Сабан. Сабан дәнді дақылдардың сабағы мен жапырағынан тұратын қалдығы. Құрамында әбден лигнинделген клетчаткасы 30-45% шамасында болғандықтан қиын қорытылатын, негізінен күйісті малға жегізілетін, ірі (қатайған) мал азығы. Целлюлозасының лигнинделу дәрежесі жоғары болғандықтан, қорытымы өте төмен күздік дакылдар сабанын төсенішке, басқа қажеттілікке жұмсап, жаздық дақылдардың ірі және ұсақ мүйізді қара мал азығына алдыменсұлы, тары, арпа, содан кейін бидай, ұнтақталған жүгері мен бұршақ тұқымдастар сабанын жұмсайды.
Сабанның қоректілігі түріне, дайындау мезгілі мен сақтау мерзіміне байланысты өзгереді. Сабанды түріне, түсіне, иісіне, тазалығына, ылғалдылығы мен басқа өсімдіктер қосылуына қарап бағалайды. Сапалы сабан дақылдық табиғи түсті, қарайып- көгермеген, шірімеген, сакталғанда қатып, жабыспаған, бөгде күйік, шірік, көгерген иіссіз, шаңсыз, таза болуға тиіс. Мал азығына дайындалған сабанға қойылатып 46149-83 ССТ талабы бойынша ылғалдылығы 17%-дан, басқа қосындылар күздік дақыл сабанында - 5%-дан, жаздық дақыл сабаннында - 12%-дан, улы және зиянды өсімдіктер - 1%-дан, ал жекелеген суырмада - 0,2 кг-нан, аспауы керек.
Шаруашылықта маяланып дайындалған сабан аумағын жоғарыда пішен маясына келтірілген формулалармен есептеп, мая биіктігіне байланысты 1 м31,5 ай сақталған арпа, сұлы сабаны - 50-55 кг, тары сабаны - 45-50 кг, бұршақ сабаны -60-77 кг, қара бидай сабаны - 35-50 кг тартатын сабан салмағына көбейтіп, мөлшерін шығарады. Сабанның малға жегізілуін жеңілдетіп, қоректік құндылығын арттыру үшін алдын ала өндеуден өткізген жөн. Сабан өндеуді үш тәсілмен жүргізеді:
а) ұсақтау, турау, мыжу, араластыру, ылғалдандыру, буландыру, қайнату секілді физикалык әдістер сабанныц желінуін жеңілдетеді;
б) кальцийлендіру, сілті және қышқылмен өндеу, аммиак суын бүрку секілді химиялық әдістер сабанның желінуімен қатар қорытылуын арттырады;
в) өздігінен жылыту, сүрлемдеу, ашытқылау, ферменттермен өндеу секілді биологиялық тәсіл әдістер сабанның желінуі, қорытылуын арттырумен қоса биологиялық (протеиндік, витаминдік) құндылығын өсіреді.
Механикалық физикалық әдістер сабанды шайнауға жұмсалатын мал энергиясын үнемдесе, физика-химиялық химиялық және химиялық әдістер, бір жағынан, гемиюлоза-лигнин кешенінің байланыстарын әлсірету, екінші жағынан, күйісті малдың месқарнындағы микрофлора дамуына оңтайлы жағдай туғызу арқылы сабан клетчаткасының қорытылуын жеңілдетеді. Бактериялық ашытқы қолдануға негізделген биологиялық әдістерсабанды негізінен В тобының витаминдерімен, ал протеинін ауыспайтын аминқышқылдарымен байытады.
Шаруашылықта малға сабанды ең болмағанда шайым физика-механикалық әдістермен (турап, ұсақтап, арластырып, бөктіріп, буландырып) өңдеп барып беру керек. сабанды бөктіру, яғни өздігінен қыздыру үшін орға салып, жылы суландырып, жауып қояды. 1-2 тәулікте сабанның ішкі температурасы 70-80°С-қа дейін қызып, оны жұмсартып, жағымды иістендіреді. Ордағы сабанды содан кейінгі 2-3 тәулікте біртіндеп салқындағаннан кейін малға жегізеді. Осылай дайындалған сабанды азықтық сірне (мелясса), туралған қант қызылшасын, аммоний суперфосфаты және сульфатымен араластырып, температураға төзімді ашытқымен ашытса, сабанның протеиндік-витаминдік құндылығы артады. 15-20% сабан, 80-85% көк балаусадан салынған сүрлемнің 1 т сабанына10 г пропионқышқылды және сүтқышқылды бактериялар ашытқысын қосып немесе 16 кг ас тұзымен 3-5 гемицелюлаза ГР, целловиридин ГЗХ, пектофоетидин ГЗХ, анаморин ПХ ферменттік препараттардың бірі ерітілген су бүркіп, нығыздап жауып, 4-5 апта ферменттелген кейін малға жегізеді.
Химиялық әдістерден шаруашылықта қолдануға қарапайым да тиімдісі - сабанды әктеу (кальцийлеңдіру) болып табылады. Оны П.А.Кормщиковтың (1937) әдісімен іске асыруға болады. Ол үшін аралары ашық тақтай үстіне жайылған сабанның әр 1 центнерін 1,5-2 л суда бөктірілген 3 кг әкпен(СаО) өндеп, 18-20 сағаттан соң күйісті малға сабан клетчаткасының қорытылуы жақсарады. Л.В. Котовский (1937) мұны әктің (сілтінің) месқарын химусының реакциясын сілтілендіріп, целлюлозан ыдыратушы микрофлораның дамуына жәйл жағдай туғызуымен түсіндірді.
Сілтімен (аммиакпен) өнделген сабанды сумен шаймай бірден малға жегізуді Л.Н.Николаевада (1933) ұсынады.
Месқарында сілтілі орта орта орнату үшін 1 т сабанды 30-40 кг NaOH ұнтағы не 80-100 л 30%-дық ерітіндісімен, 30 кг сұйық аммиак не 100-120 л 25%-дық аммиак суымен, сондай-ақ, аммоний қоскарбонаты, зәрлік (мочевина) ерітіндісімен, т.б. өңдеуге болады. Орташа 1 кг сабанда 0,25 (бидайдікінде - 0,22, арпанікінде - 0,34) а.ө., 10-17 г қорыт. прот., 3-5 г Са, 0,8-1 г Р болады.
1-тапсырма. Шаруашылықтағы сабан мөлшерін есептеп, сапасын бағалаңдар. Осы сабанды өңдеуге қанша әк немесе каустикалықcода жұмсалатынын есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |