Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және сапа туралы түсінік
Бәсеке дегеніміз-ол өнім өндірушілердің нарық жағдаында өнімді сату,тарату,тұтынушылар тарату жолындағы күрес болып табылады.Жалпы бәсекеге қабілеттілік дегеніміз-кез-келген экономикалық обьектілерге тән қасиет.М.Эрлих және Дж.Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті-ол фирманың өз тауарын сату қабілеті.
Бәсекеге қабілеттілік сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға,менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым болып табылады.
Тауардың қазіргі және болашақтағы бәсекеге қабілеттігін бағалаудан кейін өндірістік-өткізу саясаты туралы шешім қабылданады.Олар:берілген тауардың өндірісі мен өткізуін жалғастыру,Өндірістің модернизациясын жасау,және оны өндірістен алып тастап,жаңа тауарды шығаруға кірісу.Модернизация(франция-жаңғырту деген мағынаны білдіреді)-яғни артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі-тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықта өз орнын табуы.Басқа сөзбен айтқанда,бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың 3 негізгі жолы бар.Біріншіден тауардың сапасын жоғарлату.Екіншіден тауардың бағасын арзандату.Үшіншіден тауардың өткізуін өрістету.
Бәсекеге өабілеттілікті бағалау 3 кезеңде жүргізіледі:1-ші параметрлері белгіленеді және олардың маңызы анықталады.2-ші тұтынушылардан пікір сұрау жүргізіледі және сұраныс нәтижесі талданып,өнімнің бәсекеге қабілеттілігі бағаланады.
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері.
1.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.Бұл теориядағы бәсекеге қабілеттілік өлшемі барынша төмен салыстырмалы шығын және бұл теорияның талдау нәтижесінде алынған ақпарат бәсекелестердің еңбек өнімділігінің деңгейі.
2.Маршалдың фирма мен саланың тепе-теңдік теориясы.Маршалдың теориясы боынша бәсекеге қабілеттілік өлшем өндіріс факторларын пайдаланудың жоғары өнімділігі.Талдау нәтижесінде алынған ақпарат өндіріс факторларының өнімділік деңгейі.
3.Хекшер ен Олиннің өндіріс факторларының арақатынасы туралы теориясы.Бұл теория бойынша қабілеттілік өлшем барынша төмен факторлық шығын және нәтижесінде алынған ақпарат өндіріс факторларының салыстырмалы құны болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі іс-әрекеттердің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді.Олар:Өнімнің сапасын арттыру,Баға саясатын реттеу,Өнімнің тартымдылығын арттыру және Өндірістегі мемлекеттік қолдау.
Өнімнің сапасын арттыру оларға халықаралық сапа стандарттарын енгізу,ғылыми –техникалық және инновациялық жетістіктерді енгізу,өндірісті диверсификациялау және өнімді дифференциялау жатады.
.Диверсификация-әртүрлілік,өзгеріс деген мағынаны береді.
Баға саясатын реттеуге нарықта баға стратегиясын айқындау,бағаны қалыптастыру әдістерін анықтау,өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндіктерін іздестіру жатады.
Өнімнің тартымдылығын арттыру өнімнің сапалық және бағалық тиімділіктерін жарнамалау,өнімнің сыртқы келбеті мен жағымдылық қасиеттерін арттыру болып бөлінеді.
Және өндірісті мемлекеттік қолдауға инвестициялық саясатын ұстану,экономикалық қолдау шараларын енгізу,бәсекелік ортаны дамыту жатады.Осы айтылған қалыптастыру тетіктері бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар беру және оларды шешу жолдарын анықтау болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндіруші кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігімен тікелей байланысты. өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:
нарықты талдау ─ потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің қажеттіліктерін зерттеу;
тауарға нарықтық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық көрсеткіштер құрылымында көрсету;
салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;
бағалық класс моделінің түрін таңдау;
тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау;
бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау [6].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің нәтижесі тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы мен жағдайы туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде мәлімдеме жасайтын белгілі бір параметрлер жиынтығымен сипатталады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын жобалау оның нақты және уақытылы бағалауына тікелей байланысты. Өнімнің бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын өнімнің параметрлерін салыстыру базасының параметрлерімен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі алынады. Ал ұқсас тауар ретінде сатылу көлемі максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер өнімнің параметрлерінің физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері қолданылады.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:
өнімнің жаңалық дәрежесі;
өндірілу сапасы;
өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
қаржылық жағдайы.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері бойынша қарастыруға болады. Егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін баға бойынша бағалайтын болсақ, өнімнің бағасы, сапасы мен дизайны ұқсас тауардан кем түспесе, онда өнім бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы құн бойынша бағалайтын болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы жоғары болған сайын оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады [6].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері келесідей:
Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын өнім мен салыстыру базасының техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы бағаланатынын айтқанбыз.
Бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
дифференциалданған;
комплексті.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын өнім мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына негізделген.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға қажетті параметрлермен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстырылатын параметрлер өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық және экономикалық параметрлердің топтары бойынша іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |