Шикізаттың, дайын өнімдердің және қосалқы материалдар сипаттамасы ЭЛТҚ-АҚ қондырғысының шикізаты Совет мұнайы оның құрамындағы су мөлшері 1%, Күкірттің мөлшері 0,77, тұз мөлшері 100мг, тығыздығы 0,8400 г/м3.
Электрмен тұссызданған және сусызданғаннан кейін нәтижесінде мұнайдың құрамындағы судың мөлшері 0,05-0,1%.
Тұздың мөлшері 3-5 мг/л азаяды.
Дайын өнімдерді пайдалану
ЭЛТҚ-АҚ процесінде құрамында тұзбен судың мөлшері едәуір азайтылған тұссызданған сусызданған мұнай алынады.
ЭЛТҚ-АҚ Технологиялық процесс нәтижесінде мұнай фракциялары алынады. Оларды екіншілік процестерге шикізат ретінде немесе компоундалғаннан кейін тауарлы өнім ретінде қолданылады.
Тұрақтандыру басы (ҚБ – 620С фракция) секция 400 Газды фракциялау қондырғысына бөлінуге бөлінеді.
62-1500С тұрақты фракция, секция 200. Каталитикалық риформингке жоғарғы октанды бензин алу үшін жіберіледі
140-2000С керосин фракция – секция 300 гидротазалау қондырғысына жіберіледі. Күкірттен көмірсутекті газдардан бөлу жүреді.
230-3000С жеңіл дизель фракция (тұрақты) тауарлы дизель отынының компоненті
300-3600С ауыр дизель фракция секция – 300 шикізаты гидротазалауға жіберіледі
140-2300С керосин фракциясы ТК-1 отынының компоненті
Жарықтандырғыш керосин
Материалдар аталуы, шикізат реолент катализатор файр. дайын өнімді
|
МЕСТ номері техникалық жағдай
|
Сапа көрсететін міндетті бақылау
|
Норма
|
Өнімді шығаратын аумақ
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
2.1 Шикізат
1. Шикі мұнай
|
А 7260-1-
101/000- ТП. П3
|
1.Судың құрамы % салмағы
|
1,0
көп емес
|
С-100 фракциясынан алынатын шикізат
|
2.Бензин-айналым
|
|
2.Хлордың, тұздың құрамы мг/л
|
1800
көп емес
|
С-300-2 секциясынан
|
3.Газды конденсат
|
|
1.Фрак. құрам темпр к.ж. 0С жоғары емес
|
реттелмейді
|
|
4.Тұссызданған мұнай
|
|
1. Хлор, тұздың массасы мг/л
|
реттелмейді
|
С-300-1 секциясынан
|
Дайындалған өнім
|
|
2. Судың құрамы %
|
10 көп емес
|
С-100 фр тікелей айдауда берілетін шикізат
|
Тұрақтандыру басы (рефлюкс АТ)
|
|
1. Хлорлы тұздың құрамы мг/л
|
0,1 көп емес
|
|
Тікелей айдау фракциясы 140-1800С
|
|
2. Судың құрамы % салм
|
5 көп емес
|
|
62-1800 фракция (бензин фр.)
|
|
1. С5 > %B
|
1 көп емес
|
|
62-1400 фр. (бензин фр).
|
|
|
|
|
Тікелей айдау фракциясы 140-2300С
|
|
|
|
|
|
А 7260-1-101/000- ТП.ПЗ
-
-
МЕСТ
10227-86
|
2. С6 %B
Құрамы
1 Фр.құрамы бастапқы қайта айдау темпер. 0С
Қайнаудан кейін жоғары емес
1 тығыздығы 200С көп емес гт2
2 Фр. Құрамы баст.қайта айдау 0С төмен емес.
Т-ра к.қ. 0С
3. Ылғал құрамы %
1. фр. Құрамы тампр.баст.айд. 0С.
Т-ра кк.
1. Тығызд. 200С г/см2
2. Фр. Құрамы темп. н.к. 0С
10% қайта айналынады 0С темпр.жоғары емес.
50% қайта айдалынады 0С жоғары емес.
90% қайта айдалынады 0С жоғары емес.
3.Тұтану темпр. Тигльде жабу 0С төмен емес.
4. Кинематика тұтқырлық 200С сст.
5. Кристалдау бастапқы темп. 0С.
6. Механикалық қоспалар және су құрамы %.
|
70 көп емес
27 көп емес
130
Реттелмейді
0,742
65
40
195 жоғары емес
0,02 отс.
65 жоғары емес.
35 жоғары емес
130-150 жоғары емес.
0,775 төмен емес.
150 төмен емес.
165
195
250
28
1,25 төмен емес.
500С жоғары емес
тұндырылған
|
С-400 шикізаты
С-200 шикізаты
С-300-2 шикізаты
С-200
Шикізат
Көмпаундирленген бензин.
Комп.бензин.
С-200 шикізат.
Комп. Бензин.
С-300/1,2 шикізат
С-300/1,2
ТС-1
300/1,2 секция шикізаты отынның концентраты ТС-1
С-300/1,2 шикізат конт.топл.ТС-1
С-300/1,2 шикізат конт. топл. ТС-1
С-300/1,2 шикізат к-нт топ. ТС-1
К-нт топ. ТТС-1
|
140-2300С фр керосинді тікелей айдау
|
СТП 00148719-08-99
|
1. Тығыздығы 200С кг/м3
|
775 төмен емес
|
300/1 секция шикізаты РТ отынын өндірген кезде.
|
|
|
2. Фр. Құрамы бастапқы қайта айдау 0С төмен емес
|
135
|
|
|
|
Жоғары емес
|
155
|
|
|
|
10% қайта айдалынады темпр. 0С жоғары емес.
|
175
|
|
|
|
50% қайта айдалынып 0С жоғары емес
|
225
|
|
|
|
90% қайта айдалынып 0С жоғары емес
|
260
|
|
|
|
98% қайта айдалынып 0С жоғары емес
|
270
|
300/1 секция шикізаты РТ отынын өндіргенде
|
Мазут
|
МЕСТ
10585-99
|
Тығыздығы 200С г/см2 н.б
|
Реттелмейді қазандық УВПН УЛТКМ
|
Компонент
отын
шикізаты шикізаты
|
Реагенттер және қосалқы материалдар
|
|
|
|
|
деэмульгаттар ерітіндісі
|
|
Деэмульгатор құрамы %
|
1,5-2,0
|
Электр. тұссыздандыру блогы
|
Мұнайды еритін деэмульгатор
|
|
Сыртқы
құрылысы
Тығыздығы 200С г/см2
|
Масляная 0,85-0,95
|
Электр тұссыздандыру блогы
|
Депрессорды присадка Дадифлоу
|
|
Сыртқы құрылысы.
тығыздығы 200С
|
Вязкая жидкость сүтті тус.
|
Товарлы диз. Отын
|
Сілтілік ерітінді
|
МЕСТ
2203-79
|
1. Сілтінің құрамы ерітіндідегі
|
1,5-2,0
|
Элоу блогы
АТ блогы
|
|
МИ 38.3601-14-90
|
2 Сілтінің қатынасы ерітіндіге
|
4;1-1;1.
|
|
5. Процестің теориялық негіздері
Өңдеуге түсетін мұнай құрамында судың және тұздардың болуы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына көп зиян келтіреді. Судың мөлшері көп болса, мұнай айдау қондырғысының аппараттарында қысым көтеріледі, олардың қуаты кемиді, суды қыздыруға және буландыруға артық жылу шығыны орын алады. Судың мұнаймен бірге болуы ондағы тұздарды ерітіп, гидролиз реакциясын күшейтіп аппараттардың коррозиясын үдетеді.
Одан да күшті теріс әсер тұздар, оның ішінде хлоридтер етеді. Олар жылу алмастырғыш пен пештің құбырларының қабырғаларына отырады, бұның нәтижесінде құбырларды жиі тазалап тұруға тура келеді, жылу алмастыру коэффициентін төмендетеді.
Хлорлы натрий іс жүзінде гидролизденбейді. Хлорлы кальций тиесілі жағдайда HCL тұзын 10% дейін гидролизге түсуі мүмкін. Хлорлы магний 90% гидролизденеді, яғни бұл процесс төмен температурада жүреді. Сондықтан тұздар мұнай өңдеу аппараттарының коррозияға ұшырауының негізгі себебі болуы мүмкін. Хлорлы магний гидролизі:
MgCL + H2O → Mg(OH) + HCL
мұнайдағы бар судың әсерімен және хлорлы магнийдің өзінің кристалды суының әсерімен жүруі мүмкін. Аппараттардың гидролиз өнімдерімен бұзылуы жоғары температура аймақтарында (пеш құбырларында, буланғыштарда, ректификациялау колонналарында) және төмен температурада істейтұғын аппараттарда да (конденсаторлар және тоңазытқыштар) орын алады. Кейбір тұздар қалдық өнімдерде (мазутта және гудронда), олардың сапасын төмендетеді.
Мұнайды айдау кезінде күкіртті қосылыстар ыдырап, күкіртті сутегі түзіледі, ол (әсіресе хлорлы сутегімен бірге) аппараттардың коррозиясының күшті себепшісі болады. Күкіртті сутегі су болса және жоғары температурада аппараттардың металдарымен реакцияға түсіп, күкіртті темір түзеді:
Fe + H2S → FeS + H2
FeS тұратын қорғау қабаты металл бетін аздан болса да одан арғы коррозиядан қорғайды, бірақ хлоридтің гидролизінен түзілген хлорлы сутегі болған жағдайда, FeS тұратын қорғау қабаты онымен реакцияға түсіп бұзылады:
FeS + 2HCL → FeCL2 + H2S
Хлорлы темір су ерітіндісіне өтеді де бөлінген күкіртті сутегі темірмен қайтадан реакцияға түседі.
Мұнаймен бірге өндірілетін судың минералдығын немесе тұздығын 1л суды буландырғаннан кейін қалатын құрғақ заттар мөлшерімен өлшейді. Мұнайлар тұздығы 1л шикі затқа келетін милиграммен алынған хлоридтер (NaCL есептегенде) мөлшерімен анықталынады және оның мөлшері жерасты суының минералдану дәрежесі мен мұнайдағы мөлшеріне байланысты. Мұнай өңдеу зауытына жіберілетін мұнайдағы тұздар мөлшері 50 мг/л көп емес, ал айдауға берілетін мұнайда – 5мг/ - көп емес болуы қажет.
Сондықтан, мұнайды өңдеуге жіберу алдында оны судан және тұздардан айыру қажет. Суды және тұздарды бөлуді бірінші кезеңінде кен орнындағы дайындау қондырғыларында іске асырады. Кен орнындағы мұнайды дайындау дәрежесіне байланысты, қалдық су (0,5-1,0%) және хлоридтер (100-1800 мг/л) мөлшеріне қарап, үш топқа бөледі.МӨЗ мұнайды екінші сусыздандыру және тұзсыздандыру кеңінен өткізеді. Мұның нәтижесінде су мөлшері 0,05-0,1% дейін, ал тұздар – 3,0-5,0 мг/л және одан да төмендейді.
Кен орындарында және мұнайды МӨЗ қондырғыларында да дайындағанда, сусыздандыру мен тұзсыздандыру үшін, ал МӨЗ-да – жасанды, арнайы мұнай мен таза судан дайындалған, мұнай эмульсияларын бұзу процестерін пайдаланады.
Су мен мұнай өте қиын бөлінетін эмульсияны жиі түзеді. Эмульсия деп бір бірінде ерімейтін немесе қиын еритұғын екі сұйықтықтан тұратын, біреуі екіншісінде өте көп микроскопиялық тамшы (глобул) күйінде, оның мөлшері эмульсияның бір литрінде триллиондармен өлшенетін, жүйені атайды. Глобулдардың тараған сұйықтығын дисперс ортасы, ал дисперс ортадағы тараған екінші сұйықтықты – дисперс фазасы деп атайды. Шайырлы мұнайлар, құрамында нафтен қышқылдары немесе күкіртті қосылыстары бар, эмульсия түзуге өте биімдеу келеді. Эмульсияның түзілуіне мұнайды өндіруде оны сумен өте қатты араластыру әсер етеді.
Мұнай эмульсиялары ашық сары түстен қою-қоңыр түске дейін кездеседі. Көп жағдайларда олар судың мұнайдағы эмульсиясы, дисперс орта есебінде мұнай, ал дисперс фазасы – су түрінде болады. Мұндай эмульсиялар гидрофобты: олар су бетінде қалқып жүреді, ал бензинде немесе басқа еріткіштерде біркелкі тарайды. Мұнайдың судағы эмульсия түрі, дисперс орта күйінде су болатын өте сирек кездеседі. Мұндай эмульсиялар гидрофильді келеді: олар суда біркелкі тарайды да бензинде шөгеді.
Эмульсияның түзілуі беттік құбылыстармен байланысты. Сұйықтықтың беттік қабаты ауамен немесе басқа сұйықтықпен шекарада белгілі беттік кернеумен, яғни өзінің бетінің өсуіне кедергі жасайтын сұйықтық күшімен сипатталды. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің беттік кернеуі 0,02-0,05 н/м аралығында болады. Таза мұнай өнімдеріне кейбір заттарды қосу олардың сумен шекарадағы беттік кернеуінің төмендеуіне алып келіп соғады. Бұл құбылыс жалпы сипатты.
Кейбір кездерде заттар тіптен өте аз концентрацияда ерігеннің өзінде сұйықтықтың беттік кернеуін едәуір төмендетеді. Беттік кернеуді төмендететін заттарды беттік-активті заттар дейді. Бұл заттардың ерекшелігі, олардың құрамына, әдетте көмірсутекті радикал (молекуланың гидрофобты бөлігі) және полярлы топты бөлік (молекуланың гидрофилді бөлігі) кіреді. Екі фазалы сұйық жүйеде фаза аралық шекте полярлы заттардың әсерінен беттік кернеудің төмендеуін қосылған заттың жүйе компонентінде оған еріткіш болатын біркелкі тарамауымен түсіндіріледі. Шекара фазадағы оның концентрациясы еріткіштің барлық көлемдегісінен жоғары болады. Басқаша айтқанда, қосылған полярлы зат еріткіштің беттік қабатымен адсорбцияланады да оның беттік энергиясын төмендетеді. Осының нәтижесінде фаза бөлу шекарасында адсорбцияланушы қабат түзіледі, оны еріткіш бетіндегі беттік-активті заттың молекуласы қабаты деп қарауға болады.
Әртүрлі эмульсия, оның ішінде мұнай эмульсиясы да егер бір-бірінде ерімейтін екі сұйықтыққа механикалық әсер дисперстенуге яғни сұйықтықтың өте кішкентай бөлшектерге бөлінуіне алып кеп соққанда, түзілуі мүмкін. Сұйықтардың беттік кернеуі аз болған сайын тамшының түзілуі жеңіл жүреді, яғни сұйықтықтың жалпы беті өседі, себебі ол аз күш жұмсауды қажет етеді.
Бірақ екі таза бір-бірінде ерімейтін сұйықтықтарды араластырудан кейін алынған эмульсия тұрақтығы жоғары болмайды. Ауырлау сұйықтық түбіне отырады, дисперс фазасының тамшылары бір-бірімен соқтығысын үлкейеді. Бұл екі процесте эмульсияның екі қабатқа бөлінуіне алып келіп соғады. Тек қана дисперстігі өте жоғары дәрежеде, дисперс фазасының тамшысының диаметрі микрометрдің ондық бөлшегімен (10-7 м) өлшенгенде және молекулааралық күшті графитациялық күштер теңестіргенде эмульсияны бұзу қиындайды.
Егер екі бір бірінде ерімейтін сұйықтықтар қоспасы дисперстенуге қабілетті жағдайда болса және онда адсорбция қабатын түзу арқылы беттік кернеуде төмендететін беттік – активті зат болса, жағдай басқаша болады. Біріншіден, бұл тамшының бөлінуіне жағдай туады, ал екіншіден (бұл өте шешуші рөл атқарады), тамшы дисперс ортаның молекуласымен емес, ол күшті адсорбциялық қабатымен қапталады. Мұндай жағдайда тұрақты, қиын бөлінетін эмульсия түзіледі, себебі дисперс фазасының тамшысы - өзіндік өте тұрақты қабатымен қапталғандықтан, олар бір-бірімен қосыла алмайды. Кейбір кездерде адсорбция қабатының қалыңдығы микроскоппен байқауға болатындай дәрежеде болады.
Эмульсияның түзілуі мен тұрақтануына жәрдемдесетін заттарды эмульгаторлар дейді. Оларға мұнайдың шайырлары, асфальтендері, асфальтоген қышқылдары және олардың ангидридтері, нафтен қышқылының тұздары, тағы да әр түрлі анорганикалық қоспалар жатады.
Тұрақты мұнай эмульсияларының түзілуіне әртүрлі қатты көмірсутектері – парафиндер, церезиндер және қоспа алкансақинаалкан көмірсутектерінің микрокристалдары қатысады, олар эмульсия глобуласының бетіне адсорбцияланып, тұрақты қабат түзеді. Шикі мұнайда эмульгатор болып көбінесе шайырлар саналады. Олар мұнайда жақсы ериді және суда ерімейді. Шайырлар мұнай-су шекарасындағы бетке адсорбцияланып, мұнай жағынан беттік қабатқа түседі де су бөлшегінің айналасында тұрақты қабат түзеді.
Мұнай қышқылдарының алюминий, кальций, магний және темір сабынтұздары мұнайдың және оның дистилляттарында жақсы ериді және сондықтан олар гидрофобты эмульсиялар түзуге көмектеседі. Керісінше мұнай қышқылдарының натрий сабынтұзы суда және көмірсутектерінде жақсы ериді. Сондықтан олар су фазасы жағындағы беттік қабатқа, мұнай мұнай тамшыларын қоршап, адсорбцияланады да, мұнайдың судағы гидрофильді эмульсиясының түзілуіне жәрдемдеседі. Эмульгаторлардың екі түрі де болған жағдайда эмульсиялардың айналуы, яғни бір түрінен екінші түріне өтуі мүмкін. Осы құбылысты кейбір кездерде эмульсияларды бұзуда пайдаланады.
Мұнай эмульсияларының қасиеттері. Мұнай эмульсияларына мынадай физика-химиялық қасиеттер тән: дисперстік, тұтқырлық, тығыздық, электр қасиеті, тұрақтылық. Дисперстік деп дисперс фазасының дисперс ортадағы бөлуін атайды. Дисперс фазаның эмульсиялардағы мөлшері 0,1-нан 100 мкм дейін өзгереді. Мұнай эмульсияларының тұтқырлығы су мен мұнай тұтқырлығынан жоғары. Эмульсиялардың электр тогының өткізгіштігі судың, эмульсия дисперстігінен, тағы да суда еріген тұздар мен қышқылдар мөлшеріне байланысты.
Мұнай эмульсияларының тұрақтылығына, яғни белгілі уақытта мұнай мен суға бөлінбейтін, дисперстік, араласушы сұйықтықтар температурасы, эмульсия құрамында эмульгаторлардың болуы әсер етеді.Мұнай эмульсияларын бұзу әдістері. Мұнай эмульсияларын бұзу тетігі бірнеше сатыдан тұрады: 1) су глобулдарының қақтығысуы; 2) глобулдардың үлкендеу тамшыларға бірігуі; 3) тамшылардың тұнуы.
Эмульсияны бұзу үшін өндірістік тәжірибеде мынадай әдістерді қолданады: 1) механикалық; 2) термиялық; 3) химиялық; 4) электр тогымен әсер ету.
Механикалық әдістерге тұндыру, центрифугирлеу және сүзу жатады. Тұндыру процесін мұнайды кен орын жинау жүйесінде шикі зат резервуарларында судың негізгі бөлігін бөлу үшін пайдаланады. Сүзу және центрифугирлеу әдістері іс жүзінде қолдану таппады.
Термиялық әдіс жылу пайдалануға негізделген. Эмульсияны қыздырғанда эмульгатордың жұқа қабығы кеңейеді де жарылады, ал сұйықтық тамшылары бір-бірімен бірігеді.
Эмульсияларды бұзу үшін химиялық әдіс – эмульгаторлармен әрекеттесу – су тамшыларының қабаттарының құрылымдық-механикалық тұрақтылығын әлсірететін қаптау – көп қолдану табуда. Деэмульгатор есебінде әртүрлі беттік-активті заттар қолданылады, бірақ олардың эмульсияға әсері өте күрделі және аз зерттелген. Деэмульгаторлардың судағы ерітіндісінің әрекетіне қарап, оларды ион-активті және ионсызактивті деп бөледі. Ионактивтілер ерітіндіде катиондар мен аниондарға диссоциацияланады, ал ионсыз деэмульгаторлар иондар түзбейді. Ең жақсы деэмульгаторлық әсер қазіргі кезде кен орындарында және МӨЗ қолданатын ионсыз деэмульгатор проксамин, диссольван, прогалит, оксиэтилденген май қышқылдары (ОМҚ).
Электр тогымен эмульсияларды бұзу су глобуласының электр өрісінің әсерімен соқтығысын іріленуіне негізделген. Мұнай эмульсиясы айнымалы электр өрісіне түскенде, теріс зарядталған су бөлігі тамшы ішінде қозғала бастайды да, нәк тәрізді пішін алып үшкір жағымен оң зарядты электродқа бағытталады. Электродтардың полярлығын ауыстырғанда тамшы конфигурациясы өзгереді.
Кейбір тамшылар электр өрісінде оң электрод бағытында, бір-бірімен соқтығысын қозғала бастайды, бірігін іріленеді де бөлініп төмен түседі.
Өндіріс тәжірибесінде мұнайдан сумен тұзды бөлу үшін эмульсияларды бұзудың қосарланған әдістерін – термохимиялық, электртермохимиялық және басқа қолданады.
Кен орындарында эмульсияны құбыр ішінде және термохимиялық бұзу әдістері ең көп тараған.
Эмульсияны құбыр ішінде бұзу мынаған негізделген. Ұңғының құбыр аралық аумағында немесе мұнайды жинау коллекторының кіре берісіне 1 т шикі мұнайға есептегенде 15-20 г эмульгатор беріледі, ол эмульсияны кенжардан мұнайды дайындау қондырғысына дейінгі қозғалу процесінде бұзады. Процесс тиімділігі мына факторларға – эмульсияның деэмульгатормен араластыруды жеделдетуі мен жүргізу уақытына, ағым температурасына, эмульсиядағы судың мөлшеріне байланысты. Эмульсияны құбыр ішінде бұзу әдісін қолдану мұнайды дайындау қондырғыларының қуатын арттырады, дайындау сапасын жақсартады.
Термохимиялық судан айыруда мұнайдағы судың мөлшері 0,5-1,0% дейін төмендейді, сонымен бірге тұздардың едәуір бөлігі бөлінеді. Бірақ мұнайлардың көпшілігі қосымша судан және тұздардан тазалауды қажет етеді.
Мұндай тазалауды электротермохимиялық әдіспен, термохимиялық тұндырумен эмульсияны электр өрісінде әрекеттеу арқылы жүргізеді. Мұнайдан су мен тұздарды бөлудің электртермохимиялық қондырғысын электртұссыздандырушы (ЭТТК) деп атайды, оларды кен орындарында да және МӨЗ да пайдаланады. Қазіргі кезде ЭТТК іс жүзінде барлық МӨЗ құрамында бар. Көптеген зауыттарда электртұссыздандыру қондырғыларымен біріктіріліп тұрғызылады да олардың бір бөлігін құрайды. Мұнайдан судың және тұздардың (олардың мөлшері 8-10 рет төмендейді) негізгі бөлігі бөлінеді. 5 дегидратордан мұнай 6 электрдегидратордың екінші сатысына қайтадан әрекеттеу үшін түседі. 6 дегидраторға беру алдында мұнайға тағы да су береді. 6 дегидратордан судан айырылған мұнай 2 жылуалмастырғыш, 8 тоңазытқыштан өтеді де судан айырылған мұнай резервуарларына беріледі. Электрдегидраторларда бөлінген су 9 мұнай айырғышқа, қосымша тұндыру үшін жіберіледі. Ұсталынған мұнай 12 сыйымдылық арқылы шикі зат сорабының қабылдау бөлігіне қайта түседі, ал бөлінген су суытылғаннан кейін, канализацияға түсіріліп, тазалауға жіберіледі.
Технологиялық режим. Тұздардан айыру процесінің температурасы мен қысым тазаланатын мұнай қасиетіне байланысты. Тұтқырлығы төмен тұрақты эмульсия түзбейтұғын жеңіл мұнайларды тұздардан айыруды 80-1000С, бірақ мынадай мұнайлар, мысалы, Ромашка, Арлан, Маңғыстау үшін 130-1400С оптималды болып есептелінеді. Тұзсыздандыру температурасын көтеру электр ток өткізгішті және ток күшін көтереді, изоляторлар жұмысын күрделендіреді. Деэмульгаторды мұнайға біркелкі беру үлкен мән атқарады. Деэмульгаторлардың шығыны 10-нан 30г/т дейін және ол су мен мұнайдың түзілген эмульсия тұтқырлығына байланысты. Өндірісте деэмульгаторларды органикалық еріткіштерде концентрациялық ерітінді күйінде шығарады, олардан қолдану алдында 1-5% судағы ерітіндісін даярлайды.
Сілтіні мұнайға бос күкіртті сутегімен жүретін коррозияны басу үшін береді, тағы да ұңғыны қышқыл ерітіндімен әрекеттегенде, мұнаймен араласып кететін анорганикалық қышқылдарды нейтралдау үшін береді. Жуу суы есебінде өзен суын, бу конденсатын және айналма су жүйесінің суын қолданады.
ЭТТҚ тәжірибесі көрсеткендей терең тұзсыздандыру үшін мұнайға 10-15% дейін ағын суды қосу қажет. Осының нәтижесінде ағын мөлшері де сондай болады, оны көпбаспалдақты тазалаудан кейін жиынды су қоймасына жібереді. Тұщы судың шығынын азайту мақсатында және ағынды пайдаланаған судың көлемін азайту үшін көп МӨЗ тұзсыздандырудың екінші баспалдағынан жуынды суды бірінші баспалдаққа қайта беру, әрбір тұзсыздандыру сатысында суды қайтадан пайдалану желісі қолдану табуда. Соңғы вариант таза суды пайдалану шығынын қондырғы бойынша 2,5% дейін азайтады. Кейбір зауыттарда, әсіресе таза суға тапшы жерде, ағын суды термиялық зиянсыздандыру қондырғылары (АТЗҚ) іске қосыла бастады. Бұл қондырғыларда ЭТТҚ тұзды ағындарды құрған тұз қалдығы қалғанша буландырады. Осындай буландыру нәтижесінде алынатын конденсатты технологиялық процеске қайтадан жібереді.
Қондырғының ең негізгі аппараты электрдегидратор-электродтармен жабдықталған сыйымдылық, оларға жоғары кернеулі айнымалы ток қосылады. Кәсіпорындардағы және зауыттардағы ЭТТК әртүрлі конструкциялы электрдегидраторлары қолданылуда:
тік орналасқан, дөңгелек және жазық. Тік цилиндр тәрізді электрдегидраторлардың қуаты көп емес (25 м3/сағ. дейін) және сондықтан оларды барлық жерлерде жаңа
конструкциялы аппараттармен ауыстыруда. 1955-1970 жж. қосылған қуатты тұзсыздандыру қондырғыларында сыйымдылығы 600м3 және диаметрі 10,5 м дөңгелек шар тәрізді электрдегидраторлары қолданылған.Мұндай электрдегидраторлардың қуаты (5.17сур.) 300-500м3/сағ. Электродегидраторда үш жұп электродтар орналасқан, оның әрбір жұбы екі бір фазалы кернеуді көтеретін трансформаторлардан ток алады. Трансформаторлардың бірінші сым қабатын арнайы қосу дегидраторлардың электродтар арасындағы кеңістіктегі кернеуді 22-ден 44кВ дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Әрбір электродтың ортасына бөлгіш орналасқан, одан мұндай жазық электрод аралық кеңістікке түседі. Шар тәрізді электрдегидраторлардағы есепті қысым – 1,0 МПа.
Шар тәрізді электрдегидраторлар өте үлкен және оларды жасау көп металл шығынын талап етеді. Горизонталды электрдегидраторлар экономикалық жағынан тиімді, сондықтан ЭТТҚ қазір барлығын тегіс осындай дегидраторларды пайдалануда. Кен орындарындағы қондырғыларда 1,0 МПа қысымға есептелінген. ІЭГ-160 электрдегидраторлары көп тараған, МӨЗ-1,8 МПа қысымға есептелінген 2ЭГ-160, 2ЭГ-160-2, 2ЭГ-200-2 электрдегидраторлар пайдалануда. ЭГ-160 дегидраторларының көлемі 160 м3, ал ЭГ-200 – 200м3. ЭГ-160 және 2ЭГ-160 электрдегидраторларда шикі затты беруге бір, ал 2ЭГ-160-2 және 2ЭГ-200-2 – екі ендіру орны бар.
Шикі затты бір жерден ендіретін электрдегидраторларда (5.18 сур.) су мұнай эмульсиясын аппарат бойында орналасқан жазық маточник арқылы береді. Аппаратқа түскен мұнай әуелі су қабатына, ал одан кейін электродтардың астындағы электродаралық кеңістікке түседі. Дегидраторлардың жоғарғы жағында әрекеттелінген мұнайдың шығару коллекторы орналасады.
Екі жерден берілетін аппараттарда шикі затты электрод астындағы кеңістікке, ал оның аздау мөлшерін – электродтар аралығына береді. Горизонталды электродегидраторлардың жақсы жағы – мұнайдың жүру жолы ұзындау, аппараттардағы мұнайдың болу уақыты көптеу, себебі шикі затты өндіретін жер басқа конструкциялы жабдықтарға қарағанда төмен орналасқан. Одан бөлек горизонталды электрдегидраторда мұнайды тұнған тұз ерітіндісінің қабатына төменгі электрод астына бергенде, мұнайдың осы ерітіндімен әрекеттесуі болады және судың үлкен бөлшектері, мұнай электродтар арасындағы электр кеңістігіне түспей жатып, тұнып бөліне бастайды.
Мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандырудың экономикалық тиімділігі. Айдауға түсетін мұнайдағы тұздардың мөлшерін 8-14-тен 3 мг/л дейін азайту, алғашқы айдау қондырғыларының жөндеу аралық уақытын 1-2-ден 3-5 жылға дейін ұзартып қоймай, сонымен қабат кейінгі өңдеу қондырғыларының да жөндеу аралық уақытын ұзартады, отын, реактивтер, катализаторлар шығынын кемітеді. Мұнайдағы хлоридтердің мөлшерін бар болғаны 1 мг төмендету алғашқы айдау қондырғыларында 1 т өңделетін мұнайға есептегенде 1,1 тиын экономикалық эффект береді.
Соңғы жылдары кен орындарынан МӨЗ түсетін мұнайдағы тұздар мөлшері күрт кеми бастады: егер 1973ж. МӨЗ берілетін мұнай көлемі құрамында тұздар мөлшері 300 мг/л тек 31,4% ғана болса, қазір бұл көрсеткіш 90% жетті.
6.Өндірістік ЖШС “Амангелді газ өңдеу зауыты” технологиялық процестер мониторингі
Ректификациялық К-2 колоннасының мониторингі
Ректификациялық К-1 колоннасының мониторингі
ЭЛОУ қондырғысының мониторингі
Салқындатқыштар және дайын өнім резервуарларының мониторингі
Ректификациялық колонна сыртқы көрінісі
Өндірістік ЖШС“Амангелді Газ өңдеу зауыты” дайын өнімдері
Қорытынды
Аудан орталығы Аса ауылында 2005 жылы басталған «Амангелді газ өңдеу зауытының» құрылысы 2010 жылы аяқталған болатын. Зауыттың жобалық құны 3 000,0 миллион теңгені құрады. 33 гектар аумақты алып жатқан осынау өндіріс орнында бүгінде 372 адам еңбек етуде. Олардың орташа айлық жалақылары 110 мың теңге көлемінде. Аудандағы алдыңғы қатарлы өндіріс орны болып табылатын зауыт жұмысының негізгі мақсаты – мұнай өнімдерін шығару, шикізатты өңдеу болып табылады. Кәсіпорында АИ-80 маркалы бензин, дизель отыны, керосин, мазут және жеңіл дестилятор шығарылады. Зауыт жылына 200 мың тоннаға дейін өнім өндіру әлеуетіне ие. Мұнда алғаш шикізат Қызылорда облысындағы «Құмкөл» және Ақкөл кен орындарынан жеткізілді.
Зауытта 2015 жылы 181 400 тонна немесе 2 121,4 миллион теңгенің өнімі, ал 2016 жылдың 9 айында 163 700 тонна немесе 1 1 898,8 миллион теңгенің өнімі өндірілді. 2015 жылы кәсіпорын 145 700,0 мың теңге, 2016 жылдың 9 айында 137 500,0 мың теңге салық төледі.
Бүгінгі күні «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Талас ауданындағы газ кенішінен тыс, сондай-ақ «Құмкөл» және «Шалқар» кен орындарынан мұнай шикізатын алып тұруға қазіргі экономикалық жағдайға, мұнай өнімдерінің құбылмалы бағасына сәйкес қысқа мерзімді келісімшарттар жасасқан. Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында мұнда 163,7 мың тонна мұнай шикізаты өңделді. Оның ішінде, бензин, дистилятор, мазут, дизель отындары бар. Жамбыл ГРЭС-імен мазут жіберуге 50 мың тоннаға келісімшарт жасалған.
«Бүгінгі күні өнім түрлерін көбейту мақсатында жылына 40 мың тонна жоғары октандық бензин шығаратын тұрақтандыру блогы және сыйымдылығы 4160 тонналық сұйытылған газ сақтау қоймасын салу жобаларын іске асыруды қолға алудамыз. Тұрақтандыру блогы бойынша Қытай мемлекетінің «Джунда» консорциумымен инвестиция тарту және 100 мың тонна мұнай шикізатын алу бойынша келісім жасастық. Осы айда зауыттың тұрақтандыру учаскесінің және қысымдалған газ сақтау қоймасының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сауда нарығында тұрақтандырылған жеңіл дистилятқа сұраныс жоғары, ал оны алу жолы қысымдалған газ өнімінен айыру үдерісімен байланысты. Аталған инвестициялық жобаны іске асыру кәсіпорынның өнім өндіру көлемін кеңейтуге және 10 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Зауыттың қазіргі уақыттағы шикізат қоры 14 мың тоннаны құрайды. Бізде қазір 372 адам жұмыс істеуде, дағдарыс жағдайына байланысты жұмысшыларды қысқарту жағдайына жол берілмеді. Еңбекақы мен салықтар бойынша да қарыздар жоқ. Жалпы, жобаның құны шамамен 2 миллиард теңге екенін жоғарыда айтып өттік. Биыл шамамен 1 миллиард 200 миллион теңгенің жаңа нысандары іске қосылып, қабылданды. Осы жұмыстардың нәтижесінде зауыт келешекте жобаны іске асырған соң, блок өнімінен пропан және бутан газдарын өндіруді көздеп отыр. Құрылыс жұмыстарының бүгінгі күнге 60 пайызы жүргізілген. Құрылысты жалпы жыл соңына дейін бітіру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Аса және Ақбастау ауылдық округтері аумағындағы шаруа қожалықтарынан 55 гектар жер сатып алу жолдары қарастырылуда.
Пайдаланылған әдебиеттер
http://www.agpz.kz/o-kompanii.html
https://www.google.kz/search?q=%D0%90%D0%93%D0%9F%D0%97&rlz=1C1NHXL_ruKZ738KZ738&oq=%D0%90%D0%93%D0%9F%D0%97&aqs=chrome..69i57j0l5.2791j0j1&sourceid=chrome&ie=UTF-8#q=%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B3%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D1%96+%D0%B3%D0%B0%D0%B7+%D3%A9%D2%A3%D0%B4%D0%B5%D1%83+%D0%B7%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%82%D1%8B+%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B7
Достарыңызбен бөлісу: |