Оның зардаптары Сынып жетекші: 2023-2024 оқу жылы



бет12/58
Дата15.05.2024
өлшемі1,18 Mb.
#202278
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
Жоғары ҚМЖ тәрбие сағаты 23-24

Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Ресурстар

Кіріспе
10 мин

Негізгі бөлім
25 мин



а) Мемлекеттік әнұранды орындау. 
ә) Оқушыларды екі топқа бөлу: 
1 - топ «Әділет», 2 - топ «Ақиқат». 
б) Әділқазылар алқасын тағайындау. 
в) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру. 
Кіріспе 
Мұғалім:
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған. Осы декларация қабылданғалы жыл сайын 10-желтоқсанда «Адам құқықтарының» күні аталып өтіледі. 
Адам және азаматтардың құкықтары, ерік, бостандықтары терең құрастырылған кұжат, бұл өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы . Бұл кезде 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызып жойған жоқ. Яғни олардың заңы бойынша Конституция алдында Президентте, қарапайым адам да бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие. 

Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру (топтың аты , өмірлік ұстанымы, топ төс белгісімен таныстыру) 
2. Тікелей сұрақ ( әр топқа заң, құқық тақыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады .Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі) 
3. «Ой талқы» Берілген сұраққа әр топ ой - тұжырымдарын білдіреді 
(уақыт 3 мин.) 
4. «Адасқан әріптерді орналастыр» 
5. «Өз құқығыңды біл» ҚР-ның 2002 жылы 8-тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңындағы кейбір баптарға тоқталу. 
6. «Ой жалғау» 
7. «Ой елегінен өткіз» Ойлан, артығы бар ма? Тапсаң сызып таста 
8. Ситуациялық жағдайдан шығу 
9. Қорытынды ( Әділ қазылар алқасының қорытындысы) 

Туған жерім күн санап әсемдеген, 
Көз тартады көркімен әсер беріп. 
Ата заңым елімнің мақтанышы, 
Бірге есейген халқыммен бекемденіп. 
Еңбек, тыныс , тіршілік жарасқандай, 
Бір қазанда қайнамас талас болмай.
Асқақтамай желбіреп көк байрағым, 
Өршіп бейнең аспанмен таласқандай. 
Жаса мәңгі тәуелсіз арысты елім, 
Ата заңмен әрқашан табысты едің. 
Соның бәрін дамытып кең далаға, 
Болашағың болсын тек Барыс сенің. 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің ата заңының 1-бабында Қ.Р -ның өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның басты қазынасы адам және адамның өмірі. Құқықтары мен бостандықтары деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу заман талабы. «Құқықтық сауаттылық заман талабы» айдарымен ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 

I. бөлім «Таныстыру» 
(Әр топ атын, топ ұстанымын, топ төс белгісін таныстырып өтеді. Жоғарғы ұпай 10 ұпай.) 
2-жүргізуші: 
II. бөлім. «Тікелей сұрақ» 
(10-сұрақтан қойылады, әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі) 
«Әділет» тобының сурақтары: 
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым өкілім) 
2. Қ.Р-ның биліктің бірден бір бастауы (халық) 
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді (Президент қол қойғаннан кейін) 
4. Егемендік алғаннан кейін Қ.Р-да Конституция қанша рет қабылданды? Өзгерістер енгізілді?
(2-рет 1993 жылы 28-қаңтар , 1995 жылы 30-тамыз, 2017жылдың 10 наурызында) 
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата? (Парламент) 
6. Қасымханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5-тараудан) 
7. Қ.Р өзін қандай мемлекет ретіне орнықтырды. (Демографиялык, зайырлы , құқықтық, әлеуметтік) 
8. Құқық дегеніміз не? ( Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.) 
9. Қ.Р. Конституциясы неше бөліктен және қанша баптан тұрады? (9-бөлім 98-бап) 
10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні) 

«Ақиқат тобының » сұрақтары: 
1. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тіл) 
2. Қ.Р. «Баланың құқықтары туралы заң» қай жылы күшіне енді? (2002жылы 8-тамыз) 
3. Қ.Р-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізді? (1993 жылы 15-қараша) 
4. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай жылы пайда болды? 
(1787 жылы АҚШ-та) 
5. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? 
(1948 жылы 10-желтоқсан) 
6. Қ.Р-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заңы қай жылы қабылданды? 
(1992 жылы 4-маусым) 
7. Қ.Р-дағы «Бала құқықтары» туралы заң қанша тараудан тұрады ? 
(10-тарау 53-бап) 
8. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан) 
9. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? 
(1989 жылы 20- қараша БҰҰ-ның бас ассамблеясы қабылданды) 
10. Қ.Р-ның жаңа әнұраны қашан кабылданды? (2006 жылы 6-қаңтар) 

III. бөлім «Ой талқы» 
1-топ. «Әділет» тобына 
Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не? 

2-топ. «Ақиқат» тобына 
Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек? 

Ән: 

IV бөлім. «Адасқан әріптерді орналастыр» 

1-топ. «Әділет» тобына 
1. ЕКОНЮС- БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы 
2. АТКРДЕИЯМО-халық еркі немесе билігі 
3. ЕНТЕЗПРИДЕ- мемлекет басшысы 

2-топ «Ақиқат» тобы 
1. УАТРА- айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім 
2. АТТӨЛЖҰҚ- азаматтық куәліктандыратын құжат 
3. РПАЕЛМАНТ - заң шығарушы орган 

V-бөлім. «Өз құқығыңды біл?» 
Қ.Р-ның 2002 жылы 8-тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңындағы кейбір баптарға тоқталу 

VI. бөлім. «Ой жалғау» 
«Әділет тобы» 
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 
2. Өш алғаннан ғөрі ... (кешірген жөн) 
3. Ақырын жүріп .... (анық бас) 
4. Асыл тастан ... (өнер жастан) 
5. Тура биде... (туған жоқ) 

«Ақиқат» тобы 
1. Ұрлық түбі ... (қорлық) 
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ) 
3. Әдепті бала ... (арлы бала) 
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады) 
5. Әділ істің...(арты игі) 

VII. «Ой елегінен өткіз» 
1) Оқушы неге құқылы? 
Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға. 

2) Оқушы неге міндетті? 
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға. 

VIII. Білімді тиянақтау 
Бұл бөлімде екі топ ситуациялық жағдаяттан шығу керек, (1 мин. уақыт беріледі) 

№1.Ситуациялық жағдай 
Азаматша Жасұзаққызы өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Асхат пен Қайрат бірнеше күн қатарынан азамат Есімовтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есімов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Жасұзаққызы есіктің алдына шығып, сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Асхат пен Қайрат - деді. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген. 

1. Азаматша Жасұзаққызы дұрыс жасады ма? 
2. Мұндай жағдайда Ж. не істеуі керек еді? 
3.Ж. біреуге жала жапқаны сөзі үшін жауап бере ме? 

Дұрыс жауабы: 
1. Ж. дұрыс жасаған жоқ. Әділділікті тек сот шешеді. 
2.Ж. ол балаларды көзбен қадағалағанын бөлімше инспектор полициясына айту керек еді, сөз расталған жағдайда ғана сотқа өтуі керек, яғни Қ.Р. кұкық бұзушылық кодекісінің №129 бабы бойынша біреудің сыртынан жала әңгіме айтуға болмайды. 
№2. Жағдайатты шешу
Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет машинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады. 

Сұрақ 
1. Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? 

Жауабы: 
Жоқ. Қ.Р-ның құқық бұзушылық кодекісінің №32 статиясы бойынша Марат құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ол өз басын арашалау мақсатында істеді. 





Бекітемін.


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет