4.5.1. Мегежін мен қабан азықтандыру
Мегежін азықтандыруын жасына, салмағы менфизиологиялық ахуалына сәйкес ұйымдастырады. 2 жасқа дейінгі шошқаның өсуі аяқталмағанын ескеріп, жасмегежіннің салмақ қосуы мен арықтаған мегежіннің қоңын көтеруіне азықтандыру деңгейін 1кг қосымша салмақ қосуына - 4 а.ө., яғни 44,2 МДж АЭ есебінен өсіреді. Қысыр мегежіннің күйін келтіру үшіназықтандырудеңгейі ұрықтандырудан 10-14 күн бұрын 25-30% жоғарылатылады. Сол секілді мегежін буаздығының соңына қарай, яғни қоректік заттарға мұқтаждығы күрт өсетін екінші жартысында, азықтандыруқоректілігі 15-20% үстемеленеді.Үстемелеп азықтандырғанда мегежіннің тым семіруі де ұрықтануына кері әсер ететінін ескереді.
Қоңданып, күйі келген мегежін дер кезінде нәтижелі ұрықтанып, 114 тәуліктен соң салмағы (3 ай + 3 апта + 3 күн) 1,2-1,3 кг тартатын, орта есеппен, 10-12 бас торай туады. Мұншама көп ұрықтың эмбрионалдық өсіп-дамуына көптегенорганикалық және минералдық заттар қажет етіледі. Буазды кезеңінде жатырдағы 10-12 бас торай дамуына 1,5-1,7 кг белок, 150-160 г Са, 80-85 г Р жұмсалып, мегежін денесіндегі қоректік заттар қоры 1,5-2 есе өседі. Содан буаздық барысында мегежіннің энергетикалық алмасуы 25-45%жоғарылап, дұрыс азықтандырылған жағдайда жас мегежін салмағы - 50-55 кг, сақа мегежіндікі - 35-40 кг ауырлайды.
Мұны қамтамасыз ету үшін 100 кг тірілей салмағына берілетін құрғақ зат көлемі... буаз 2 жасқа дейінгі жасмегежінге - 1,8-2,4 кг, 2 жастан асқан сақа мегежінге - 1,2-1,6кг, торай емізетін мегежінге — 3 кг болып, оның әр 1 кг қысыр және буаз мегежін азығында - 1,05 а.ө., 11,6 МДж АЭ,140 г және 105 г қорытылатын протеин, 6 г лизин, 3,6 гметионин + цистин, 8 г Са, 7,2 г Р, 81 мг Ғе; торайын емізетін мегежін азығында - 1,30 а.о., 14,4 МДж АЭ; 186 г "шикі" және145 г қорытылатын протеин, 8 г лизин ; 4,8 г метионин+ цистин ; 140 г, 70 г аспайтын шикі жасұнық; 7 г Са, 5,6 г Р,116 мг Ғе болып, қалған микроэлементтер мен витаминдеркөлемі келесідей жеткізілуге тиіс: Си - 17 мг, Mn - 47 мг, Zn -87 мг, Со - 1,7 мг, I - 0,25 мг, каротин - 12 мг, А витамині -5,8 мың х.ө., Д витамині - 0,6 мың х.ө., Е витамині - 41 мг, В, витамині - 2,6 мг, В2 витамині - 23 мг, В3витамині - 7 мг, В4витамині - 11,6 мг, В6витамині - 80 мг, В12витамині -29 мкг. Мегежінді еметін әр торай басына 0,33-0,38 а.ө. жеткізілуі керек те, 1 кг сүтпен 300-350 г ақуыз, 2,1 г Са, 1,2 г Р шығарылатындықган, 1 а.э. 110-112 г қорытылатын протеин, 7,2 г Са, 5,9 г Р болуға тиіс.
Мегежін азығының құрғақ затындағы энергия мен қоректік заттардың шоғырлану деңгейі "шикі" клетчатка көлемімен реттестіріледі. Қысыр мегежін рационының құрғақ затындағы "шикі" клетчатка көлемі - 12% құраса, торай емізетін мегежін азығында - 7-8% дейін азайтылады. Физиологиялық ахуалына сәйкес мегежін азықтандыру нормасы 4.28-кестеде берілген.
4.28-кесте.Тірілей салмағы 140-160 кг мегежін азықтандыру нормасы
Көрсеткіштер
|
Қысыр
кезінде
|
Буаз кезінде, күні
|
Торай
емізетінкезде
|
1-84
|
81-114
|
Азық өлшемі
|
2,8
|
2,2
|
2,7
|
6,3
|
Алмасу энергиясы, МДж
|
31,1
|
24,0
|
29,8
|
69,8
|
Құрғақ зат, кг
|
2,67
|
2,1
|
2,6
|
4,85
|
"Шикі" протеин, г
|
374
|
294
|
360
|
902
|
Қорытылатын протеин, г
|
280
|
220
|
270
|
703
|
Лизин, г
|
16,0
|
12,6
|
15,4
|
38,9
|
Метионин+цистин, г
|
9,6
|
7,6
|
9,2
|
23,3
|
"Шикі" клетчатка, г
|
310
|
294
|
198
|
340
|
Ас тұзы, г
|
15
|
12
|
15
|
28
|
Кальций, г
|
23
|
18
|
22
|
45
|
Фосфор, г
|
19
|
15
|
18
|
37
|
Каротин, мг
|
31
|
24
|
30
|
56
|
Темір, мг
|
216
|
170
|
268
|
563
|
Мыс, мг
|
45
|
63
|
65
|
82
|
Мырыш, мг
|
232
|
183
|
224
|
422
|
Марганец, мг
|
125
|
99
|
121
|
228
|
Кобальт, мг
|
5
|
4
|
4
|
8
|
Иод, мг
|
0,9
|
0,7
|
0,9
|
1,7
|
Каротин, мг
|
30
|
33
|
35
|
40
|
А витамині, мың х.е.
|
15
|
15
|
17
|
25
|
Д витамині, мың х.е.
|
1,5
|
1,5
|
1,7
|
2,5
|
Е витамині, мг
|
105
|
140
|
125
|
200
|
Ескерту.10-нан асқан торай басына емізетін мегежін нормасына 0,33 а.ө. және соған сәйкес қоректік заттар үстемесі қосылады.
Шаруашылықтағы азық қорына байланысты шошқа азықтандыруын жемді, жемді-картопты, жемді-тамыржемісті типте жүргізеді. Азықтандыру типіне сәйкес мегежін азығына 0,1-0,3 кг бұршақ ұнтағын, 0,3-0,5% кг күнбағыс шротын, 0,1-0,2 кг балық ұнын, 2-4 кг жүгері, арпа, бидай, сұлы жармасы мен бидай кебегінен тұратын жем қоспасын, 1-1,5 кг көк сүт, 0,5-0,7 кг шөп ұнын, 4-5 кг буландырылған картопты, 2-3 кг қызылшаны, 4-5 кг құрама сүрлемді, 30-60 г преципитатты, 15-30 г ас тұзын жұмсайды.
Жазда шөп ұны мен тамыртүйнектерді 5-7 кг бұршақ тұқымдастар көгімен ауыстырады. Торайлауы жақындағанда мегежінге жегізілетін азықтар көлемін жартылай азайтып, торайлағаннан кейінгі күні - 8-10 л таза жылы су ішкізіп ертеңіне оған 0,5-0,6 кг сұлы мен арпа ұнтағын, кебек не шротты араластырып беріп, азықтардың толық көлемін беруге біртіндеп 5-6 күнде көшіреді.
Тұқымдық қабанның энергия мен қоректік затқа мұқтаждығы жасы мен салмағына және ұрық алыну жиілігінебайланысты өзгереді. 100 кг т.с. сақа қабанға - 1,5 а.ө., яғни 15-6,6 МДж АЭ жеткілікті болса, екі жасқа дейінгі өсіп жетілуі аяқталмаған қабанға — 2,0 а.ө., яғни 22,2 МДж AЭқажет. 1 а.ө.-де 150 г "шикі", 120 г қорытылатын протеин "шикі" протеинінде 4,8% лизин мен 3,83% метионин+ цистин, ал құрғақ затында - 0,93% Са мен 0,76% Р болса "шикі" жасұнықкөлемі 7%-дан аспауға тиіс (4.29-кесте).
Қабанның энергияменқоректікзатқамұқтаждығынқамтамасызетуүшінкөлеміаз,тезқорытылатын, энергияғақаныққан, протеинмен дәрумендергебай,құнарлыазықтарберіледі.Олүшінрационжалпықоректілігінің75-85% құнарлыжемнен, мысалы, 0,5 кгсұлы+ 0,5 кгарпа+ 0,6 кгбидай+ 0,05 кгжүгері+ 0,1 кгбұршақ+ 0,1 кгкүнбағысшроты+ 0,2 кгбалық ұнынантұратын, 10-15% шырындыазықтан(1-3 кгбуланғанкартоп + қызылша+ құрамасүрлемнентұратын), 3-5% шөп ұнынан(0,4-0,5 кг), 6-8% жануартектесазықтардан(1-2 кгкөксүт+ 0,2 кгбалық ұны+ қан ұны+ ет-сүйек ұны) құрастырылады. Минералдық қоректілігінарттыруүшінрационға15-18 гастұзы, 13-15 г азықтықфосфат, 30-35 гминералды-дәруменді қосынды мен премиксқосылады.
4.29-кесте. Тұқымдық қабан азықтандыру нормасы
Көрсеткіш
|
Тірілей салмағы, кг
|
Рацион
1 кг құрғақ затында
|
151-200
|
201-250
|
251-300
|
Азық өлшемі
|
3,6
|
3,8
|
4,1
|
1,28
|
Алмасу энергиясы, МДж
|
39,9
|
42,2
|
45,4
|
14,2
|
Құрғақ зат, кг
|
2,81
|
2,97
|
3,20
|
-
|
шикі протеин, г
|
536
|
588
|
634
|
198
|
Қорытылатын протеин, г
|
436
|
460
|
496
|
155
|
Лизин, г
|
26,7
|
28,2
|
30,4
|
9,5
|
Метионин+ цистин г
|
17,7
|
18,7
|
20,2
|
6,3
|
Шикі клетчатка г
|
197
|
208
|
224
|
70
|
Ас тұзы, г
|
16
|
17
|
18
|
5,8
|
Кальций, г
|
26
|
28
|
30
|
9,3
|
Фосфор, г
|
21
|
23
|
24
|
7,6
|
Темір, мг
|
326
|
345
|
371
|
116
|
Мыс, мг
|
48
|
50
|
54
|
17
|
Мырыш, мг
|
224
|
258
|
278
|
87
|
4.29 кестенің жалғасы
|
Марганец, мг
|
132
|
140
|
150
|
47
|
Кобальт, мг
|
5
|
5
|
5
|
1,7
|
Иод, мг
|
1
|
1
|
1,1
|
0,35
|
Каротин, мг
|
33
|
34
|
37
|
11,6
|
А-витамині, мың ХӨ
|
16,5
|
17
|
18, 5
|
5,8
|
Д- витамині, мың ХӨ
|
1,6
|
1,7
|
1,8
|
0,6
|
Е- витамині, мг
|
132
|
140
|
150
|
47
|
1-тапсырма. Жемді, жемді-картопты, жемді-тамыр-жемістітшптегішошқаазықтандырурационықұрылымын салыстырыңдар. Ол рациондарда қай аминқышқылдарымен дәрумендержеткіліктілігінжете бақылау қажет. Неге?
2-тапсырма. 0,8 кгжүгері ұнтағы, 0,4 кг арпа жармасы, 0,4 кгсұлы ұнтағы, 0,2 кгбұршақұнтағы, 0,4 кгкүнбағысшроты, 1 кгкөксүт, 0,5 кг жоңышқа ұны, 3 кгқант қызылшасынан құрастырылғантірілейсалмағы160 кг буаздығының 80-күніндегімегежінрационыныңэнергетикалық қуаттылығы мен құнарлылығыншығарып, нормаменсалыстырыңдар.
3- тапсырма. Тұқымдық қабанды ұрық алынатын кезеңде қай азықтармен, қай арақатынаста азықтандыруға болатынын көрсетіңдер. Рацион құрылымын есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |