Кәсіпорын материалдық өндіріс саласының алғашқы түйіні, нарықтық қатынастың субъектісі. Ұйымдастыру-экономикалық қатынаста кәсіпорын, еңбекті бөлу нәтижесінде оқшауланған және нақты шаруашылық бірлік түрін қабылдаған өндірістік процестің бөлігі болып табылады Басқару объектісі - бұл бақарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т.б. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі - бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты. Өндірісті басқару - қолданбалы технология, экономикалық ғылым және қызметтің бір түрі ретінде, бұл өндірістік және еңбек процестерін жобалау мен жүзеге асыруға, еңбек нормаларын белгілеуге, оған ақы төлеу мен ынталандыруды ұйымдастыруға арналған білім мен дағдылардың кешені. Басқарудағы жүйелі тәсілдің маңызды бір белгісі жүйелі талдау, ол күрделі басқару шешімді дайындауда және дәлелдеуде пайдаланылатын әдістемелік құралдардың жиынтығынан тұратындығының көрсетеді. Жүйелі талдау декомпозиция жүйесіне негізделген, яғни оны құрайтын элементтерге бөлуді, олардың әрқайсысын және өзара байланысын зерттеуді, осы элементтердің түгелдей жүйенің жай жағдайына және іс-қимылына көрсететін ықпалын анықтауды қажет етеді. Сөйтіп жүйелң талдаудың көмегі арқылы күрделі зерттеу объектісі оқып білуге қажетті қол жетерлік қарапайым элементтерден құралған жиынтықтан тұратындығы көрсетіледі. «Өндірістік менеджмент» пәнінде өндірістік жүйелерге байланысты мәселелер қарастырылады, өндірістік бөлімшелерді басқару мәселелері, оның үрдісіндегі жүзеге асатын шешімдер қарастырылады. Мұнда жер, материалдық және басқа да ресурстарды рационалды түрде пайдаланудың әдістері мен тәсілдері, аграрлық өндірістің еңбек және басқа да ресурстарын, оның өндірістік инфрақұрылымы қарастырылады. Кәсіпорында өнім сапасы мен басқару сапасын үнемі жетілдіру негізінде бәсекеқабілеттілікке ұмтылуға ерекше назар аударылады.
Өндірісті басқару – менеджменттің алғашқы тарихи қалыптасқан ғылыми пәні. Сонымен қатар мамандарды дайындау үшін университет бағдарламаларына бірінші енгізілген. Өндіріс басшылары бұрын да, қазір де өнімді өндіру процесін басқарудың барлық есептеріне сауатты мамандарды тапсыруға болатын пән болып қала береді. Өйткені ондай қатынас сақталған болатын, яғни дамыған елдердің ( АҚШ, Англия, Франция т.б.) халықтарының бір бөлігі өндірістік қызметпен айналысып, ұлттың ауқаттылығының негізгі қайнар көзі болатын.
Қорытынды
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
http://emirsaba.org