Өнегелі іс-шара тақырыбы: Шахмат.Дойбы.Тоғызқұмалақ ойыны.
Мақсаты:
- Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
- Есептеуге, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрету, ой өрісін дамыту;
- Жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұлттық спорт түрінің бірі тоғызқұмалақты игерту, ұлттық құндылықты құрметтеу сезімін тудыру.
Ойынға керекті жабдықтар: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ.
Өткізу түрі: командалық жарыс
Барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер құрып тұрып бір-біріне жақсы тілек айту. Бүгінгі іс-шараға белсенді қатысуларына сәттілік тілейді.
Мұғалім осы ойындардың шығу тарихы, ойнау ережесі жайлы қысқаша түсінік береді.
Балаларды шахматшылар, дойбышылар, тоғызқұмалақшылар тобына бөліп, солардың ішінен командаға бөледі.
Ойын басталып командалар жарысқа түседі. Жеңген команда келесі жеңімпаз командомен ойнайды. Ойын осылай жалғасып, 3 ойын түрінен жеңімпаз болған командаларға жұлдызша табыс етіледі.
Шахмат
Шахмат (парсының сөзі шах мат – өкім етуші өлді деген мағынаны береді), серіктестерге арналған 64 тордағы 32 фигурадан (16 – ақ және қара түсті) тұратын ойын. Шахматтың Отаны – Үндістан. Ойынның қазіргі заманғы тәртібі негізінен Қайта өрлеу заманында (XV-XVI ғғ.) пайда болған, дегенмен оның тұтастай бірігуі тек осыдан 100 жыл бұрын ғана болған. Шахмат ойыны өнердің, ғылым мен спорттың түрлерін біріктіреді.
Шахмат Үндістанда осыдан 2000 жыл бұрын пайда болды. Ол кезде ойын чатуранга деп аталды. Шахмат Үндістаннан Азияның шығысы мен орталығына тарады, ал V ғасырдың аяғы мен VI ғасырдың басында ол Иранға келді. VII жүзжылдықта шахматпен иран монархияс ының жеңімпаздары – арабтар танысты. Өздеріне жаңа болып көрінген ойын түрін олар шатрандж (парсының шатранг деген сөзінен шыққан) деп атады. Арабтар оны дамыта отырып, IX-X жүзжылдықтарға дейін таратты.
XII ғасырдың аяғында католиктердің шіркеуі шахматты жасырын ойын есебіне қосты, бірақ ол ұзаққа бармады және XIV ғасырдың орта шенінде қайта ауыстырылды.
Шахмат бильярдтан кейінгі екінші спорт ойыны болып табылады, осы ойын түріне арналып әлем чемпионаты өткізіледі. Ал 1878 жылы алғаш рет телефон арқылы шахмат ойыны өтті. 1888 жылы хат жазысу арқылы бірінші шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Шахмат ойынының ең ұзақ мүмкіндігі 5 949 жүрістен тұрады.
Шахмат тақтасындағы мүмкін позициялардың 40 жүрістен кейінгі жалпы саны Әлемдегі барлық бізге көрінетін электрондар санынан асып түседі
|
Дойбы
Дойбы – бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Ежелгі болатын себебі, ойынға арналған құралдар сонау ерте заманда Египет пен Русьтегі Киев аймақтарындағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Сонымен бірге ежелгі болатын себебі, қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таратылу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін тапқан жоқ – олар ғасырлар қойнауында жасырын жатыр.
Жас болатын себебі, ойын тәртібі уақыт ағысымен өзгерістерге ұшырап, тұрақтандырылды, ол осы ғасырдың орта тұсына таман қазіргі заманға лайықталды.
Ежелгі Римде дойбы ойыны «латрункул» деген атауға ие. Бұл латын сөзі «латро», яғни қазақшаға аударғанда – сарбаз, жауынгер, т.с.с. мағына береді. Демек, ойын екі армияның соғысымен сипатталған әскери болып табылады.
Дойбы тақтасындағы соғыстың қалай өткенін Исидор Севильскийдің (560-686 б.э.) хабарламасынан білуге болады. Ол жүрістер туралы төмендегіше жазады: «Дойбылардың бір бөлігі тәртіппен, бір бөлігі анда-мұнда жүреді, сондықтан да олардың жартысы қарапайым (ординарии), ал қалғандары адасқандар (ваги) деп аталады.
Бүгінгі күнде дойбы спорттың өзге түрлері арасында елеулі орын алады. Қазақстан Республикасының чемпионаттары үнемі өткізіліп тұрады, секциялар құрылған. Бұқара арасында дойбы кең таралған. Қарапайым және кемеңгер, тартымды әрі жұмбақ дойбы ойнының тарихы жалғаса береді. Себебі, бұл өте ежелгі және мәңгі жас ойын
|
Тоғызқұмалақ
|
Тоғызқұмалақ –әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог –ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мен берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарачай-Черкесия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр.
Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ ойынынан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.
1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді.
Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.
Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Тоғызқұмалақ ойының Кодексі осыған негізделген.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |