Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері


Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі



бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,38 Kb.
#85041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері

Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі
Кәсіпорынның өткізу қызметі – компанияны тұтынушылармен тығыз байланыстыратын буын. Өткізу қызметінің құрылымы территориялық, туарлық белгісіне қарай жасалынуы мүмкін. Территориялық белгісінне қарай ұйымдастыру кезінде агенттер мен өткізушілер белгілі бір географиялық аймаққа бекітіледі. Ал егер компанияның өнімдері көп, техникалық құрылымы күрделі және сан алуан болса, онда өткізу қызметі тауар белгісіне қарай ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда сауда агенттері тауардың арнайы түрін немесе ассортиментті тобын өткізуге негізделеді. Көптеген фирмаларды өнімді өткізумен кең өрісті қызметтерді қамтитын сауда агенттері айналысады. Олардың түрлері-универмагтан тапсырыс алушы, қызметтер мен тауарлар сатушы, фармацевтік компаниялардың сауда агенттері, тұтынушыларды техникалық ақпаратпен қамтамасыз ететін агенттер, т.с.с. Кейбір фирмаларда агенттер мүлдем болмауы мүмкін (кталог бойынша өткізу тағы басқалары), ал басқа фирмаладың негізгі буыны, агенттер болып табылады. Сауда агенттерінің қызметтері: компанияны тұтынушыларға таныстыру, тұтынушының қажеттілігін зерттеу, оларға қызмет көрсеті, тұсау кесер өткізу, мәміле жасау.
Компанияда ішкі және сыртқы немесе «далалық» өткізу қызметтері болады. Сыртқы өткізу қызметтері-ол тапсырыс берушілерге өздері барып, жұмыс істейтін агенттер. Ішкі өткізу қызметі – ол жұмысшылардың кеңседен шықпай-ақ өткізу жұмыстарын орындау. Қазіргі кездегі өткізудің ең қолайлы әдісі – мерчендайзинг. Ол дүкендердегі тауарлардың сөрелерде тиімді орналасуы, кезкелген уақытта тұтынушының тауарды алу мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, өнімді өткізудің тиімді стратегиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет