Онкологиялық науқастардағы жеке бас гигиенасы 2023 жыл Жоспар



бет2/3
Дата13.02.2023
өлшемі4,79 Mb.
#168610
1   2   3
Байланысты:
Султанова Табарак Паллиативті көмек (копия)
тест Абай, ккт курсовой, Султанова Табарак Паллиативті көмек
Ауыз қуысы күтімі
Қажет заттар: 0,5% гидрокарбонат натрий, ауыз кергіш, тіл ұстағыш, астауша, пинцет, дәкелі салфетка, дәкелі немесе мақталы тампон, шпатель. Іс - әрекеттер: Науқасқа процедура мақсатын, орындалуын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. Мензуркаға антисептик ерітіндіні құйып алыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз. Пациентке аузын кеңірек ашып, тілін шығаруды сұраңыз. Егер науқастың халі келмейтін болса, ауызкергіштің көмегімен аузын ашып, тілін тіл ұстағышпен ұстаңыз. Дайындаған ерітіндіге салфетканы сулаңыз. Ұртын шпательмен ашып, ерітіндіге батырылған салфеткамен ауыз қуысының шырышты қабығын, қызыл иекті, барлық тісін және тілін сүртіңіз. Ерні немесе ауыз бұрышы тілінсе (езуі), сары май жағыңыз. Аузын таза салфеткамен сүртіңіз. Құрал-саймандарды және дәке шариктерін дез ерітіндіге салыңыз. Қолғапты шешіп дез ерітіндіге салыңыз, қолды жуып құрғатыңыз.
Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. Ол синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. 3-4 айда жаңа щеткалар сатып алып, ескілерін тастау керек.2. Қызыл иекті де қолмен ысқылап массажды үнемі жасап отырған дұрыс. Ерінбеу керек.3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы керек. (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып түруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді.5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек
Алмалы - салмалы тіс протездеріне күтім жасау
Мақсаты:алмалы- салмалы тіс протездерін пайдалануда қызыл иектің және ауыз қуысые шырышты қабаттарыныңқабынуларының алдын алу.Әзірле: ауыз куысының күтіміне қажетті заттар сияқты және арнайы протездерді алу үшін салфеткалар, үлкен салфетка, протездер үшін ыдыс, тіс щеткасы, паста,лоток,қағазсалфетка, қолғаптарды дезинфекциялау үшін ыдыс.Міндетті жағдай: әрбір ауыз қуысына күтім жасаған кезде жүргізіледі.Процедураның орындалуы.•Тіс протездері салынған ыдысты раковинага тіс щеткасы, паста, үлкен салфетка, сүлгімен қоса апару.•Үлкен салфетканы раковинаның үстіне кою.• Қағаз салфетканы пайдалана отырып, су кранын ашу.•Салқын сумен тіс щеткасын ылғалдау, тіс протездерін раковинаның үстіне ұстап,өзіне қарай бағытта әбден тазала•Ағынды сумен тіс протездерін шаю•Тіс протездеріне арналған ыдысты шаю.•Протезді ыдысқа салу.Ескерту: түнгі уақытта протездерді ыдыста қалдыру.
Көз күтімі
Көзді жуу:Көзден бөлінген заттар кірпіктерді жапсырады, сондықтан, көзді жуып отыру керек:• 1. Қолды жуу2.8-10 залалсыздандырылған шариктерді сулау керек• 3.Тампонды сығып кірпіктерді көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту керек• 4.4-5 рет қайталау керек5.Құрғақ тампондармен құрғату керек.• 6.Тамызатын дәрісінің сыртын бірнешерет оқып (жарамдылық мерзімі,аты, сақталуы т.б) көзіне тамызу керек
Мұрын күтімі
Мұрын күтімі:1. Мензуркаға вазелин майын құю (немесе глицерин).2. Турунданы пинцетпен алып майға батырып шамалы сығады.3. Мұрын жолдары жақсы көріну үшін пациенттің басын шалқайтады.4. Турунданы мұрын қуысына айналдыра енгізіп 1-3 минутқа қалдырады.5. Турундны айналдыра қозғалтып мұрын қуысынан қабыршақтармен қоса алады.6. Емшараны қайталау.
Құлақ күтімі
Сыртқы есту жолдарынан сарғыш-қоңыр түсті бөлінді бөлінеді. Ол құлақтың есту қабілетінің кемуіне әкеліп соқтырады. Сау құлақтың күтімі уақытылы сабынды жылы сумен жуу арқылы іске асырылады.Сыртқы есту жолдарын ешқандай жағдайда үшкір заттар арқылы тазартуға болмайды. Үшкір заттарды пайдалану құлақ жарғағын зақымдауы мүмкін.Егер күкірт тығыны пайда болса, оны алып тастау қажет.Максаты: күкірт тығынының болуынан құлақтың есту қабілетініңнашарлауынын алдын алу.Көрсетілімі: төсек режимінде жатқан науқастың ауыр жағдайы. Теріс көрсетпелері: құлақ кіре берісінің, сыртқы есту жолдарының қабынулары.Әзірле: стерильденген: лоток, пинцет, мензурка, мақта турундалары, қолғап, 3% сутегінің асқын тотығы, лоток, дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет