгенде, бұл айырмашылық ұлғая түседі. Мысалы, шалғын пішенінің 100 г 
құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттарынан: 
а) май байлау константалары бойынша... 3,3 г ақуыздан: 3,3 х 0,235 = 0.78 г; 
1,2 г майдан: 1,2 х 0,470 = 0,55 г: 46 г кӛмірсулардан: 46 х 0,248 - 11,41 г, яғни 
барлығы 12,75 г май байлануы күтілсе
(мұны күтулі, есетік май байлануы 
дейді),
б) азот пен кӛміртегі балансымен еспетегенде - 8,1 г май байланымы 
шыққан
(мұны нақтылы май байлануы дейді). 
Демек, бұл екі жолмен 
еептелінген пішеннің ӛнімдік әсерінің айырмашылығы 37%-ға жеткен. Сол 
секілді бидай кебегінің 100 г құрғақ затындағы қорытылатын 0,1 г ақуызк, 0,2 г 
май мен 41,6 г кӛмірсулардан май байлау константалары бойынша 10,42 г май 
байланымы шықса; азот пен кӛміртегі балансы бойынша 2,1 г шыққан, яғни 
айырмашылығы 80%- га жеткен. 
Мұндай айырмашылықтың орын алуын О. Кельнер жемшӛп жасұнығы 
молайған сайын малдың оны қорытуға жұмсалатын энергия шығынының 
ұлғаюымен түсіндірді. Ол оны жемшӛп құрамындағы клетчаткасы молайған 
сайын есептеулі (күтулі) май байлануымы мен тәжірибедегі азот пен кӛміртегі 
балансы бойынша шығарылған ӛгіз денесіндегі нақтылы май байланымы 
арасындағы айырмашылықтың ұлғаюынан байқаған. 
Тәжірибе жүзінде желінген аумақты ірі жемшӛптің (пішен, сабан) "шикі" 
жасұнықтың әр 100 г есептеулі май байланымымен салыстырғанда нақтылы май 
байланымын 14,3 г кемитіні анықталған. Сондықтан ірі жемшӛптің жасұнық 
кӛлеміне сәйкес шығарылған есептеулі май байланымынан осы деңгейдегі май 


80 
байланымын алып тастап, нақтылы май байланымын шығарған. Бұл ірі жемшӛп 
май байланымына қолданылатын алып (шығарып) тастау түзетуін ол 
"жасұныққа шығару" деп атаған. Оны кӛк азықтың (кӛкшӛптің) май 
байланымын есептегенде де қолданады.
Құрамындағы жасұнығы аз, қорытылуға ықпал етпейтін кӛлемдегі, 
шырынды және құнарлы жемшӛптің есептеулі және нақтылы май 
байланымындағы айырмашылықтың болмауын, О. Кельнер олардың 
құрамының толық құндылығымен, ал айырмашылықтың болуын жартылай 
бағалылығымен 
(жартықұндылығымен) 
түсіндіріп, 
соңғыларына 
осы 
айырмашылықты түзететін арнайы бағалылық коэффициенттерін қолданған. 
Жоғарыда келтірілген мысалдағы 100 г шалғын пішеннің есептеулі майбайлауы 
12,75 г да, нақтылы майбайлауы 8,1 г, демек оның бағалылық коэффициенті 8,1 
: 12,75 = 0,63-ке тең болады. 
Осы түзетулерді қолдана отырып түрлі жемшӛптің нақтылы май 
байланымын 1 кг крахмалдың 248 граммға тең май байланымымен салыстыру 
арқылы олардың крахмалдық тенеуін шығарады. Оны есептеу үшін 
қорытылатын белоктің 235 : 248 = 0,94-ке, қорытылатын майдың 474-598 : 248 
1,95-2,45-ке, қорытылатын азотсыз тұнба заттар мен жасұнықтың 248 : 248 = 
1,0-ге тең коэффицентерін қолдануға болады. 
Мысалы, 100 кг пішенде 2,8 кг қорытылатын белок, 1,6 кг қорытылатын 
май, 23,9 кг қорытылатын азотсыз тұнба заттар, 13,5 кг қорытылатын жасұнық 
болса оның есептеулі крахмалдық теңеуі 43,09 болмақ. Ӛйткені... 
2,8 кг 
қорытылатын ақуызы 2,8 х 0,94 - 2,63 кг; 1,6 кг қорытылатын майы 1,6 х 1,91 
= 2,06 кг; 23,9 кг қорытылатын АЭЗ-ы 23,9 х 1,00 = 23,9 кг; 13,5 кг 
қорытылатын жасұнығы 13,5 х 1,00 = 13,5 кг... 
майбайлауы тиіс, бірақта оның 
құрамындағы 25,6 кг жасұнықтың қорытылуына қосымша энергия жұмсалып, 
күтулі майбайланымын әр 1 кг "шикі" жасұныққа 143 граммға, немесе 143 : 248 
= 0,58 крахмалдық теңеуге, тӛмендетеді. Сондықтан пішеннің нақтылы 
майбайлауымен бағаланатын ӛнімдік әсері, яғни қоректілігі, 0,58 х 25,5 = 14,79 
крахмалдық теңеуге кемітіліп, 43,09 - 14,71 = 28,3 крахмалдық теңеуге тең 
шығады. 
Жемшӛп қоректілігін сұлы азық ӛлшемімен (с.а.ӛ.) есептегенде де 
О.Кельнердің 
қорытылатын 
қоректік 
заттарға 
анықтаған 
майбайлау 
коэффициенттерімен (константаларымен) нақтылы майбайланымын табады да, 
с.а.ӛ. ретінде алынған орта сапалы 1 кг сұлы дәнінің сақа ӛгіз денесіндегі 148,8 
граммға (150 г) тең майбайлауына бӛледі. Майбайлауы бойынша 1 с.а.ӛ. 
қоректілік қуаттылығы - 0,6 крахмалдық теңеуге немесе 1414 ккал майбайлау 
энергиясына тең. Демек, крахмалдық теңеуді сұлы азық ӛлшеміне айналдыру 
үшін 100 : 60 = 1,67 коэффициентіне кӛбейтеді. 


81 
О.Кельнердің 
тәжірибелік 
мәліметтеріне 
негізделгендіктен, 
азық 
қоректілігін сұлы азық ӛлшемімен бағалау, азық қоректілігінің бір қырьша, яғни 
сақа ӛгіз денесіндегі майбайланымына негізделген. Бұл бордақылаудағы малға 
қолдануға бейімді тәсіл болғанымен. сүт, жүн, тӛл секілді басқа ӛнім алуға 
ӛсірілетін мал ӛнімділігінің негізгі кӛрсеткіші бола алмайды. Сондықтан сұлы 
азық ӛлшемімен қатар бүгінде құс шаруашылығында азықтың жалпы 
энергетикалық қорекгілігін бағалауда килокалория (ккал) не мегаджоульмен 
(МДж) белгіленген алмасу энергиясы (АЭ) алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет