Денсаулыққа қатынас — денсаулық психологиясының өте аз зерттелген орталық мәселесінің бірі. Оған жауап іздеу денсаулық жетекшілік мәнге ие болу қажеттілігімен байланысты, адамдарға өз денсаулығына деген адекватты қатынасты қалыптастыруға көмектесумен байланысты.
Денсаулыққа адекватты/ адекватты емес қатынас деңгейін эмпирикалық белгілейтін өлшем ретінде қызмет атқарады:
когнитивтікдеңгейде—адамның денсаулық жайында хабардарлық деңгейі, тәуекел және тәуекелге қарсы негізгі факторларды білу, өмір сүру мен ұзақ өмірді қамтамасыз етуде денсаулықтың ролін түсіну
эмоционалдықдеңгейде—денсаулыққабайланыстыоптималдық үрей деңгейі, денсаулық жағдайына байланысты рахаттану және қуану;
мотивациалық-мінез-құлықтықдеңгейде— денсаулықты сақтау және нығайтуға деген мотивация деңгейі;
индивидтің өзін-өзібағалауының өзінің денсаулығының дене, психикалық және әлеуметтік жэағдайына сәйкес келуі.