Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет62/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

3.4 Микроб тектес азық

Мал шаруашылығы азықтық қорын толықтыру үшін микробиологиялық және биотехнологиялық өнімдерді кеңінен қолдану қажет. Биотехнология дамуының арқасында қазіргі кезде мал азығына лизин, метионин, треонин т.б. аминқышқылдарын, каротин, Д2, В2, В12, витаминдерін, амилосубтилин, протосубтилин, пектаваморин, пектофоетидин т.б. ферменттік қосындыларын, гидролизді қантты, антибиотиктерді т.б. микробиологиялық түзу заттарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік туды. Оған микробиологиялық өнім түзудің жылдамдығы әсер етеді – 1 т қорытылатын протеинді 2 га жерге себілген 3 айда өндірсе, 300 м3 ферменттердегі азықтық ашытқы бір-ақ тәулікте өндіреді.


Ашытқы.Қолданылуына сәйкес наубайханалық, сыралық, спирттік, шараптық, азықтық т.б. ашытқылар деп ажыратылады. Олардың бәрін мал азығына пайдалануға болады. Эволюциялық даму сатысында ашытқы өсімдік пен жануар аралығында болғандықтан, оның протеинінің биологиялық құндылығы да өсімдік азықтікінен жоғары жануар тектес азықтікіне жақын келеді – метионині мен цистині аз болғанымен 90% құрғақ затының 40-65% құрайтын протеинінде лизин 6-8%-ға жетеді. Витаминдік құрамы жағынан барлық азықтан басым түседі – азықтық ашытқының 1 кг-да 5-20 мг тиамин, 40-150 мг рибофлавин, 50-100 пантотен қышқылы, 3-6 мг холин, 300-800 мг никотин қышқылы, 8-18 мг пиродиксин, 0,6-2,3 мг биотин, 10-35 мг фолий қышқылы т.б. биологиялық пәрменді заттар болады. Ультракүлгін сәулемен өңделген ашытқының1 г Д2 витаминінің 10-15 мың ХӨ байытылады. 1 кг қоректілігі 1,15 – 1,2 а.ө. жететін ашытқыны құс пен шошқа құрама жеміне 3-10% шамасында қосады.
Тек ескеретін жай, ашытқыда нуклеопротеидтердің көп болатындығын (жалпы азотының 20% белоктан тыс азотты қосындыларға, оның ішінде 8-13% пурин мен 4% пирамидин негіздеріне тиеді), денедегі белок алмасуы зәр қышқылымен аяқталатын құс және гуанин мен ксантинді әлсіз тотықтыратын торай организмінде бұл буындарда зәрқышқылды тұздарды көп шөктіріп, подаграға ұшыратуы, ал сапасыз ашытқыны пайдалану құсты кандимикозға шалдырықтыруы мүмкін.
Ағаш өңдеу, целлюлоза және спирт өндіру өндірісі қалдығы мен мұнай-газ көмірсутегін пайдалана отырып, құрамында 43-56% протеині бар азықтық ашытқы өсіреді. Оны шошқа жемін шектік аминқышқылдарымен, әсіресе протеинінің 6-8% құрайтын лизинмен байытуға қолданады.
Наубайханалық ашытқыны көмірсуға бай мал азығын ашытқылауға пайдаланады. Ол үшін 100 г 500 мл ас тұзының 1%-дық ерітіндісінде ерітілген ашытқыны 1 кг картоп, қызылша, буландырылған ұнтақты азыққа 5 г есебінен 30-350С жылылықта біркелкі араластырып, жауып қояды да, 2-2,5 сағаттан кейін басқа мал азығына қосып жегізеді.
Ашытқымен қатар мал азығына паприн, аминобактерин, сутегін тотықтырғыш бактериялар биомассасын, ашытқы өндіру қалдығы секілді микробиологиялық түзудің белокті-витаминді қосындыларын пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет