2) орта медицина қызметкерімен БМСКК ұйымдары, дәрігерге дейінгі кабинетте, әлеуметтік-психологиялық көмек және профилактикалық көмек кабинеттерінде жүргізіледі:
Скринингті қарауға дайындық кезеңінде ақпаратпен таныстырып, зерттеу жүргізу алдында жыныстық қатынастардың болмауын, қынаптық емшара, тығындар, ванналар, жуу жүргізілмеу керек екендігін ескертеді;
025-08/е формасы толтырылады;
антропометриялық өлшеу жүргізіледі (салмақ,бой,мықын өлшемі), Кетле индексі есептеледі;
Скрининг-тест бойынша сауалнама жүргізіледі( 14-16, 29 пункты, 025-08/е формасы )
БМСКК ұйымының қарау кабинетіне жолданады;
3)БМСКК ұйымының қарау кабинетінде орта медициналық қызметкер :
жатыр мойнын айнамен қарайды;
цитологиялық зерттеуге жағын алады (Рар-тест), дәстүрлі әдіспен (бір шыны) немесе сұйық цитологияға (бір контейнер);
Бекітілген үлгімен жазылып онкологиялық диспансерге биоматериал цитологиялық зерттеуге зертханаға жолданады;
Жатыр мойнын қарауда көзге көрінетін өзгерістер болса науқас екінші кезеңде – акушер-гинеколог қарауына, кольпоскопияға, биопсия алуға жіберіледі;
Рар-тест нәтижесін алғаннан кейін, 025-08/е формасы толтырылып, БМСКК бөлімшесі / профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық бөлімше дәрігеріне, болмаса учаскелік/ЖТД жолданады. ;