Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет70/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

. 1!Тӛмен сауымды сиырға шырынды азықтың 1/3, орта 
сауымдысына 2/3, жоғарысына - 1/2 бӛлігін тамыржемістілермен 
толықтырады; мүйізді ірі қарарационында сүрлем мен ірі азықты пішендемен 
алмастыруға болады: жазғы кезеңде шырынды және ірі азықты кӛк азықпен 
ауыстырады; 
2) Мал ӛнімділігі ӛскен сайын рационда аумақты азық үлесі кемітіліп, 
орнына құнарлы азык, үлесі молайтылады; тұқымдық тӛл рационында 
құнарлы жем мӛлшері 10-15% ӛсірілсе, ұрық алынатын бұқа жеміне 5-10% 
жануар тектес азық қосылады; 
3) Шошқа рационында жасұнық кӛзі ретінде шӛп ұны беріледі, ал 
жемінің құрамында 3-5% жануар тектес азық қосылады; жазда жем үлесі 75-
90%-ға дейін жеткізіліп, шырынды, ірі азық орнына кӛк азық беріледі. 
Азықтандыру 
рационына,
 
яғни малға жегізілетін азықтар,а мал түлігінің 
сүйсініп жейтін жемшӛбі мен қоректілікгі жоғарылататын қосындылары ас 
қорыту барысына оңтайлы кӛлем мен ара-қатынаста енгізілулері керек. 
Рациондағы жемшӛп тобының жалпы қоректілігі бойынша пайыздық 
арақатынасы оның құрылымын айғақтайды. Мал түлігінің жасы, жынысы, 
физиологиялық ахуалы, ӛнімдік бағыты мен ӛнімділігіне байланысты рацион 
құрылымында шырынды (кӛк), ірі және құнарлы жемшӛп тобтарын белгілейді. 
Мысалы, күйіс қайратын мүйізді ірі және ұсақ қара мал түлігінің рационында 
аумақты ірі және шырынды жемшӛп кӛлемі жалпы қоректілігінің 70-80%, ал 
құнарлы жем 20-30% құрастырса, қарапайым қарынды шошқа рационында 
құнарлы жемнің үлесі 80-90%-ға жетеді. Жазғытұры шырынды және ірі азықты 
кӛкшӛппен алмастырады. 
Желінген жемшӛп жақсы қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі 
кӛлеміне ірі азықтар кӛлемі берілуі шарт. Ӛйткені ірі азықтың аздығынан ас 
жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен зиянды 
құбылыстар туындайды. Керісінше, тым мол жасұнық деңгейі, оның ӛзінің және 
басқа да қоректік заттардың қорытылуына кедергі туғызады. Айталық, 20-25 кг 
шырынды азық берілген 400-500 кг сиырға, ас қорыту жолын толықтырып, 


133 
рецепторларын тітіркендіріп, қарын моторикасы мен ішек перистальтикасын 
қалыпты жүргізу үшін кемінде 4-5 кг, яғни тірілей салмағының әр 100 кг-на 1 
кг-нан аса ірі жасұнықты жемшӛп жегізілуі керек. 
Мал ӛнімділігі ӛскен сайын рационда аумақты азық үлесі кемітіліп, орнына 
құнарлы азық үлесі молайтылады. Мысалы, тұқымдық тӛл азығында құнарлы 
жем кӛлемі басқа тӛлдікінен 10-15% арттырылса, ұрық алынатын бұқа жеміне 5-
10% жануар тектес азық қосылады. Шошқа рационында жасұнық кӛзі ретінде 
шӛп ұны беріледі, ал жеміне - 3-5% жануар тектес азық қосылады: жазда жем 
үлесі 75-90%-ға дейін жеткізіліп, шырынды, ірі азық орнына кӛк азық беріледі. 
Осылайша азықтандыру рационына кіретін жемшӛп кӛлемін мал 
мұқтаждығының кӛрсеткіштеріне сәйкестендіріп белгілейді. Ол үшін, алдымен, 
берілетін азықтар кӛлемін, азық ӛлшеміне алмасу энергиясы бойынша 
энергетикалық мұқтаждыққа сәйкестендіреді де олардың желінуін, яғни мал 
қарнына сиюын, 100 кг тірілей салмағына шаққандағы құрғақ зат кӛлемі мен 
бақылайды. Содан кейін рационның құрылымдық қоректілігін қорытылатын 
протеин бойынша сәйкестендіріп, мал қажеттілігіне сәйкес ас тұзын, кальций- 
фосфор, каротин қосындыларымен толықтырады. 
Рациондағы басым азық түрімен азықтандыру типін айғақтайды. 
Шаруашылықта қалыптасқан жемшӛп қорына, ондағы басым азықтық 
дақылдарға байланысты мал басын азықтандырудың пішендік, пішендемелік, 
сүрлемдік, жемдік, пішендік-жемдік, т.с.с типтерін айқындап, солардың 
негізінде әр табиғи-экономикалық ӛңіріне мал түлігі, жыныстық-жастық және 
ӛндірістік топтарына типтік рациондар ұсынады. 
Барлық кӛрсеткіштері бойынша азықтандыру нормасына сәйкес 
құрастырылған рационды толық бағалы (құнарлы) рацион деп атайды. 
Рационный тіпті бір кӛрсеткіші нормаға сәйкес келмесе тӛл ӛсіп-жетілуі 
тежеліп, сақа мал ӛнімділігі тӛмендейді. Бұл ұзаққа созылса мал арықтап, түрлі 
ауруға шалдықкыш келеді. Азықтандыру деңгейі мен сапасын қадағалауды, бір 
жағынан, малға жегізілген жемшӛп құрамы мен қоректілігін, құнарлылығы мен 
сапасын зерттеп, жұмсалған кӛлемін есептеу арқылы қадағаласа, екінші 
жағынан, мал мен құстың сырт түрі мен пошымын, қоңдылығы мен кӛңіл-күйін, 
жүріс-тұрысы мен қимылының сергектігін, тәбеті мен тезек, зәр шығаруын 
бақылап байқайды. 
Рацион минералдық және дәрумендік жеткіліктілігін ол элементтер мен 
витаминдердің қандағы, сүттегі, жұмыртқадағы, жүндегі, ағзалар мен 
мүшелердегі кӛлемімен бақылайды. Минералдық тыңайтқыш кӛп қолданылған 
жердің азығын пайдаланғанда малды нитраттар мен нитриттердің зиянды 
әсерінен сақтандыру қажет. Олармен уланудың бастапқы белгілерін қан мен 
сүттің каротин және А дәрумеңінің азайып, меттемоглабин ұлғаюынан байқауға 
болады. 


134 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет