Өндіргіш күштердің түсінігі және олардың ғылыми – техникалық аспектілері
Орындаған: Гуданаева Іңкәр Ерланқызы
Павлодар қаласы, 2020 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Өндіргіш күштердің түсінігі және олардың ғылыми – техникалық аспектілері
ә) Ғылыми – техникалық прогресстің мәні, даму бағыттары
б) Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның орны
в) Ғылыми – техникалық прогресстің өндірісте қолданылуы
Қорытынды
Кіріспе
Өндіргіш күштердің түсінігі
Өндіргіш күштер — бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп кызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштері болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет. Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалдарды және т.б. қызмет еттіреді. Экономиканың қалыпты дамуы үшін, өндіріс және тұтыну белгілі тәуелділікте және бір-бірімен белгілі қатынаста болуы қажет. Технологиялардың ауысуы өндіріс пен тұтынуды өзгертеді, бірақ өзімен-өзі бұлардың арасында дұрыс қатынастар орната алмайды. Осыдан мынаны байқауға болады: өндіріс процесінде тағы бір сфера құрылуы керек — экономикалық қатынастар сферасы. Бұл сфера өзгеріп тұратын өндіріс және өзгеріп тұратын тұтынудың арасында өзара тәуелділік орнатады. Өндіріс және тұтыну арасындағы экономикалық қатынастар, өз ретімен өздері нарықтың конъюнктурасынан, қоғамның мақсаттарынан, қамтамасыз етілу дәрежесінен т.б. тәуелді болатын, реттеушілер және стимулдар болып табылады. Сонымен, өмір үшін жүретін іс-әрекет процесінде адамдар арасында экономикалық, саяси, құқықтық, технологиялық, ұйымдастыру, этникалық және әлеуметтік қатынастар қалыптасады. Бұлар қоғамның жүйелік өзара байланыстарын көрсетеді. Экономикалық ғылым игіліктер және қызметтермен байланысты қатынастарды зерттеуге назарын аударады. Бұларды ұйымдастыру-экономикалық қатынастар деп те атайды. Осылардан басқа, қоғамның экономикалық даму барысында техникалық потенциалды қолдануда пайда болатын, техникалық-экономикалық қатынастарды айыра білу керек. Технологиялық қатынастар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамның және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Қатынастардың осы жүйесін бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |