Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Торай азықтандыру және шошка бордақылау



бет83/90
Дата23.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#132924
түріПрактикум
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90
Байланысты:
Азықтандыру практикумы
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
4.5.2. Торай азықтандыру және шошка бордақылау

Баска түлік төлімен салыстырғанда торай физиологиялық жағынан жете дамымай туады. Эмбрионалдық даму кезеңінде оның, әсіресе, қан түзу, ас қорыту жүйелері онша жетіліп үлгермейді. Бұл туылғаннан кейінгі күндері торайдың ас қорыту сөлінде тұз қышқылы болмауынан туындайтынахлоргидрия салдарынан, қарын ас қорытудағы тікелей протеин қорытуға бағытталған протеолитикалық қызметі мен организмді желінген жемшөппен енген бактерияларды залалсыздандырушылық қорғаныс қызметін тек үшінші айда толық деңгейде атқара алады. Оған дейін торай азықтандырғанда осы жағдайды ескеру қажет.


Туылғаннан кейінгі алғашқы күндері торайды асқорыту сөлінің тұз қышқылынсыз ыдырап, қорытылатын және де енесінің иммундық қасиеттерін беру арқылы резистенттігін, яғни ауруға қарсы тұрушылық қасиетін нығайтатын, белогінің 40% гамма-глобулиндерден тұратын уызға қанықтыру қажет. Шошқа уызы мен сүтінде басқа малмен салыстырғанда кальций мен фосфор, темір менмыс аз болатындықтан, торай қанындағы гемоглобин туылғандағы - 9% көлемінен екі аптада - 3-5% көлеміне дейін төмендеп, торайлар алиментарлыққан азаюына, яғни анемияға ұшырайды. Сондықтан оларға өмірінің алғашкы күнінен бастап кальций-фосфорлық қосынды ретінде преципитат, азықтық фосфат беріп, темір мен мысты 0,5% күкірт қышқылды темірмен (темір купоросы) күкірт қышқылды мыс (мыс купоросы) ерітіндісін енесінің емшегіне жағы арқылы жалатады.
Алғашқы үш аптада негізінен ене сүтімен қоректенгенторай 1 кг салмақ қосу үшін 1,5-4 кг сүт қажет етеді. Демек, бұл кезенде барлық туылған торай басын енесінің сүтімен жеткілікті қамтамасыз етудің маңызы зор. Туылғанторайлардың жылдам өсімталдығына байланысты сүтпен қатар оларды басқа да жеңіл қорытылатын жемшөпке ерте үйретеді Ол үшін оларға туғаннан кейінгі 5-7 күнде тек өздері өте алатын тесікті ашып, енесінен қоршаумен бөлінген қора бөлігінде науаға салынған қуырылған арпа, жүгері дәні, азықтық бор, темірге бай қызыл топырақ жеп дағдыландырады да,енесінен ажыратылар кезде өз бетімен қоректенуге бейімдейді. Жәнеде олар енесінен әдеттегі 60 күннен неғүрлым ерте ажыратылатын болса, қосымша азық жеуге соғұрлым ерте үйретілуі керек.
Ерте ажыратылған торайға ене сүтінің орнына құрамына 71% құрғақкөк сүт, 19,5% шошқа майы, 4 % өсімдік майы, 1% жүгері крахмалы, 1% витаминді әрі антибиотикті премикс, 1,5 % минералды премикс кіретін арнайы құрамажем беріле бастайды.1 кг құрғақ затында - 1,2-1,4 а.ө., 14-17 МДж АЭ, 220-230 г "шикі" және 190-200 г қорытылатын протеин, 10-12 г лизин, 6-7 г метионин мен цистин, 60-80 г май,40-45 г "шикі" жасұнық, 10-12 г Са, 8-9 г Р шоғырланған мұндай құрамажемді торай басына:
а) тек өзін берсе... 10-15-күндігінде - 25 г, 16-20-күндігінде — 50 г, 21-25-күндігінде — 100 г, 26-30-күндігінде -.'25 г, 3І-35-күндігінде — 330 г, 36-40-күндігінде — 450 г, 41-45-күндігінде - 550 г, 46-50-күндігінде — 650 г, 51-55-күндігіңде - 750 г, 56-60-күндігінде - 850 г жегізіп, торай басына 20 кг жұмсайды;
б) басқада сүт, көксүт пен көк не шырынды азықтармен қоса берсе... 16-20-күндігінде — 50 г жемге 100 г сүт, 21-25-күндігінде — 75 г жемге 200 г сүт, 26-30-күндігінде150 г жемге 300 г сүт пен 20 г шырынды азық, 31-35-күндігінде — 250 г жемге 400 г сүт пен 50 г шырынды азық, 36-40-күндігінде — 350 г жемге 500 г сүт пен 100 г шырынды азық, 41-45-күндігінде — 450 г жемге 550 г сүт пен 150 гшырынды азық, 46-50-күндігінде — 600 г жемге 600 г сүт пен 180 г шырынды азық, 51-55-күндігінде - 700 г жемге 650 г сүт мен 200 г шырынды азық қосып жұмсайды.
М.Байтурин, А.Ахметов (1992) жүргізген ғылыми-шаруашылық зерттеу нөтижесі бойынша енесінен ерте ажыратылған торайларға келесі құрамдағы құрамажемді берудіұсынады (4.30-кесте).

4.30-кесте.Енесінен ерте ажыратылған торай кұрамажемі





Ингредиенті

%

Сапалық көрсеткіші

1 кг-да

1

Құрғақ көк сут

18

Азық өлшемі

1,65

2

Арпа ұны

15

Алмасу энергиясы. ккал

4500

3

Сұлы ұны

15

Шикі" протеині г

202

4

Жүгері ұны

10

Шикі" май, г

248

5

Соя ұны

10

Шикі" клетчатка, г

30

6

Ет-сүйек ұны

4

Кальций, г

10

7

Азықтық ашытқы

4

Фосфор, г

8

8

Саломас майы

20

Лизин, г

10/1

9

Кұнбағыс шроты

3

Метионин+цистин

2,3

10

Ac тұзы

0,4

А-витамині, мың х.ө.

2,1

11

Азықтық бор

0,5

Д-витамині, мың х.ө.

1,2

12

Вит.-мин. қоспа

0,1

Темір, мг

105

Торай салмағы мен өсу жылдамдығы артқан сайын, азық кұрғақ затындағы алмасу энергиясы мен қоректік заттар шоғырлану дәрежесі өсіріледі. Броди деректері бойынша жеген азығының 36-40% энергиясы тіршілігін қамтамасыз етуге, 30-35% денесіндегі 1 г түзуіне 42-48 кДж АЭшығындалатын ақуыз(бұлшық ет) пен 1 г жиналуына 53,5-54,2 қДж АЭ шығындалатын май байланымына жұмсалады. Өскен сайын денедегі май байланымының үлесі жоғарылайтындықтан, торайдың 1 кг салмақ қосуына энергия шығыны 20-30 кг тартқанда - 18-19 МДж болса, 90-100 тартқанда - 27-29 МДж болып, азық шығыны 4-5 а.ө.-нен 6-а.ө. дейін ұлғаяды.


Торайдың тәуліктік салмақ қосымы өскен сайын, азық энергиясының тіршілікті қамтамасыз етуге жұмсалатын бөлігінің үлесі азайып, өнім түзуге жұмсалатын бөлігінің үлесі ұлғаяды. Осы заңдылыққа сүйене отырып, бағыттыазықтандыру арқылы торай өнімділігін өсіріп, өнім құнын арзандату қажет. Дұрыс азықтандырылған жағдайда, торайды туылғандағы салмағы... 1 айда 5 есе, 2 айда 15-17 есе тірілей салмағы -18-20 кг, ал 7-8 айда -.90-110 кг тартуыкерек.
Тұқымға қалдырылмаған 3-4-айлық тірілей салмағы25-30 кг торайды жедел бордақылап, 7-8-айлығында – 100-110 кг тірілей салмақпен етке сояды. Бордақылау рацион құрастырғанда бірқарынды мал болғандыктан шошқа еті мен майының сапасына жемшөп құрамының ықпалы күшті екенін ескереді. Бордақылаудағы шошқа майының (салосының) сапасына ықпалы бойынша азықтарды үш топқа бөледі:
1. Май сапасын жақсартатын арпа, қарабидай, тары, бұршақ, сиыржоңышқа, көк сүт, ет ұны, ет-сүйек ұны, майы аз балық ұны секілді азықтарды бордақылаудың бар кезеңінде беруге болады;
2. Май сапасын орташа жақсартатын сапалы құрама жем, көк азық, тамыржемістілер секілді азықтарды бордақылаудың бастапқыжәне ортаңғы кезеңінде беруге болады.
3. Май сапасын төмендететін күнжара, майлы балық ұны, сірне, кебек, сұлы, соя, жүгері секілді азықтарды (бордақылаудың тек басында беруге болады.
Әрі өсіруге жарамсыз деп сақа мегежін мен қабанды құрама сүрлем, көк азық, жем қалдығы, асхана қалдығы, тамыр жемістілер, бақша дақылдары, т.б. арзан азықпен жедел бордақылап, етке сояды. Бордақылаудағы шошқаны 4.31-кестедегі мұқтаждық көрсеткіштеріне сәйкестендіріп азықтандырады.

4.31-кесте.Бордақылаудағы шошқаның қоректік мұқтаждығы


(1 кг құрғақ затында)

Көрсеткіш



Бордақылау кезеңіндегі салмағы, кг

40-60

61-80

81-100

101-120

Тәуліктік салмаққосылымы,г

600-650

650-700

700-750

750-800

Азық өлшемі

1,22

1,1

1,28

1,34

АЭ, МДж

13,5

12,2

14,2

14,9

"Шикі" протеин, г

174

163

161

163

Қорыт. протеин, г

130

117

115

127

Лизин, г

7,3

6,9

6,3

6,6

Метионин+ цистин, г

64

81

70

64

Ас тұзы, г

8,3

8,7

8,1

8,1

Фосфор, г

7,6

7.2

6,7

6,7

Каротин, мг

7

7

5,8

5,8



Tanсыpма. Етке бордақыланған тірілей салмағы 80 кг торайдың энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығын есептеңдер, бордақылаудың аяққы кезінде рационда қай азықтарды, қай мөлшерде қалдыруға болатынын көрсетіңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет