Өндірістік тәжірибе өткен жері: Алматы облысы, «АлматыТрансТелеКом» АҚ .
Өткізілген уақыты: 01.09.2020-17.10.2020
I Бөлім. «АлматыТрансТелеком» АҚ өндірістік тәжірибе
Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер
Қызметтерді әртараптандырудың арқасында «Транстелеком» бүгінгі күні салалық бағытты еңсеріп, IT саласындағы телекоммуникация және жүйелік интеграция нарығында ең ірі провайдерлардың бірі болып отыр. TTC компаниясы – ел экономикасының дамудың түбегейлі жаңа жолына өтуіне және цифрлық теңсіздікті жоюға ықпал ететін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы екенін атап өтуге болады. 20 жыл ішінде «Транстелеком» 17 мың шақырымдық талшықты-оптикалық желі тартып, шалғай ауылдар мен станцияларды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етті.
Осының нәтижесінде мектептер, диспансерлер, ауылдық әкімдіктер және бизнес үшін жаңа перспективалар ашылды. Үйден шықпай-ақ адамдарға қызмет алуға мүмкіндік бар. ТТС компаниясы шетелдік операторлармен жылдамдығы жоғары шекаралық өткелдерді құру және маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдыңқ нысандардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты дамытып жатыр.
TTC Қазақстанда алғашқы болып SOC ақпараттық қауіпсіздік мониторингі орталығын құрған. Сол секілді, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының бастаушысы Қытай, Орталық Азия елдері мен Еуропа арасындағы коммуникациялар мен логистиканы дамытудың ғаламдық жобасы аясында ТТС «KazTransCom» АҚ-мен бірлесіп Қытаймен шекаралас аумақтан Каспий теңізіне дейін 3 648 шақырымдық байланыс желісін салды. Одан әрі талшықты-оптикалық кабель желісі Каспий теңізінің түбімен Қазақстаннан Әзербайжанға өтеді.
Бұл жобаға «Транстелеком» компаниясы да қатысуда. Республикадағы цифрлық трансформация процесінің белсенді қатысушысы ретінде ТТС компаниясының зияткерлік «кейсінің» сапалы мазмұнына көңіл бөледі. Оның өнімдері, қызметтері және IT шешімдері өзекті және ақпараттық технологиялар нарығында сұранысқа ие. «Транстелеком» АҚ адами капиталдың құнын арттыру бағытында үнемі жұмыс жүргізеді. Компанияның корпоративті мәдениеті қызметкерлердің ең жақсы кәсіптік және іскерлік қасиеттерін сезінуге, бастамалар мен бизнеске шығармашылық көзқарасты дамытуға бағытталған.