3. Қорытынды
Ақын лирикасының негізі – адам жанының нәзік сезімі, ақ сөйлейтін пәктігі мен адалдығы, жақсы адамдарға тән жайдары мінезі болып табылады. Күләш Ахметованың махаббат тақырыбындағы жырлары – жыр сүйер қауымның көз қуанышына, рухани кәдесіне айналды. Күләш – қазақ әдебиетіндегі қайталанбайтын өзіндік жыр өрнегі бар сезімтал ақын. Күләш Ахметованы өзге ақындардан ерекшелеп, даралап көрсететін – оның өлеңдеріндегі шынайы, таңғы шықтай мөлдір жырындағы лиризмнің үстемдігі және ғашықтықты ғиззат тұтудың, сұлулыққа сүйіспеншіліктің, асыл сүйіністің жарасымды жырын кестелейді.
Күләштің өлеңдерін тақырыптық жағынан алып қарағанда кілең лирикаға құрылған деуге болады. Мұндағы табиғат, көңіл –күй, махаббат лирикалары оқыған жанның жан дүниесін тербеп, терең сезіммен баурап әкетеді.
Ақын өлеңдерінен үзінді келтіре отырып, пәк сезімін –
Хат жазар деген ойға еш келмеген.
Мен сенің есіміңді жырыма орап, -
Болашаққа қастерлеп алып барам.
Тірліктің барлық заңдарынан да қымбаттым,
Адамның жаны, адамның көңілі жұмбақ тым.
Ортақ маған арманың, қиял қайғың...
Ойларымды мен саған жиі арнаймын...
деген тармақтары арқылы да дәлелдей, толықтай түсеміз.
Күләш Ахметованың өнер мен шығармашылық жолы дүниетанудан, адам сезімінің сан алуан үйлесімділігін көрсетуден тұратындығын байқаймыз. Ақын жырларының өн бойынан мейірім, шапағат, жақсылық, адамгершілік, азаматтық сағыныш, күрескерлік, ұлтжандылық, мұң, ата – баба рухына адалдық, ата мекенге деген, аяулы жарға деген сүйіспеншілік, махаббатқа мәңгілік сияқты ұғымдардың асқақтығын неғұрлым биіктету әр уақытта алғы саптан көрінеді.
Халықтың ұлттық санасын көтеріп, жас ұрпақтың рухани дәрежесін арттыруда Күләш жырларының алар орны шексіз.
Күләш Ахметованың ақындық өнері өмірдің өзіндей өрісті де өрнекті, адам сезімдерін жырлауда шебер де шешен, шыншыл сипаттарымен ден қойғызады. Өлеңдегі өмір өрнектерін алуан салыстырулар арқылы сенімді суреттеледі.
Қорыта келгенде, Күләш Ахметованың ақындық өнері:
өмірден өрбіген шындықтарды көңіл көрігінде қорытып, жүректен қозғап, шынайы жеткізеді;
атамекеннен басталған өмірге құштарлық, адамды аялау мен бағалаудан тұратын ізгілік іздері сенімді де серпінді өріс алады;
бала шақтан болашаққа бет түзеген арман – мұраттары, жастық пен достық сырлары, махаббат ғаламаттары мөлдір де шыншыл сипаттарымен қойғызады;
адамдық іс, әділетті әрекет, халықтық тағылымдар, мораль мәселелері уақыт тынысына сәйкес беріледі;
жан – сезім сырлары, табиғат таңғажайыптары, жыл мезгілдері өзіндік өрнек, көріністерімен кемел де көркем суреттелінеді;
ең бастысы, ақын поэзиясы тақырып табиғатымен, жанрлық көркемдік ерекшеліктерімен, тіл бедері мен стильдік сипаттарымен дараланады.
Асылы, ақын әлемі – бөлек болмысты бітімімен, көзқарас қолтаңбасының өзгешеліктерімен, дара дарынымен, табиғи талантымен танылар болса, бұл белгі ерекшеліктер – Күләш Ахметова поэзиясынан, ондағы махаббат тақырыбындағы табиғат туындыларынан терең танылады. Күләш Ахметова лирикасының табиғаты мен тағылымы, көркемдік – рухани нәрі осында болып табылады. Сондықтан болар, үлкен әріптермен жазылатын ұлы мағыналы ақындықтың, яғни таласы жоқ көрнекті ақын Күләш Ахметованың шығармашылық табысы өзіне де өзгелерге де анық, олар асулары, көтерілер баспалдақтары бұдан да биік болады деп сенеміз.
Күләш Ахметова жырлары өз оқырманын бей-жай қалдыра алмайды. Өзіндік нәзік сыршылдықпен өрілген ақын өлеңдерінің тамыры тереңде жатыр. Қазіргі таңда әдебиет сүйер қауым көркем сөздің, көркем ойдың құдіретіне бас иеді. Әдебиет – асыл да көркем ойдың жемісі. Күләш жырын оқыған әрбір жан, оның жырларынан да өмірінің титтей де болмасын сәулелі сәттерін көз алдынан өткізіп, бір серпіліп қалары ақиқат.
«Бегімайдың мұңы» қалқып санамда,
Жыр жазамын ғашық болып қалам да.
«Айша Бибі» күмбезіне тәу етем,
Ахметова жырларынан табам да», [12.4] – деп бүгінгі өркендеп келе жатқан поэзия әлеміне енді ғана бас сұққан талант иелері осылайша ақынға жыр жолдарын арнайды.
Күләш өлеңдері еліне, халқына қызмет етіп, адал ниетте әр адамның жүрегінде жұлдыздай жанып, жарық нұр шашыратып тұр. Өйткені ол жыр Күләші!
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Заман // 4 сәуір 2003 жыл 7-бет.
Қазақстан Заман // 14 ақпан 1997 жыл 15-бет.
Шалқар // 12 қазан 2003 жыл 5 –бет.
Абдуалиева Ж.Б. «Күләш Ахметованың лирикасы» Автореферат.
ҚР.Астана 2006 жыл. 10-бет.
Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. Алматы. 1966 жыл 79-бет.
К.Ахметова «Күн шыққанда күліп оян» Алғы сөз: Жебеу жырлар.
Алматы: Ана тілі, 1996 – 10 бет.
К.Ахметова. Бұлақтағы жұлдыздар. Алматы: Жазушы. 1982 жыл.
Сыздық Р. «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау». Оқу құралы.
Алматы «Ғылым 2002 жыл.
Қазақ әдебиеті // 7 мамыр 1996 жыл № 19. 14 –бет.
К.Ахметова. Арғымақтар даласы. Өлеңдер. Алматы. Жалын. 1987
жыл. 142-бет.
«Күн шыққанда күліп оян» Өлеңдер мен поэмалар. Алматы. «Ана
тілі» 1996 жыл 35 бет.
Қазақ әдебиеті // 19 мамыр 2006 жыл №20 4 бет.
Жұмабек С. Сын симфониясы. Таңдамалы. Әдеби толғаныстар.
Алматы. 2005 332-340-бет.
Егемен Қазақстан // 2006 25 сәуір №89 6-бет.
Түркістан 2004 жыл 6 мамыр. № 19
Ақ желкен 2004 жыл 7 қыркүйек №9 2-бет.
«Лениншіл жас» 1968 жыл сәуір 4-бет.
Егемен Қазақстан 2006. 25 – сәуір. № 89. 6-бет.
Егемен Қазақстан 2004. 26 – мамыр. № 132-135. 13-бет.
Қазақ әдебиеті. 1999. 26-раурыз. 4-бет.
Нарынбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы. - Алматы: жазушы. 1982 ж.
178-бет.
Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. - Павлодар. 1999. - 384-бет.
Дәдебаев Ж. Өлеңдегі сөз. Уақыт және қаламгер. - Алматы: Жазушы. 11 кітап. 1985. 151-бет.
Ахметова К. Сен менің бақытымсың. - Алматы: Жалын. 1977. 80-бет.
Кәрібозұлы Б. Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты. Фил.ғылым.докторы диссертациясының авторефераты. - Алматы: 1997. 50-бет.
Тілешев Е. Суреткер және көркем әдіс. - Алматы: Аркас. 2005. 278-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |