1.3.7. Азық қант минимумын анықтау
Қант минимумы деп сүрленетін азықтағы сүт қышқылының жиналуын рН көрсеткіші бойынша 4,2-ге жеткізуді қамтамасыз ететін ең аз қант мөлшерін айтады. Егер сүрлем қышқылдығы рН бойынша 4,2-ге жетпесе, ондағы микробиологиялық үрдіс тежелмей, қоректік заттары ыдырап, азық сапасы кемиді, ұзақ сақталмайды.
Азық сүрлемделуіне қажет қант минимумын оның үлгісін децинормалды сүт қышқылының ерітіндісімен қышқылдығы рН бойынша 4,2-4,3 болғанша титрлеп анықтайды.
Реактивтер мен жабдықтар: 0,1 н. сүт қышқылының қалыпты ерітіндісі, стакандар, фарфор келі, бюреткалар, әмбебап индикатор қағаз, шыны таяқша, техникалық таразы.
Достарыңызбен бөлісу: |