Топан. Өндеуден өткізілген дәннің қабығы менұнтағынан тұратын мал азығы. Қорек құндылығы, біріншіден, дән ұнтағының мөлшеріне, екіншіден, дән қабығының қаттылығына байланысты. Қылтанды дақылдар топан малдың ауыз куысы мен өңеш, қарынның кілегей қабығын зақымдандырып, актиномикозға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан оларды малға алдын ала буландырып жегізген жөн. Қоректілігі бойынша сұлы, тары, қылтансыз арпа жаздық жұмсақ бидай, содан кейін күздік бидай мен қарабидай, бұршақ тұқымдастардың, әсіресе беденің топаны бағалы. Астық тұқымдастар топаны - жылтыр, сары, бүрша тұқымдастардікі - бозғылт, көк-боз түсті, жағымды, хош иісі болуға тиіс. Ылғалдылығы 16%-дан асып, қызып, көгеріп шіріген немесе мүзданып қатқан бөлігі 10%-дан, өндеу барысында топырақ-құммен көп ластанған, әсіресе тотықтандырғыш және головнялық саңырауқұлақтарымен едәуір зақымдалған топанды мал азығына қолдануға болмайды. 1 кг топанда - 0,3-0,4 а.ө., 5-10 г Са, 2-3 г Р, астыұ түқымдастардікінде - 15-25 г, ал бұршақ тұқымдастардікінде 35-45 г қорытылатын протеин болады.
1-тапсырма. Шаруашылықтағы топан түрімен танысып, түсі, иісі қызып не көгергені, топырақ, улы және зиянды қоспалармен ласталуы бойынша бағалаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |