«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс



бет1/18
Дата20.07.2020
өлшемі158,5 Kb.
#63324
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Алғы сөз

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.


Қазақстан Республикасының президенті

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан

халқына жолдауы
Қандай ұлт болмасын өз ана тілін ерекше қадыр тұтады. Тіл барша адамзаттың рухани кемелдігінің белгісі.

Біздің елімізде басқа ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін, салт дәстүрін сақтай отырып, қазақ тілін ерекше құрметтеп, оны үйренуге талпыныс білдірулері көп көңілін қуантады. Қазақ тілін үйрену мен үйретудің қаншалықты маңыздылығы бүгінгі таңда өмірдің өзі ақ көрсетіп отыр.

«Біздің міндетіміз - 2017 жылғы қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80% - ға дейін жеткізу.

Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 % -ды құрауы тиіс.

Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 % - ы меклекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз барлығын да жасап жатырмыз»

(Президент жолдауынан)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту негізгі ережелерінде мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді оқытудың оқу жүктемесі бекітілген. Стандарт талаптарына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен әдістерді таңдауға, білім беру процесін өздігінен ұйымдастыруға кез келген жаңашыл,ізденімпаз мұғалім құқылы.

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша

Балабақшада балалар барлық мәліметтермен жаңалықтарды ойын арқылы бойларына тез сіңдіреді және есте сақтап қалады.

Жалпы бала өмірде ойын арқылы есейеді, ойын ойнау бала өмірінің ең қызықты кезеңі деуге де болады. Осыған орай баланың жас ерекшеліктеріне, сабақ тақырыбына сәйкес тиімді ойынды таңдай білу қажет екендігін ескердік.

Әсіресе орыс тілді балаларға қазақ тіліне қатысты сөздің дыбыстық құрамын меңгертуде, сөздік қорын дамытуда, сөздерді дұрыс айтуда орынды таңдалып қолданылған ойындарға ерекше көңіл бөлдік.

Қазақ тілі сабақтарында балаларды шаршап, жалықпауын ойын-тапсырмалардың олардың тақырыптарымен, жас ерекшеліктерімен сәйкес болуын, сөздермен ойната сөйлесу, музыкалық үн-ырғақтарды естірте сөйлесу, компьютер арқылы ойындар ойнатудың тиімді екенінде ескердік.


Ұсынылып отырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім » бағдарламасы3-5 жастағы балаларға арналып, жаңа стандарт жүктемесіне, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, ықшамдалып, жинақталып, ІІ кіші топ балаларымен ортаңғы топ балаларына арналып топтастырылып құрастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет