Өндірістік практиканың мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер қойылады



бет2/7
Дата08.07.2023
өлшемі44,33 Kb.
#179352
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Нурдаулет практика
LANGUAGE TEACHING METHODOLOGY BY DAVID NUNAN ww…, 9 Семинар, 131749, еггг, 1. Д рілік зат, д рілік препарат, д рілік форма туралы т сінік, Психология БОЖ
Негізгі бөлім

  1. Заң консультанттары палатасының іс жүргізуді ұйымдастыру ерекшелігін меңгеру.

Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттар палатасы 2019 жылы 9 қазанда құрылған болатын. Бұл заң консультанттар палатасы құқық саласында кәсіптік қызмет көрсетеді және заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға құқықтық сұрақтарға шешімін табуға көмектеседі.
Палата коммерциялық емес ұйым болып табылады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңына, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңына, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңына, Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» заңына, өзге нормативтік құқықтық актілеріне және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Заң консультанттары палатасының жарғысы палатаның уәкілетті орган бекітетін үлгілік жарғысы негізінде әзірленеді.
Палата заңдылық, Палата мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңдігі (тең құқықтығы) және еркін . ерік білдіруі, өзін-өзі басқару, өзін-өзі ортақ қаржыландыру, қызметінің айқындығы, есептілік пен жариялылық, өзара көмек және мүшелерінің мүдделерін қорғау, тәуелсіздік қағидаттары негізінде құрылады және әрекет етеді.
Палатаның қызметі заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеуге және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, Палатаның қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы және осы Жарғыда көзделген мақсаттарға жетуі бөлігінде олардың қызметін бақылауға бағытталған.
Палата коммерциялық емес ұйым болып отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген толық құқықтық субьектілікке ие және азаматтық айналымда дербес әрекет етеді, соның ішінде:

  • дербес теңгерімі, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттары, өзінің атауы көрсетілген мөрі, мөртаңбалары және бланктері бар;

  • егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгесі көзделмесе, басқа заңды тұлғаларды құруға, соның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде, филиалдары мен өкілдіктерін ашуға, қауымдастықтар мен одақтарға кіруге, сондай-ақ олардың қызметіне қатысуға құқығы бар;

Палата азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес субьектісі ретінде өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін болатын және өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жауап береді. Заңнамада және осы Жарғыда көзделген жағдайларды қоспағанда, Палатаның мүшелері оның міндеттеммелері бойынша жауап бермейді. Палата өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Палатаның мүшелері Палата мүшелерінің кәсіптік заң қызметтерін көрсету/жұмыстарын орындау кезінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамауы/тиіссіз түрде орындауы салдарында келтірілген іс жүзіндегі нұқсан үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жолымен үшінші тұлғалардың алдында жауап береді және мүліктік жауапкершілік көтереді.
Палата өзінің мүлкін өз бетінше және өзінің қызметіне және мүліктің арналуына сәйкес иеленеді, пайдаланады, басқарады, өз бетінше істерін жүргізеді, өзінің атынан шарттар жасасуы, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтеруі мүмкін.
Палата қызметінің мерзімі шектелмеген.
Палата өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін дәрежеде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Палатаның кәсіпкерлік және өзге қызметінен түскен табысы оның жарғылық мақсаттарына жету үшін пайдаланылады.
Палатаның басқару және бақылау органдары мыналар болып табылады:
Жоғары басқару органы - Палата мүшелерінің Жалпы жиналысы ;
Алқалы басқару органы - Басқарма;
Атқарушы басқару органы - Палатаның Төрағасы;
Жалпы жиналыстың шешімі бойынша сайланатын немесе тағайындалатын бақылау басқару органы (ревизиялық комиссия, тексеруші).
Палатада сондай-ақ мынадай органдар мен комиссиялар құрылады:
Байқаушы кеңес - Палатаның стратегиялық даму бағыттарын әзірлеуге қатысатын Палатаның консультативтік органы. Байқаушы кеңес 17 адам құрамында құрылады. Байқаушы кеңес Жалпы жиналыс бекітетін Ереженің негізінде құрылады және әрекет етеді. Байқаушы кеңестің мүшелерін Палата мүшелерінің Жалпы жиналысы Басқарманың ұсынысы бойынша сайлайды. Жұртшылықпен байланыс жасау, білім, ғылым мекемелерімен, халықаралық және басқа да бейіндік ұйымдармен ынтымақтастық құру мақсатында Байқаушы кеңеске келісім бойынша Палатаның мүшелері болып табылмайтын тұлғалар Байқаушы кеңестің тәуелсіз мүшелері ретінде сайлануы мүмкін.
Аттестациялық комиссия;
Тәртіптік комиссия;
Палатаның Мамандандырылған органдарын құру тәртібі, құзыреті мен қызметі осы Жарғыға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Палатаның ішкі актілерімен реттеледі.
Палата қызметінің мәні мен мақсаттары мына төмендегілер болып табылады:
жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету жөніндегі заң консультанттарының қызметін реттеу;
Палата мүшелерінің заң қызметтері мен заң көмегін көрсетуінің сапасын жоғарылату, оның жоғары стандарттарын орнату және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Палатаның мүшелері заңды және жеке тұлғаларға көрсететін заң көмегінің сапасына бақылау жасау;
Палатаның мүшелері болып табылатын заң консультанттарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
заң қызметтері мен заң көмегінің ашық және айқын нарығын орнату;
заң консультанттарының және олар құратын заңды тұлғалардың (заң фирмаларының және т.б.) таза және адал ниетті бәсекелестігін дамыту;
Қазақстан Республикасында мықты кәсіпқой заңгерлер қауымдастығын құру;
құқықтық мемлекетті қалыптастыру және қоғамның құқықтық мәдениетін жоғарылату жағынан ықпалдастық жасау.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет