120
сақтап, жағымды да хош иісті, жеміс немесе жаңа піскен нан иісті болуы тиіс.
Түсінің қоңырланып, қарая бастауы, иісінің жағымсыздығы сүрлемнің
бұзылғандығының белгісі болып табылады. рН кӛрсеткіші 4-4,2-ге жетпеген
сүрлемде түрлі микро- биологиялық процесс, ең алдымен copy күші зор
кӛгерткіштер мен ашытқылар жетіліп, сүрлемді кӛгертіп, бұзады.
Малға жегізерде сүрлем сапасын А.И.Михин тәсілі бойынша түсі, иісі,
құрылымы мен қышқылдығы бойынша 12-баллдық шкаламен бағаланады:
түсіне 0-3 балл, иісіне - 0-4 балл, қышқылдығына (рН бойынша) - 0-5 балл
беріліп, соммасында 10-12 балл жинаған сүрлем - ӛте жаксы. 7-9 балл жинаған
сүрлем – жақсы, 4-6 балл жинаған сүрлем – орта, 2-3 балл жинаған сүрлем –
нашар сапалы, 2 балл жинамағаны – малға жегізуге жарамсыз болып
есептелінеді.
Сапалы сүрлемді ірі сауын сиырға тәулігіне 25-35 кг-нан беруге болады.
Оны қамтамасыз ету үшін әр сиыр басына жылына 35-40 ц сүрлем дайындайды.
Дайындалған сүрлемнің мӛлшерін оны салған ордың аумағын 1 кубметрдегі
сүрлем салмағына кӛбейтіп шығарады. Ор (траншея) аумағын келесі
формулалармен есептейді:
а) сүрлем салынған ор дӛңгелек болса, оның кӛлемін енімен (Е) ӛлшенген
диаметрі мен тереңдігі немесе биіктігімен (Б) ортасының шығыңқы, сопақ не
дӛңестігін ескере отырып – (Е
: 2)
2
х 3,14
Б;
ә) тӛрт бұрышты орлар (траншеялар) үшін олардың кӛлемін астыңғы (E
1
және үстіңгі (Е
2
) ені, астыңғы (Ұ
1
) және үстіңгі (Ұ
2
) ұзындығы мен тереңдігі
(биіктігі -
Б) ӛлшемімен - [(Е
1
+ Е
2
,): 2] х [(Ұ
1
, + Ұ
2
): 2] х Б
жер бетінде дӛңестеліп жиналған сүрлем биіктігін жапқан қабатың
санамағандағы асырмасының екіден бір бӛлігін қосып табады.
Табылған ор (траншея) кубтық метр аумағын:
-
әр түрлі дақылдардан салынған сүрлем үшін - 560- 600 кг-ға;
-
күнбағыс, табиғи шалғын кӛгінен салынған сүрлем үшін - 500 кг-ға;
-
жүгері, тамыр-түйнек жемістілер пәлегінен салынған сүрлем үшін - 550
кг-ға кӛбейтіп, салынған сүрлем массасын (салмағын) шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: