Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет53/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

Бұтақты азық. Қуаңшылық жылдары мал азығын жуандығы 1-1,5 см,-ұзындығы 30-40 см қайың, терек секілді жапырақты ағаштар бұтағын жапырағы жетіліп тұрған кезеңінде жұлып, буып, іліп кептіреді немесе сүрлемдеп дайындайды. Органикалық затын күйісті мал 50%-ға дейін қорытатын, 1 кг-да 0,12-0,17 а.ө., 20-30 г қорытылатын протеин, 30-70 мг каротин болады. Малға жегізерде турап сақтап немесе балғалы ұнтақтағышпен (дробилка) ұнтақтап береді.
Қылтанды ағаш (қарағай, шырша) бұтағын қысқы кезеңдегі витаминдік азық ретінде дайындайды. 1 кг қылтада 100 180 мг каротин, 2-3 мг С, 5 мг В2 витамині болады. Қарағай дайындағанда 1 гектардан 10-12 т қылтан ұнын дайындауға болады. Клетчаткасы мен сағызы көп болғандықтан, малға витаминдер жетіспеген жағдайда шектеп жегізеді. Төлге витаминдік қорек ретінде қылтан сүзбесін ішкізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет