Өмірбаяны Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған



Дата31.12.2019
өлшемі160 Kb.
#53929
түріӨмірбаяны
Дулат Бабатайұлы өмірімен шығармалары

Өмірбаяны

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған.

Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.

 

Дулат "Айтқызбасымды айтқыздың" өлеңінде:



Менің атым – Байғыз қарт,

Көзге түсер сиқым жоқ,

Орынсыз күлер күлкім жоқ,

Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.

Көзге қораш бойым бар,

Теңізден терен ойым бар,

Шынардан биік санам бар,

Атан өгіз ағызған

Ақылдан алпыс салам бар.

Қорған құрыш сөзім бар,

Бұлттан өтіп, мұнарды

Болжайтұғын көзім бар...

Қайратымнан атым зор

Белгілі атым өлемге.

Қорашсынсаң денемді,

Кеудем – ақыл сарайы,

Кірем десең, кел, міне, – дейді.

 

Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.



Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", – деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.

 

Өксігіңді ойласам,



Ұйқы беріп, қайғы алам,

Ел құлағы саңырау,

Кімге айтамын сөзімді?

Дулат сынды сорлыда

Ұйқы, тыныштық бола ма?

 

Әр тақырыптағы өлеңдерінен алынған бұл үзінділерден де "Байғыз қарт" – Дулаттың ерекше сипаттары көрініп тұрған жоқ па?!



Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған.

Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: "жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған" деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар.

Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т.б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді.

Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген. Оның аузына бұрын-соңды ешкім айтпаған:

 

Кеудеме қайғы толған соң,



Тұнық жырмен жуынам, –

 

деген сөздің түсуі де содан.



Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халкы үшін ең киын заман болды. Сондықтан ол шаттық өлең емес, "зар заман" жырын тудырды. Оның жөнін ұлы жыраудың өзінен артық ешкім де айтып бере алмайды. Дулат өзінің "Ақындық туралы" тамаша толғауында "Сары алтынның буындай, тұманың тұнық суындай... сорғалаған нөсердей" жырын:

 

Қайырсыз, сараң байыңды,



Еріншек, есек жарыңды,

Халыққа емес сыйымды,

Парақор баспақ биіңді,

Ел бүлдіргіш бегіңді

Улы тілмен улаттым.

Сана беріп ойына,

Қуат беріп бойына,

Аққан жасы сел болған,

Етегі толып көл болған,

Беріш боп шері байланған,

Ұйқы беріп, кайғы алған,

Қайғылыны уаттым... –

 

деп сипаттайды. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындык мұратын — ел бүлдірушіні "ұлы тілмен улату", "қайғылы қалын елін уату" деп, әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы осы екі арнаның тоғысуынан тұрады.



Жырау шынайы ақындықты өнердің асыл, биік түрі деп білді. Сондықтан өлеңнің, ең алдымен, өнер туындысы ретіндегі қасиеттеріне ерекше мән береді. "Сүлейменге" деген арнау өлеңінде:

 

Сөз-жібек жіп, жыр-кесте,



Айшығы айқын көрінбес,

Өрнексіз тігіп, баттаса, –

 

деп, ал "Ақындар туралы" толғауында:



 

Шашудай болып шашылар

Меруерттей асыл сөз деген.

Жыршылардың шайыры

Асыл сөзді езбеген.

Нысананы дәл басып,

Қалаған жерден көздеген, –

 

деп, шынайы өнер туындысы саналатын өлең мен оның шығарушысына қоятын талаптарын тың метафоралармен әдемі кестелеп жеткізген.



Ақын өзінің ұзақ ғұмырында шығармашылырын аталған талаптарға қатаң бағындырып отырған. Оның бізге жеткен қомақты мұрасынан көркемдігі әлсіз, орта қол туынды табу қиын. Абайдың өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттыларының бірі деп, Дулатты ауызға алуы тегін емес.

Дулат туындылары Қазан төңкерісіне дейін халық арасына кең тараған.

Кеңес кезінде де ара-тұра әр түрлі жинақтарда жарияланып жүрді. Алайда шығармалары түгелге жуық қамтылған көлемді басылымы – белгілі ғалым, марқұм Қ.Әмірәлиевтің құрастыруымен және көлемді зерттеу мақаласымен қоса, 1991 жылы "Замана сазы (өлеңдер мен Дастандар)" деген атпен "Жазушы" баспасынан шыққан жинағы.

Дулат шығармашылығы еліміз егемендік алғаннан бергі жерде оқу бағдарламаларына енгізіліп, мектеп пен жоғары оқу орындарында кеңінен оқып-үйретіле бастады. 2002 жылы республикалық деңгейде атап өтілген туғанына 200 жыл толу мерейтойы қарсаңында ақын шығармашылығын жаңаша зерттеп, тану, кітаптарын шығару жөнінен бірталай жұмыстар істелді.

Шығармашылығы

Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда, басқа өлең-толғаулардағы ойсезімдермен үндесіп жатады.

Сондықтан ақын туындыларын жеке тақырыптар аясында қарастыруда шарттылық басым. Мұны ұлы жырау шығармашылығын оқып-үйрену барысында ескеріп отырған жөн.

Зар заман көріністері

Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ойсанасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның ергіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті. "Тегімді менің сұрасаң" – деген өлеңінде:

 

Аға сұлтан, қазының



Ел сілкінді ісінен.

Ауылдың атқа мінері –

Жемтікке қонған күшіген...

Майырдың алса бұйрығын,

Борбайға қысып құйрығын,

Ел пысығы жортады.

 

Ұлығының бұйрығын алысымен, құйрығын борбайына қысып, безіп бара жатқан ит сияқты пысықтың күлкілі де жексұрын сұрқы оқырман (тыңдаушылар) көз алдына айқын елестейді. "Өзі елді қорқытып, одан өзі қорқатын" бейшараның қылығы кісі жиренетіндей.



Бұл тарихи шындыққа сай типтік бейне екендігін кейін 80-жылдары ұлы Абай күлкі еткен болыстың образымен айны қатесі жоқ ұқсастығынан да көруге болады.

Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады.

Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады.

 

О, Барақ жас, Барақ жас,



Жегенге тоқ, ішсең мас.

Жақсы болса ұлығы,

Өз елін жаудай таламас.

Қасқыр тартып, қан шықса,

Жаман ит жұлып жей берер,

Алды-артына қарамас.

Азғын елдің бектері

Қан шықса, елін жұлмалар

Қасқырменен аралас...

Сендер атқа мінген соң,

Тандыр болып суалды

Шалқар көлдей несібем, –

 

дегі күйінеді, Ақын "Кеңесбайға" деген арнауын да әңгімені осы сарында өрбіте келіп:



 

Ыдысысың параның;

Қотара құйса толмайтын.

Ашылған әбден араның –

Түйені жұтсаң түгімен,

Биені жұтсаң бүгімен,

Қақалмай-ақ толғайтын, –

 

деп, екіжүзділігін, араны ашылған парақорлығын айтады. Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан әкім-төренің арасында бірен-саран болса да жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. "Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді. Мұнда төренің көңілін аулап, жағынушылық жоқ. Егер ақын Сүлейменнің бойынан мін көрсе, Барақ, Кеңесбай төрелер, Ешен қазы сияқты, бетіне айтқызбайтындай ерекше себеп жоқ – Екіншіден, бұл арнауда да Дулат жаңағы төрелердің міндерін айтып шағынады. Егер бұл міндер Сүлейменнің бойында да болса, онда бұлар жайында сөз қозғамас еді. Үшіншіден, өз көзінің атқамінерлерінің елде итше ырылдасып, патша шенеуніктерінің алдында "қыздай қылышты" бола кететін куыс кеуде құнсыздықтарын:



 

Орыстың көрсе ұлығын,

Қыздан-дағы қылықты.

Ұлық кетсе, қазаққа

Қорқау қасқыр құлықты, –

 

деп шенеп, күлкі етеді. Әйтсе де Дулат Сүлейменге елдің нағыз еріне лайық іс тындырдың демейді. Қайта "ниетің түзу болғанмен, сен де айтарлықтай ештеңе тындырған жоқсың" дегенді астарлап жеткізеді.



 

Бірақ, жалған, қайтейін,

Мезгілсіз келіп дүниеге,

Аптапқа түскен басың бар.

Жау айбынар досың жоқ,

Жар-жапсарда қосың бар.

Жылайсың да шыдайсың, –

 

деп, төренің тілегі мен іс-кимылының арасындағы алшақтыққа кешіріммен, түсіністікпен қарайды. Бұл – өте мәнді мәселе. "Отарлық жүйе толық үстемдік құрған жағдайда елі үшін туған ерлер не істеу керек" – деген сұрақ туатыны заңды. Дулаттың күмілжуі мен Сүлеймен төренін бойындағы қайшылыққа "түсіністікпен" қарауы әлгі сұраққа өзінін де анық жауабының болмауынан.



 

Елің үшін еңбек қыл,

Отыра берме бекерге.

Көмбеге тақап қалғанда,

Жүйрікке керек көтерме.

 

"Толқынды теңіздегі сенімді кеме" жайында астарлай сөйлей келе, ақыры шыншыл ақын төренің әрекетсіздігін айтып тынады.



 

Елің үшін еңбек қыл,

Отыра берме бекерге, –

 

дейді. Мұның өзі – білген кісіге ауыр сәз. Ал Сүлеймен төре – білетін кісі. Дулаттың іле-шала "жүйрікке керек көтерме" деп, ауыр сынын жуып-шаюы да сондықтан.



"Атаны бала алдады" деген толғауында ақын елдің жағдайына үңіледі.

 

Елімде ер қалмады,



Артына қарап бұрылып,

Ашпассың елім, көзіңді, – дейді.

 

Сонда халық "артына қарағанда бұрылып", яғни өткен тарихына көз жібергенде қайтер еді? Әрине, бұл арада, алдымен үш жүздің хандары мен билері, қаһарман батырлары қазақтың басын біріктіріп, жоңғар шапқыншыларынан Отанын азат еткенін көрмек. "Ата қоныс Арқадан" толғауында мұны Әмір Темір, Әбілпейіз, Абылай есімдерімен байланыстыра қарайды.



 

Кешегі сенің бір ауызды күніңде,

Үш жүздің ұлы қараған Әбілпейіз,

Абылай – Екі сұлтан сұңқарға, –

 

деп, халқы үшін жауға қарсы аттанған хандардай басшы – көсемдерді армандайды.



Ақын әкімдерді туған еліне "қорқау қасқыр құлықты", "елін жаудай талаған", "ашылған әбден араның" деп қана сынап, сол үшін ғана жек көрмейді. Елді патша өкіметінің жемтігіне беріл қойды, онымен ауыз жаласып, елдің сорын қайнатты, сатты деп кінәлайды.

Елді шен-шекпенге сатылған ел басшылары қор қылғанын айтып, күйінеді.

Заман осы қалпынан өзгермесе, келешекте мұның ақыры халықты көз көріп, құлақ естімеген қандай сұмдықтарға душар ететінімен шошытып, үрейлендірмек болады.

 

Сырғалынды күң қылып,



Солқылдақты жүн қылып,

Күніңді тұман түн қылып,

Қыл мойынға тақалтып,

Шабақтай жемге қақалтып,

Көмейіңе салар қармақты...

Жібек жалын жайнатып,

Ортекедей ойнатып,

Қабырғаңды сөгілтіп,

Аш күзендей бүгілтіп,

Әлі-ақ шауып алады

Түйең менен жылқыңды.

Егін себер жерді алып,

Бұрынғысы өтірік,

Шыныменен енді алып,

Кетірер кәпір сыйқыңды.

 

Мұндай төніп келе жатқан қауіпті сезініп, қам жасаушы ұлтжанды, сергек ойлы, серке сипатты жандарды ел тізгінін ұстағандар арасынан көре алмай торығады. Оның есесіне, "бозақор өңкей мастар", "есерсоқ, ойсыз жастар" көбейіп бара жатқанына налыған кемеңгер жырау:



 

Менің айтқан бұл сөзім,

Саналы болса ой көзің,

Өлең емес, жыр емес,

Құнсыз сөздің бірі емес,

Басыңа түссе білерсің, –

 

дейді толғанып. Ол еркіндігі жоқ халықтың ауыз бірлігі, елдік қасиеті азаяды, әркім қара басының қамын ойлап, сенім-нанымынан айырыла бастайды, ел ішіне неше түрлі жаман қылықтар жайылады деп біледі. Сөйтеді де, дүние-мал мен қарынның құлы – тоғышарлардын қайырым-сыздығын, екіжүзді арамзалығы мен енжарлығын көріп:



 

Тесекте жатқан керіліп,

Түзге отырса ерініп,

Аяғын буған қойға ұқсап,

Мойнын ұсынып беріліп,

Қол созбайды азатқа, –

 

деп ашынады, азаттық, еркіндік дегенді естеріне де алмай, құлдыққа, малайлыққа мойын ұсынып отыр деп кейді.



Түптеп келгендегі Дулаттың аңсаған арман-тілегі – халықтың ұлттық рухын, өзіндік салт-сана, дәстүрін, елдік, ерлік, адамшылық туралы ұғым-түсініктерін сақтап қалу.

 

Би мен бектің сәні жоқ:



Елін қорғай алмаса,

Тура жолға салмаса,

Ыстығына күймесе,

Суығына тоңбаса.

Батырлықтың сәні жоқ:

Елірген тұлпар ерттеліп,

Толғаулы найза қолға алып,

Тұйрын құстай толғанып,

Сары садақ асынып,

Егескен жауды қашырып,

....Ұлын қорып жауынан,

Ереулеген егер дауынан,

Тұтамдап оқ жанбаса.

 

Қазақ жерінің қиыр шығысы мен қиыр батысында араға бір ғана жыл салып дүниеге келген Дулат пен Махамбет туындыларындағы ұлттық бостандық, әлеуметтік әділеттік идеялар әуендестігінің көрінісі болып табылатын бұл өлеңнен де оның авторының шығармашылығына тән сыншылдық ел тәуелсіздігі мен жер бүтіндігін сақтаудан туындап жатқанын көреміз.



Дулаттың арнау өлеңдері ішінде "Ақтанға" деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді.

Ақын Ақтан бала ер жетіп, "бадана көз тоғыз тор сауыт" киіп, қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.

 

О, Ақтан жас, Ақтан жас, Жау қашырар ма екенсің?



Сен ер жетер ме екенсің, Тұлпар атты жаратып,

Жетімдіктің белінен, Құйрық, жалын таратып,

Асып өтер ме екенсің?.. Бежін ерді ерлетіп,

Бадана көз тоғыз тор Жорыққа жортып терлетіп,

Сауыт киер ме екенсің? Сырты қырлы, жүзі алмас,

Білтеліні тұтатып, Салған дағы жоғалмас

Түтін үзбей оқ атып, Сапы асынар ма екенсің? –

 

деп толғайды. Ақынның ойынша, жігіттің даңқын шығарып, оны дегеніне жеткізетін бір-ақ жол бар. Ол – ел мақсаты үшін жан аямай күресу жолы.



Ақын Ақтанның ел үміт күткен сондай жас болуынан үміттенеді.

 

Жетімдіктен өтерсің,



Шаң бермей әлі кетерсің,

Қажыма, Ақтан, қажыма,

Жетерсің, әлі жетерсің.

 

Талмай талпынса, қайраттанып алға ұмтылса, жетім Ақтанның да кейін қатарға қосылатыны, жетілетіні күмәнсіз дейді ол.



Адамдардың мінез-құлқындағы өзгерістер.

Дулат ел өміріне көз жібергенде, адамдар арасындағы қарым-қатынас көріністерін хандық замандағы, бұрыннан келе жатқан өмір қалпы бұзылмаған кездегісімен салыстыра қарайды. Тегінде мәселе хандық билік, бұрынғы ел билеу тәртібі мен феодалдық өмір қалпының ескіргенінде немесе оларға замана ағымына үйлесетін өзгерістер енгізілудің қажеттілігінде емес еді. Мәселе халқымыздың қоғамдық өміріндегі өзгерістердің тарихи қажеттіліктен, эволюциялық даму жолымен емес, күштеумен, отаршылдық саясаттың мүддесіне бағындыра жүзеге асырылғанында еді. Туған халқын отты жүрегімен емірене сүйіп, оның тағдыры толғандырған – Дулат Бабатайұлының шығырмашылығында және сол ұлттың менталитеті мен рухына жат өзгерістер сыншылдық тұрғысынан көрініс тапты. Ақын:

 

Қой зор болып түйеден,



Құлын зор боп биеден,

Сөз оралмай жүйеден,

Бұзақы би боп тізілді.

Лашын өрлеп ұша алмай,

Ер майданға түсе алмай,

Үлкеннің тілін кіші алмай,

Елдегі жақсы бұзылды, –

 

деп, жақсы мен жаман, құндылық пен құнсыздық туралы ұғымдардың әділдік, шынайылыққа кереғар түрде өзгергенін сыншылдық, шыншылдықпен көрсетеді. Ақын байлар саудагерлік жолына түсіп, соның арқасында жамандардың бағасы көтеріліп, қырандар – асыл азаматтар ескерусіз, елеусіз болып қалғанын айтады.



 

Мәстек озып, бәйге алды,

Тайша бұл боп, тай қалды,

Бағасыз қыран жай қалды,

Достықтың қылы үзілді, –

 

дейді кейіспен.



Бірталай үлкен ақындар, солардың ішінде Абай, Сұлтанмахмұт та бар, назар аударған: еңбек етіп, бала-шағасын бағудың орнына тамағы піскен үйді аңдып, иесінің қас-қабағын бағып, жағынатың, аузына бірдеңе тисе, елеуреп шыға келетін кер жалқау қазақ кедейінің бейнесін Дулат та айнытпай жасайды. Ондай сорлының өлер жерін білмей, әулекіленген сыйқы әрі күлкілі, әрі аянышты. Сен де ақынды қайталап:

 

Қымыз құмар, сөз құмар,



Сор құмар өңшең сорлылар,-

 

дейсің ішіңнен.



Ал енді ұлы сықақшы суреттеген мақтаншақ, өтірікшінің сатиралық бейнесі әлгі жалқау кедейдің екінші нұсқасы іспетті.

 

Жау көргенде, көздейсің



Ши бұтаның тасасын;

Жау кеткен соң, жотада

Кердең-кердең басасың;

Бір күн тойса тамағың,

Тасқын судай тасасың;

Қарның ашса бір түске,

Солбырайып солғандай...

 

Адам баласы өмірінің мән-мағынасы бақытқа талпынудан тұрады. Ал сол шынайы бақытты отбасынан ғана табуға болатыны жайында ұлы ойшылдар мен ақындар бірін-бірі қайталап айтумен келеді. Отбасы дегеніміз – ерлі-зайыптылардың бірлікте өмір сүретін ұясы ғой. Демек, бақыт – тағдырларын табыстырған қыз бен жігіттің бір-біріне деген айнымас сүйіспеншілігі, өмірде кездесетін куаныш пен қайғыны, баршылық пен жоқшылықты қатар тұрып, тең бөлісуі, сергек сезімталдықпен бірін-бірі аялап, тату-тәтті ғұмыр кешуі деген сөз.



Бұл үйлесім бұзылған бойда, отбасының қызығы мен берекесі кетіп, бақыты сорына айналмақ. Қазақ фольклоры мен ақын-жыраулар шығармашылығындағы отбасы мәселесінде "жақсы әйел – жаман әйел" тақырыбы дәстүрлік сипатқа ие. Ақын-жыраулар арасында аталған тақырыпқа жыр тудырмағаны кемде-кем. Дулат жаман әйел тақырыбын жекелеп алып, мейлінше өткір де шынайы суреттейді.

 

Жаман болса қатының, Көрінгенмен ұрысып,



Қонбаса айтқан акылың, Қайраумен тілің мұқалып,

Үйіңнің іші жау болып, Қалың өңің жұкарып,

Отыңның басы дау болып, Үйіңнің іші қаңырап,

Көп көзінше қыжыңдап, Өмірден көңлің тоқырап,

Оңашада ызыңдап, Белдеу жаудан жаман жоқ.

Құрбың келсе, құрысып,

 

Ащы болса да, шындық. Және бұл – бір дәуірге, бір ұлт пен ұлысқа ғана емес, барлық заманалар мен халықтарда кездесетін шындық.



XX ғасырдағы орыстың аса көрнекті ақыны А.Твордовскийдің "Василий Теркин" атты поэмасында үйінің шырқын бұзып, дозаққа айналдыратын әйел туралы:

 

Отырғанша оның қасында Миды жеп, төбе тестіріп,



Шыққаның жақсы күніне Атакаға бес кіріп, –

(Қ.Аманжолов аудармасы.)

 

деген ғой. Дулат дәстүрлі суреттеу тәсілдерін шебер жаңғырта отырып, көркем, шыншыл өлең түрін жасаған.



Туған жер тақсіреті

Атамекен – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері ғой. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына балайды. Туған жерге қатынас – адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі.

 

Батырлар жырындағы:



Атам күйеу болған жер,

Анам келін болған жер,

Кіндік қаным тамған жер, –

 

деген қарапайым жолдарда адамның туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген. Бұдан, атамекен адамға өмір сұру қуанышын, еркіндік пен ел үшін мақтаныш сезімін сыйлайтынын көреміз. Адам толық бақытты болу үшін – аяулы Отаны болу керек, сүйіспеншілік жайындағы барлық түсініктеріміз атамекен деген бір ғана сөзге біріккен дейді даналар.



Ұлы дала, ұлан байтақ Отанымызды анталаған жауларынан аман алып қалған да сол перзенттерінің қанына ата құлқы, ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, дәм-тұзымен бекіген сүйіспеншілік.

XIX ғасырдың ұлы ақындарының бірі – Дулат жыраудың да туған жер туралы тебіреністерінен перзенттерінің туған жермен жан дүние жақындығының қаншалықты терең тамырлы әрі мәңгілік екеніне тағы да толғана отырып көз жеткіземіз.

XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары ел ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?" – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды (тыңдаушыларды) егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді. Ол "О, Сарыарқа, Сарыарқа!" атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді.

 

О, Сарыарқа, Сарыарқа!



Самалың салқын жон едің...

Масаты кілем жяйғандай

Қоныстың шұрай жері едің!..

Саған келіп ішіп ек,

Тұнықтың мөлдір шынысын.

 

Мұнда мадақтан басқа сөз айтылмаса да, мұңды сарынның қайдан құйылып тұрғанын аңғару қиын емес. Ақын "сондайсың" демейді, "сондай едің" – деп өткен шақта айтады. "Енді бұрынғыдай емессің, бұрынғы толықсып, толып, лықсыған... бейбіт өрісің жоқ" дегенді меңзейді. "Енді бұрынғыдай саған келіп тұнықтың мөлдір шынысын іше алмаймыз" деп мұңаяды. Ақын бұл өлеңінде астарлап жеткізген жайларын "Аягөз" атты өлеңінде ашып айтты.



 

Тауды екіге жарасың, Арнаң қалды осылып.

Тастың қашап арасын. Күркіреген үніңнен

Кесіп өтіп кезеңді, Аңдар қашты шошынып.

Аягөз қайда барасың?.. Қырға суың тарады,

Тарбағатай тауынан Ойға суың барады

Тоқсан сала қосылып, Тоғанменен тосылып.

Тоғыз өзен түйісіп, Қырың-малдың кіндігі,

Ақтың төмен жосылып. Ойың-өнім, егіс қой.

Ағының тасты ағызып,

 

Дулат "шалқып шапқан жүйріктей" Аягөз өзені мен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеген құлпырған суреттермен оқырмандарын (тыңдаушыларын) елітіп келеді де, кенет сөз арнасын кілт бұрып:



 

Айтуға ауыз келе ме,

Аягөз кімнің жері еді? –

 

деп, Аягөздің бүгінгі күніне оралтады. Оқырман да оқыс ітттін тартып, көңілі құлазып сала береді. Осындай жердің өзінікі екеніне қуана, бақытты сезімге бөленіп отырған ол табан астында сол асылынан айырылып, пұшайман күйге түседі.



Бұдан кейін өзінің әсер күші, поэтикалық қуаты, ойының тереңдігі мен шыншылдығы мен сыншылдығы жағынан Абайға дейінгі поэзияда сирек кездесетін жырдың нөсер бұршағы төгіледі. Осының бәріне мойындарына жезден қарғы таққан би, старшындар мен ұлықтарға "жағымды болған" аға сұлтан, қазылар кінәлі екенін айта келіп:

 

Жауға шабар ерің жоқ,



Сақадай болып сайланып.

Төсекжанды мырзалар

Ала баспақ байланып,

Үй күшіктей үреді,

Отының басын айналып.

Жеріңнің алды шұрайын,

Дуан салып жайланып.

Датыңды айтсаң майырға,

Сібірге кеттің айдалып. –

 

дейді ызалы жырау. Содан кейін мысқылды жүзбен, суық езу тартып:



 

Бейнең қандай болды екен:

Қарасаңшы бір мезгіл

Қолдарыңа айна алып, –

 

дейді өзін тыңдап отырғандарға.



 

"Ақжайлау мен Сандықтас" атты өлеңінде де туып-өскен өңірін "атамның қонған қонысы" деп тебірене, оның келісті көріністерін перзенттік, тіпті сәбилік сүйіспеншілікпен елжірей суреттейді. Жерге қатысты ешкім айтпаған "қызғаныш" сөзін қолданып, ата қонысын:

 

Атам қонған кең далам,



Мендей сені қызғанар

Бауырыңда өскен қай балаң? –

 

деп, жас баладай жабыса сүйеді. Ақын бұл толғауында да көкірегіне байланған ескі шеріне қайта оралады: 1



 

Өксігіңді ойласам,

Ұйқы беріп, қайғы алам.

Қилы-қилы заманды,

Заманға сай адамды

Салғастырып қарасам,

Су мүйіз болған танадай

Шыр көбелек айналам, –

 

деп, елдің еркін, тәуелсіз заманын еске алып, теңселіп кеткендей болады.



 

Ақын – қазақ даласының кіріптарлық, халықтың шұрайлы, сулы қоныстарынан ығыстырылып, өз жері, өз елінде өгей жетімнің күйіне түскенін көрмей, айтпай, тек Сарыарқасы мен Сандықтасын тамылжыта жырына қосса, әрине, оғаш, түсініксіз, ал атамның қонысын өзгеден қызғана сүйдім десе, жалған болар еді. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау олай еткен жоқ, шындықты, шынайы сезімін бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.

"Еспенбет" поэмасы

Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма:

 

Еспенбеттей ер қайда?



Еспенбеттей ер туса,

Ер күтетін ел қайда? —

 

деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары "қазан бұзар үй тентекке айналған" заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да – бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі.



Жырау поэмасын бастаған жерден бас қаһарманын:

 

Ер Еспенбет кешегі



Ерекше ер деседі.

Тіл біткеннің шешені,

Топта бермес есені.

Үлгі айтса – көшелі,

Жауға шапса – көсемі, –

 

деп марапаттай таныстырғанымен,



 

Өзі болған жігіттен

Сұрама кім деп ата-анаң, –

 

дегеніне қарағанда, Еспенбет қандай да бір, артықшылығымен ел көзіне түспеген, қарапайым ғана кісінің баласы. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке-шешеден бірдей жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың (тарихта болған адам, батыр) қолында, уақ елінде өседі. Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да, "Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен" де оған жетімдік көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде таңдап жүріп қалыңдық айттырып, басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді. Қазірде "тоқсан жасқа келіп, тұғырдан әбден түскенімен", Ер Қосайдай:



 

Елім десе, елеріп,

Жаннан мүлде күскен кер;

Бел шешпей жортып ел үшін,

Алты малта ас қылып,

Арпа суын ішкен ер.

 

Осындай кісінің бауырында өсіп, тәрбиесін алғаннан да болар:



 

Жатса, тұрса, Еспенбет

Тұлпар мінсем деуші еді.

Қару, сайман асынып,

Шөпті бұзсам деуші еді.

Алайда:


Туған елін ойласа,

Қалатын жасып, басылып.

 

Еспенбет он төрт жасқа келгенде "Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне" дегенді есіне алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Осы арада мына бір жайтқа назар аударған жөн. Еті тірі, сезімі сергек, талапты жасөспірімнің желі басында үйездеп тұрған енесінің белінен секіріп ойнап жүрген Ақбөрте құлынға қызығуында нышан бар:



 

Құйрығын шаншып алды да,

Үш айналды желіні.

Селеу жерге бас ұрды,

Омырауының желінен.

Құйындатып келді де,

Ытқып түсті Ақбөрте,

Енесінің белінен.

 

Құрбыларынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті осы бір туысы бөлек құлын ерлік арманға жетелейді: өскенде Ақбөртені ат қып мініп, қару асынып, жау қайтаруды армандайды. Ал осы жеткіншек тағы да:



 

Жігерім болса жетемде, Өнерім болса, еліме

Еліме барып, ұл болсам. Адал еңбек етсем деп;

Жігерсіз болсам, жетесіз, Болмаса өнер бойымда,

Қойын бағып, құл болсам... Қораш кұл боп өтсем деп, –

 

ойлайды. Қандай адамдык адал, ақ ниет десеңізші! Ақынның кейіпкерінің осы сөздері арқылы бейнеленген биік эстетикалық-адамгершілік көзқарасы, халықтық демократизмі-туындының өн бойына көктей тартылып жатқан өзекті идеясы.



Ер Қосай Еспенбеттің тілегін қабыл алып, қалауын сұрайды. Салт бойынша басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп қайтарайын дейді. Көпті көрген батырдың көрегендігі шығар, әйтеуір, "көп шөбере ішінде" Еспенбеттің "ерекше тілеп тілеуін", Құдайға жалбарынумен жүреді екен.

 

Шепті бұзар деуші едім,



Жаудың туын құлатып;

Сұлу сүйер деуші едім,

Елден таңдап ұнатып;

Тұлпар мінер деуші едім,

Жалын желмен сылатып;

Найза ұстар деуші едім,

Сарағын жезбен қынатып;

Түйғын құстай алыстан

Тоят тілер деуші едім.

 

Мұндай игі сенім, асыл арман дана қарттың көкірегіне бекер ұяламаған ғой. Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Бұл да жас ұланның жаны таза, арманы биік, дүниеге қызықпайтын парасаттылығын танытады. Ер Қосайды да емірентіп, мейірін түсірген жиенінің ел баласы болғысы келген мінезі, көп құрбыларынан ерекше ізгі қасиеті болса керек.



Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің біліп таңдағанына сүйсінеді. Батасын беріп тұрып, кемеңгер қарт былайша толғайды:

– Бірақ, балам, айтайын: Қамалау да еліңнен,

Еліңе де барарсың, Табалау да еліңнен;

Тірі болсаң, еліңнің Өсіру де еліңнен,

Керегіне жарарсың. Көшіру де еліңнен;

Дос та елден, жау да елден, Абалау да еліңнен.

Алды-артыңа қарарсың. Бақыт та елден қонады,

Дәулет те елден болады,

Күндестік те еліңнен, Елменен ер ержетіп,

Міндестік те еліңнен; Емендей өсіп, толады.

 

Өмір шындығынан даналықпен қорытылған бұл терең ой өзінің мәнін әлі жойған жоқ, сірә, ешқашан жоя да қоймас.



Шынында да, нағашы атасы болжағандай жарбиып жалғыз тай мініп келген баланы еліндегілер кездеріне ілмей, Ер Қосайдың жиенін қара басын сопайтып, тай мінгізіп Қайтарған мұнысы қалай деп, алуан түрлі әңгіме қоздатады. Бірақ, Еспенбет оның бәрін құлағына ілмей, жүре береді. Сонымен үш жыл өтіп, Ақбөрте бесті ат болады. Сол кезде Жыл бұрын қайтыс болған Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, "ердің сыйы – ортаға олжа салғаны" дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды.

Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбет те қару-жарақ асынып, "Ақбөртені баптайды".

 

"Басталар қашан соғыс" – деп:



Белін шешіп жатпады,

Түнде кірпік кақпады.

Ерлік қысқан кеудеге

Ішкен асы батпады.

 

Ақыры "шу!" десе, артынан шаңды боратып, алдынан құйын оратып, бөкендей орғып" желдеткен Ақбөртесіне мініп, аттанған қалың қолға Еспенбет те ілеседі. Бұл тұстағы Еспенбетті ақын: "алыстан тоят іздеген ер", "сұңқар", "орынсыз сөз сөйлемес батагей қарттай сінелі", міндетін "айтқызбай-ақ біледі", "сыр бермейді сырттанысып", "бейне арыстан түлегі" деп бейнелейді. Осындағы жекпе-жекте ерекше назар аударарлық бір жай бар. Поэманың бас қаһарманы Еспенбеттің "алты жүз рет соғысқа кірген, алпыс алты айлалы", осы ұрыстың өзінде қазақтың жеті батырын мерт қылған қалмақ батырымен жекпе-жегі жойқын батырлардың, шын болат қару-жарақтардың, арыраған тұлпарлардың ғаламат шайқасы болуға тиісті еді. Оны қандай сұрапыл етіп суреттеймін десе де, Дулаттың ақындық қуаты, құдіреті жетер еді. Бірақ олай етпейді. Алып батырлардың бірін-бірі қалай өлтіргенін қызықтаудан даналық ұстамдылықпен бас тартады. Жырау үшін маңыздысы – елім деген ердің болғаны, оның жауын жеңіп, кегін қайтарғаны.



 

Қас қаққанша майданда Өлімге мойынсұнғандай

Айқасқан екі ер де жоқ. Аяқ-қолы кесілген.

Дене жатыр майданда Тіршілік пен өлімнің,

Қылышпен басы кесілген. Ұзақ дауы шешілген.

Ақын өлген жауды табалап, айызы қанатын сөз айтпайды. Тіпті "жау" да демейді, "айқасқан екі ер" дейді.

 

Ел үшін туған ерім деп,



Бір топ келіп жыласты.

Еліме қатер жауым деп,

Өлгенін бір топ ұнасты.

 

Мұндай терең философиялық түйіндеу шапқыншылықты емес, елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген Еспенбет батыр бейнесінің табиғатынан туындаған. Ақын қазақ қолы мен қалмақ қолы кездескен көріністі де кемел ойлы ұстамдылықпен, шынайы суреткерлік тұрғыдан сипаттайды.



 

Қарсыласып екі топ,

Іріктеді батырды.

Қалмақ сорып барабан,

Қазақ ұран шақырды.

 

Еспенбеттің топтан суырыла шыққан сәтінің суретінен оқырман оқиғаның қатысушысындай әсер алады. Арыстандай атылған батыр мен жолбарыстай ышқына ытырылған Ақбөрте тұлпар қаныңды қыздыра, көз алдына елестейді.



 

Топтан шығып жөнелді,

Найзаға таққан шоқтай боп.

Ақбөрте кетті құнтиып,

Садақтан тартқан оқтай боп.

Қанға сусап қалмақ тұр

Обатұғын оптай боп.

 

Ұлы суретшінің талантына лайық жанды картина! Еспенбеттің ерлігінің арқасында қазақ жағы жауып талқандап жеңіп, кегін қайтарады, мол олжа түсіреді. Ел мүддесі мен намысын ойлаған ер Еспенбет бұл жолы да тоқпейіл әдетінен таймайды, еңбек сіңіріп тұрса да, көл-көсір олжадан ештеңе алмайды.



Ақын халыққа қамқор, елге тірек болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп, оның батырлығын, ақыл-парасатын, дүниеге қызықпайтын қанағатшыл, мәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге үлгі етеді.

Поэма сындарлы құрылымы, суреттігімен ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақы, мазмұны тартымды. Ұлы жырау талай-талай татымды ойларды, мазмұнды үлкен шеберлікпен туындының өн бойына еріп жіберген.

Туған ел, өскен жерден алыста жүрген намысты жастық асқақ арманы мен тәтті қиялын ақын мейлінше дәл берген.

 

"Ер – туыс, ит – тамаққа"



Деген жоқ па бұрынғы?

Туған ел, туған жерім бар,

Туған елді көкседім,

Жат елде арман – өскенім... –

 

дейді Еспенбет. Осындай ерді өсіретін жалпы қауым, ел жұрты екендігін айтып, ақын жастарға "әрқашанда еліңмен жұртыңмен бол" – дейді.



Еспенбет поэмада тек алып күштің иесі ғана емес, сонымен бірге адал, ақ жүрек, кішіпейіл, көпшіл адам болып көрінеді. Еліне қайту, ерлікке әзірлену, батырға лайық ат таңдау елдің кегін қайтару, сый-сияпат, олжаны алу-алмау сияқты: елеулі шешімдерді өз бетімен қабылдайды.

Поэмада тек батырдың жеке тұлғасы ғана емес, сонымен бірге халық бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын жорыққа аттанып бара жатқан қазақ қолын ерекше шабытпен, тапқыр да бейнелі теңеулермен әсерлі жырлайды.

 

Жөңкерілген қалың қол Асқар белге ұқсайды.



Жүйткіген желге ұқсайды. Кенетінен ду етсе,

Көрінісі кей кезде Тас қопарып, тау бұзған

Толқыған гүлге ұқсайды. Аққан селге ұқсайды...

Мұнар түнеп, бұлт көшкен

 

Шығармадағы жау да осал емес. Жау батырын бейнелегенде ақын талай тапқыр, әсерлі теңеулер табады. Қалмақ батырын:



 

Қалмақ шықты майданға Қайырымсыздығы – талайдың

Шамасы елу жастағы, Жонынан алған таспаны.

Астына мінген мәнерлеп, Кір басқан құлаш айдары,

Мақпалдай қара қасқаны. Аждаһадан кем емес

Ерлігі елең қылмайды Аузын ашқан айбары, –

Бір өзінен басқаны.

 

деп, әлі жеткенді аямайтын жауыз, айлалы да айбарлы аждаһа кейпінде суреттейді де, Еспенбетті осындай жойқын пәлені жеңген алып батыр, ардақты ер ретінде бейнелейді.



Көп арасында қоян жүрек қорқақ, ездерің де болатынын ақын жасырмайды. Батырлар ұран сала жауға ұмтылып, майдандасып жатқанда, өздердің тығылар жер таппай, қарадай шошып, үрейі ұшқандарын мысқылдайды.

 

Қалмақ соғып барабан,



Қазақ ұран шақырды.

Айбаты өсіп ерлердің,

Арыстандай ақырды.

Иығы түсіп өздердің,

Қоярға жанын жер таппай...

Арман көріп, аһ ұрды, –



 

деп, ерлік, ездік аралас майдан суретін алға тартады.



"Еспенбет" поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді.

Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет