90
Сурет 2 - Өсінділерді заманауи молекулярлық әдіспен идентификациялау
мақсатындағы дайындық кезеңдері
Суретте иденфикациялау жұмыстарын жүргізуге сүт қышқылды
өнімдерден бөлініп алынған өсінділерді дайындау үрдісінен көріністер
көрсетілген. Бұл жұмыстың нақты нәтижесі өсінділердің
тазалығына тікелей
байланысты. Сондықтан ең алдымен өсінділердің тазалығы микроскоптау
әдісімен зерттеліп, арнайы журналға тіркеліп отырды.
3.4.1 Бифидобактерияларды анықтау үшін фосфокетолазаны талдау
нәтижелері
Бифидобактерияларды фосфокетолазды талдау бойынша анықтау
жұмысының нәтижелері
Bifidobacterium
түріне жататын өсінділерді
сәйкестендіру мақсатында фосфокетолаза сынағында жасушаларды бұзу үшін
CTAB ерітіндісін тиімді пайдалануға болатынын растайды.
Бұл әдістің
тиімділігі – морфологиялық сипаты бойынша бифидобактерияларға тән көрініс
көрсеткен өсінділерді жылдам уақытта
Bifidobacterium
туысына жататындығы
немесе бұл туыстыққа жатпайтындығын көрсетеді.
Қызыл-күлгін түс ультрадыбыс немесе ЦТАБ-пен өңделу арқылы клетка
жасушаларының бұзылу үрдісіне қарамастан лактобактериялар жасушаларына
тән емес, фидобактериялар жасушаларының бұзылуы арқылы пайда болады.
Фосфокетолаза
фруктозо-6-фосфатының
белсенділігі
тек
қана
Bifidobacteriaceae
тұқымдастығының мүшелеріне ғана тән. Сол себепті Orban
мен Patterson сипаттаған (2000) әдіс бойынша штамдардың F6PPK
белсенділігін анықтау нәтижесі барлық бифидобактериялар деп болжамданған
7-1С, 7-2С, 7-5С, 7-6С өсінділері оң нәтиже көрсетті.
Бұл өсінділердің
Bifidobacteriaceae
туыстығына жататындығын тез арада дәлелдеуге мүмкіндік
берді [107].
Bifidobacterium
туысына жататын өсінділерді сәйкестендіру
мақсатында фосфокетолазды талдаудағы жасушаларды бұзу үшін цетримоний
бромиді (ЦТАБ) немесе соникациялық салыстыру әдісінің нәтижесі 15 кестеде
келтірілді.
91
Кесте 15 -
Bifidobacterium
туысына жататын өсінділерді сәйкестендіру
мақсатында фосфокетолазды талдаудағы жасушаларды бұзу үшін цетримоний
бромиді (ЦТАБ) немесе соникациялық салыстыру әдісінің нәтижесі
Бактерия өсінділері
Жасушаларды бұзу әдісі немесе түстің
өзгеруі
ЦТАБ (4 ml)
Түстің өзгеруі (6 min)
Lactobacillus helveticus 5-2 M
-
-
Lactobacillus pontis 5-5 M
-
-
Lactobacillus kefiranofaciens 6-2M
-
-
Lactobacillus pontis 6-12 M
-
-
7-1М Lact.lactis subsp lactis
-
-
7-4М Lact.lactis subsp hordiane
-
-
7-8М Lact.lactis subsp lactis
-
-
Bif.crudilactis 7-1C
++
+++
Bif.crudilactis 7-2C
+++
+++
Bif.crudilactis 7-5C
+++
+++
Bif.crudilactis 7-6C
+++
+++
Lactobacillus paracasei 8-2M
-
-
Lactobacillus brevis 8-6 M
-
-
Lactobacillus crustorum 8-9M
-
-
Түс қарқындылығы- = жоқ, + = жарық, ++ = қара, + + + =өте қара.
3.4.2 Api TEST әдісін бактерияларды идентификациялау үшін қолданудың
тиімділігі
Api TEST әдісін бактерияларды идентификациялау үшін қолданудың
тиімділігін
ұғыну
үшін
физиологиялық-биохимиялық
қасиеттері,
фосфокетолазаны талдау нәтижелері бойынша
бифидобактериялар болу
мүмкіндігін көрсеткен 4 өсіндінің көмірсуларды ыдырату қабілеттері
анықталған болатын. Зерттеу нәтижелері аталмыш 4 өсіндінің де
Lactobacillus
brevis
тобына жататындығын көрсетті.
Алайда
Bifidobacterium
өкілдерінің
көмірсуларды ыдырату қабілеті бойынша Чехия мемлекеті, Прага қаласындағы
«Жаратылыстану ғылымдары университеті», «Микробиология, тағамдану және
диетология» кафедрасының зертханасында италяндық сырдан бөлініп алынған
типтік штаммдармен салыстыра отырып зерттелді. Зерттеу нәтижелері 16
кестеде көрсетілген.
Кесте 16 -
Bifidobacterium
штаммдарының салыстырмалы түрде көмірсуларды
ыдырату қабілеті бойынша нәтижелері
Ферменттер
Test
LMG
23609
S13 S17
7-1C 7-2C 7-5C 7-6C
Целлобиоза
CEL
+
-
-
+
-
-
-
Рибоза
RIB
+
+
+
+
+
+
+
92
16 кестенің жалғасы
Ксилоза
DXYL
-
-
-
+
-
-
-
Галактоза
GAL
+
+
+
+
+
+
+
Глюкоза
GLU
+
+
+
+
+
+
+
Фруктоза
FRU
+
+
+
+
+
+
+
Метил-D-
Маннопиранозид
MDM
+
-
+
-
-
-
-
Раффиноза
RAF
+
+
+
+
+
+
+
Манноза
MNE
-
-
-
+
-
-
-
Эскулин
ESC
+
+
-
-
-
-
-
Мелезитоза
MLZ
+
+
+
+
-
-
-
Тураноза
TUR
+
+
+
+
+
+
+
Мальтоза
MAL
+
+
+
+
+
+
+
Лактоза
LAC
+
+
+
+
+
+
+
Мелибиоза
MEL
+
+
+
+
+
+
+
Сахароза
SAC
+
+
+
+
+
+
+
Метил-D-
глюкопиранозида
MDG
+
-
+
+
+
+
+
Гентибиоз
GEN
-
-
-
+
+
+
-
Биохимиялық тест бойынша типтік
B.crudilactis
,
B.crudilactis S13
,
B.crudilactis S17
штаммдары, түйе сүтінен бөлініп алынған 4 өсіндінің де
көмірсулар метаболизмі барлығы үшін де бірдей болып шықты.
Барлық
штаммдар рибозаны, га
лактозаны, глюкозаны, фруктозаны, раффинозаны,
туранозаны, мальтозаны, лактозаны, мелибиозаны және сахарозаны
утилизациялайды. Барлық 7-2C, 7-5C, 7-6C өсінділері көмірсуларды
ферментациялау бойынша
B. crudilactis
типтік штаммына ұқсас профиль
көрсетті. Тек метил-D-маннопиранозид, ксилоза, манноза ферменттері бойынша
өсінділер арасында айырмашылықтар орын алды.
Сонымен қатар түйе сүтінен бөлініп алынған
барлық жаңа өсінділер
эскулин ферментін ыдыратпады. Алайда гентибиоз ферментін тек 7-1C, 7-2C
және 7-5C өсінділері ыдыратты.
B.crudilactis S13, B.crudilactis S17
штаммдарымен және басқа да жаңа өсінділермен салыстырғанда зерттелініп
жатырған 7-1С өсіндісі ксилоза мен маннозаны ферменттеді. Бұл өсінді
сонымен бірге, целлобиозаны, рибозаны, галактозаны, глюкозаны, фруктозаны,
раффинозаны, мелезитозаны, туранозаны, мальтозаны, лактозаны, мелибиозды,
сахарозаны, метил-D-глюкопиранозиданы типтік штамм тәрізді ферменттеді.
Италяндық сырдан бөлініп алынған
Bifidobacterium
өкілдері мен түйе
сүтінен бөлініп алынған өсінділер арасындағы айырмашылықтар 16 кестеде
келтірілген.
Метил-D-глюкопиранозида ферменті тек типтік штаммен және
B.
crudilactis S17
штаммымен ғана ферменттелді.
B. crudilactis
S13 және
B.
crudilactis S17
штаммдары целлибиозаға, ксилоза, манноза, гентибиозаға теріс
әсер көрсетті. 7-1С өсіндісі типтік штамм тәрізді целлобиозаны ферменттеген
болатын.