Өндірістік жарықтандыру Тақырып 7


Өндірістік жарықтандыруды тексеру



бет2/7
Дата14.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203368
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 7

Өндірістік жарықтандыруды тексеру

  •  
  • Негізгі жарықтық түсініктер және өлшеу бірліктері. Оптикалық сәулелерге толқын ұзындығы 380-700 нм болатын электромагниттік тербелістер жатады. Бұл сәулелер келесі түсініктермен және бірліктермен сипатталады.
  • Ж а р ы қ а ғ ы м ы - өзімен өндірілетін жарық сезіміне көзбен баға беретін сәуле энергиясының қуаттылығы; жарық ағымының өлшем бірлігі – люмен (лн).
  • Ж а р ы қ к ү ш і - жарық ағымының кеңістіктік тығыздығы; өлшем бірлігі – кандела (кд).
  • Ж а р ы қ т ы қ - адамның көзі тікелей жауап беретін негізгі жарықтық шама – сол немесе басқа беткейдің қасиеттеріне, оның шағылыстыру қабілеттілігіне тәуелді болатын жарық ағымының кеңістіктік тығыздығы; өлшем бірлігі – шаршы метрдегі кандела (кд/м²).
  • Ж а р ы қ т а н д ы р у – беткейге түскен жарық ағымының берілген беткейдің ауданына қатынасымен анықталынатын жарық ағымының беткейлік тығыздығы; өлшем бірлігі – люкс (лк).
  • Ш а ғ ы л ы с у к о э ф ф и ц и е н т і – денемен шағылысқан жарық ағымының осы денеге түсетін ағымға қатынасы. Бірлік үлестерімен немесе пайызбен беріледі.

Өлшеу әдістемесі.

  • Жасанды жарықтандыру жағдайына сандық баға беру үшін негізгі жұмыс орындары мен қоршаған беткейлердің жарықтандырылуына және жарықтығына құрал-жабдықтық тексерулер жүргізіледі.
  • Жарықтық жағдайды анықтау жарықтық қондырғының жарықтық техникалық жобаға сәйкестігін тексеру үшін немесе тексеру кезінде жұмыс орындарының жарықтандырылу жағдайларына бақылау жасау үшін іске асырылады. Бірінші жағдайда барлық күйіп кеткен шамдарды ауыстыру және жарықшамдарды тазалау керек. Екінші жағдайда фотометрлік тексерулерді жарықтандыру қондырғыларының сәйкес дайындығынсыз жүргізеді.
  • Жарықтандыруды анықтау үшін Ю-116, Ю-117 фотоэлектрлік люксметрлерін, «Аргус - 07» люксметр-пульсметрлерін және т.б. қолданады.

Жарықтандыру жағдайларына баға беруге арналған өлшеу құралдары

  • Құралдың аталуы
  • Шектері және өлшем бірліктері
  • Қоректендірілуі
  • Салмағы, кг
  • «Аргус-01» люксметрі
  • Ю-116 люксметрі
  • Ю-117 люксметрі
  • «ТКА-04/3» люксметр-яркомері
  • «Аргус-02» яркомері
  • 5 - 200 000 лк
  • 5 – 100 000 лк
  • 0,1 – 100 000 лк
  • 10 – 200 000 лк
  • 10 – 200 000 кд/м²
  • 5 – 200 000кд/м²
  • Автономды
  • »
  • »
  • »
  • »
  • 0,25
  • 1,75
  • 2,0
  • 0,39
  • 0,35


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет