47
А Б
1.19-сурет – Гибридтер: А) қашыр Б) зеброид
Табиғи жағдайда екі түр ӛкілінің бір-бірімен шағылысуы сирек кездесетін
жайт. Себебі эволюция барысында екі түрдін шағылысуына жол бермейтін
біршама кедергілер қалыптасқан. А.Серебровский бойынша оларға:
1)
Түрлердің бӛлек аймақтарда тарап ӛсуінен олардың кездеспеуі;
2)
Түрлердің кӛбеюі мен күйлеу кезеңдерінің сәйкес келмеуі немесе түрлер
еркегі мен ұрғашысының бір-біріне қарамауы не олардың жыныс мүшелерінің
шағылысуға сәйкес келмеуі;
3)
Түрлердің жыныстық жасушаларының хромосомдық санының және
олардың физиологиялық сәйкессіздігі:
4)
Гибрид ұрықтың тіршілікке қабілетсіз болып, құрсақта ӛліп-кемуі.
Гибридтердің табиғатта тарамауының басты себептерінін бірі - оның
бедеулігі, яғни не аталығы не аналығының стерилдігі. Малды қолдан
будандастыру кӛне заманнан бері белгілі болған. Жылқы мен есекті
будандастыру аркылы жүк артуға, қара жұмысқа тӛзімді және ұзақ уақыт
жасайтын 20 алғашқы ұрпақ кашыр алған, ал қос ӛркешті түйе мен аруананы
будандастыру арқылы қоспақ алу ертеден қалыптаскан әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: