Омарова аккенже бердихановна


Пробиотикалық препарат өндірісінің технологиясын өндіріске



Pdf көрінісі
бет70/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96
Байланысты:
Диссертация

 
4.1 Пробиотикалық препарат өндірісінің технологиясын өндіріске 
ұсыну 
Пробиотикалық препараттардың микробиологиялық табиғаты ұқсас, 
сондықтан оларды дайындау процесі микробиологиялық өндірістер үшін үлгі 
болып табылады және дайындық және қосымша жұмыстардан, сондай-ақ 
негізгі технологиялық процестерден құралатын жалпы технологиялық сызбаға 
бағынады. Дайындық жұмыстары ауаны, жабдықтарды, киімді, ыдыстарды, 
аспаптарды, тығындауға (тығындар, қалпақшалар) және заттаңбалау 
(заттаңбалар) материалдарын дайындауды қамтиды. Қосалқы жұмыстар – 
сынамаларды дайындау, стандартты қоректік және селективті орталарды, 
қосалқы ерітінділерді дайындау. 
Пробиотикалық препараттар өндірісінің технологиялық сұлбасы олардың 
сапасын қамтамасыз ететін негізгі кезеңдерді қамтиды: қоректік орта мен егу 
материалдарын дайындау және бақылау; микроорганизмдерді өсіру; 
препараттардың дайын түрін алу; нормативтік құжаттамаға сәйкес сапаны 
бақылау, орау, таңбалау және сақтау. 


135 
Препараттарды 
өндіру 
технологиясын 
әзірлеу 
кезінде 
біз 
майсыздандырылған сүт негізінде микроорганизмдерді өсіру кезінде әмбебап 
қоректік ортаны пайдалану – сүтті қайта өңдеу өнімін пайдалану сияқты 
маңызды экологиялық аспектіге назар аудардық. Өнеркәсіпте пробиотикалық 
бактериялар препараттарын табысты өндіру факторларының бірі дұрыс 
таңдалған қоректік орта болып табылады. Нарықтағы сүт қышқылды 
бактериялар үшін стандартты қоректік орталар өсіру анағұрлым қымбат, ал сүт 
қышқылды бактериялардың таза өсінділерін бөліп алуда гидролизденген сүт 
қоректік ортасын, лиофильді кептіру үшін қорғаныш орта ретінде – 
майсыздандырылған сүтті қолдану біршама қол жетімді – қазіргі таңдағы 
экономикалық тұрғыдағы өзекті мәселе.
Біздің зерттеу жұмыстарымызда пробиотикалық өсінділерді өсіруде 
әмбебап қоректік орта – гидролизденген сүт қоректік ортасын қолдану 
мүмкіншіліктері көрсетілген.
Пробиотикалық 
препараттар 
өндірісінің 
технологиясы 
белсенді 
пробиотикалық қасиеттерге ие өсінділерді іріктеп алудан бастау алады. 
Өсінділердің биомассасын алуда тереңдік өсіру әдісі қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет