Бақылау карталарының мәні
Бақылау карталары процестің динамикасын, яғни сапалық көрсеткіштердің уақыт барысында өзгеруін график түрінде көрсетеді (... сурет). Әдетте картада мәліметтердің жоғарғы және төменгі шекара (реттеу шекарасы) ішінен табылатын шашырау диапазоны көрсетіледі. Реттеу шекарасын бағалау үшін 3 орташа квардаттық ауытқу (3 σ) қолданылады.
... сурет. Бақылау картасы.
1 – процесс реттелген; 2 – процесс реттелмеген
ЖРШ – жоғарғы реттеу шегі; ТРШ - төменгі реттеу шегі
Бақылау карталары технологиялық процестерді талдау және реттеу үшін кеңінен пайдаланылады.
Егер бақылау картасына енгізілген нүктелер реттеу шекарасынан шықпайтын болса, онда процесс түрақты жүріп жатыр деп есептелінеді. Нүктелердің шашырауы сапалық көрсеткіштің түзетуге келмейтін ауытқуы деп танылады, өндірісті оған өзгерістер енгізбей жалғастыра береді.
Ал егер картадағы нүктелер реттеу шекарасынан шығып жатса, технологиялық процеске кейбір табу және түзетуге жататын жүйелік қателектер енді деп есептеледі. Бақылау карталары пайдалы ақпарат көзі болып табылады, өйткені сапалық көрсеткіштердің шашырауымен бірге орташа мәндерге, яғни технологиялық процестің реттелу деңгейіне ықтималдық баға беруге мүмкіндік туғызады. Көрсетілген қасиеттерінің нәтижесінде бақылау карталары технологялық процестерді талдау және жетілдірудің тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |