Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар



бет1/12
Дата07.02.2022
өлшемі1,93 Mb.
#86900
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
7 лекция өмірдің мәні

Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы

Жоспар: 1. Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар, бағдарламалар 2. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары 3. Кәсіби өсудегі кедергілер, оларды болдырмау және жеңу жолдары


Өмір мәні
“Өмір мәні дегеніміз не?” деген сұрақ біржауапты емес. Өйткені Жер планетасында 7 663 804 918 адам тұратын болса, бұл сұраққа сонша жауап болады.
Адамның жан дүниесін терең зерттеген американдық психолог ғалым Джон Уотсон мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды. Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа.
XX ғасырларда қайсыбір ойшылдар «өмірдің мағынасы барынша рахат көру», деп жауап берді. Амалын тапсаң азаптан қаш та, жеңіл жолмен бұл өмірдің ләззатын сорып жата бер. Бұл көзқарасты ғылымда «гедонизм» деп атайды. Гректің «хедоне» «рақат, ләззат» деген сөзінен шыққан. Ең қызығы бұл көзқарас өте өміршең болып шықты. Күні қазіргіге дейін өмірдің мәнін осылай кері түсіндіретін саяз адамдар қоғамда жетіп артылады.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында өмірдің мәні деген мәселе басқа қырынан қайта қаралды. Себебі, жаңа ғасырдың басындағы жұмыссыздық салдары адам санасына соққы боп тиіп, көп адам қайғы-қасіретке ұшырайды. Осы құбылысты дәл байқаған Американдық псхологтар «жексенбілік невроз» деген жаңа диагноз қояды. Психолог мамандарға келіп «біз жұмыс жасағымыз келеді, алайды жұмыс жоқ» деп шағымданған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет