Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет57/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Антропонимика


58

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

мағыналық өзгерістердің себебінен жаңаша сипатқа ие болып отыр»  [8,9-10].

Ғаламның  антропонимиялық  бейнесінің  қалыптасуына  әсер  ететін,  тарихи 

кезеңдерге сай антропонимиялық концептілердің ішкі этномәдени мазмұны бо-

лып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей  белгілі бір феноменге әр тарихи кезең-

де  әр түрлі дүниетанымдық көзқарас, басқаша эстетикалық талғам болады.

Дүниенің  тілдік  бейнесін  суреттейтін  этностың  әдемілік  заңдары,  әдемілік 

дүниесі эстетикалық көзқарас арқылы  танылады. Әсемдік – өмір туралы ұғымы 

болатын  болса,  әлемнің  әсемдігін  антропонимиялық  концептілерде  бейнелей 

алады. Эстетикалық танымдық дүниенің  көріністері ұлт мәдениетінің арасында 

тоғысады. 

Қазақ  дүниетанымының  әсемдік  талғамын  суреттейтін,  әсіресе,  қыз  (әйел) 

есімдері болады. Біз әсемдік (эстетикалық) мәні бар қыз (әйел) антропонимдерінің 

концептілік, яғни когнитивтік талдауын жасаймыз, тек халықтың эстетикалық 

(әсемдік)  талғамын  көрсететін  антропонимдердің  тізімін  (ол  да  толық  емес) 

берумен  шектелеміз:  Ажар  (гүл),  Айәсем,  Айбике,  Айдай,  Айдана,  Айғаным, 



Айжұлдыз, Айкүміс, Айкүн, Айнұр, Айшолпан, Ақалтын, Ақбала, Ақбаян, Ақбота, 

Ақбөкен, Ақбілек, Ақгүл, Ақжүніс, Ақжұпар, Ақжібек, Ақкүміс, Алқағаз, Аққу, 

Ақмаржан, Ақсұлу, Ақтамақ, Ақтоқты, Ақшабақ, Ақшыбық, Алқагүл, Алмагүл, 

Алтын (ай, гүл, бике, шаш), Анаргүл, Ару (жан, бике), Асыл (ай, гүл, бике, тас), 

Әдемі, Әйгерім, Әсем (бике, гүл, қан), Бақтыгүл, Бақшагүл, Бал (гүл, жан, дай, 

күміс,  шекер,  нұр),  Батсайы,  Бексұлу,  Бибі  (гүл,  нұр,  сара),  Бота  (гөз,  жан), 

Бұлбұл, Гаухар, Гүл (бадан, бақша, бараш, барша, баршын, баян, бибі, болсын, 

ғайша, дара, дана, дархан, дария, жазира, жайна, жамал, жәмилә, жан, жа­

нар, жаухар, жихан, жиян, зағида, зағила, зағира, зария, зейнеп, маржан наз, 

нұра, сара, санат, сім, шара, шат, шаш, шекер, сінай), Данагүл, Дәрігүл, Еңлік, 

Еркегүл, Жазира, Жамал, Жанкүміс, Жансая, Жауһар, Жұпар, Жібек, Ибагүл, 

Камшат, Керімбала, Күлбағира, Күміс (ай, бике), Күн (ай, айым, бала, жан, зира, 

сұлу), Қалам (қас, пыр), Қарагөз, Қарлы (ға, ғаш), Қорлан, Құндыз, Қызғалдақ, 

Қызылкүл, Май (гүл, нұр, ра, сара), Марал, Маржан т.б.

Халық  эстетикасының  бір көрінісі  - қазақ антропонимдерінің тілдік,  когни-

тив тік жүйесі арқылы халық жадында жатталуы, дүниенің тілдік болмысын сурет-

теуде өз үлесін қосуы. Ғаламның тілдік бейнесіндегі эстетикалық синкретті кате-

гория халық өмірімен біте қайнасып әр дәуірде өзгеріп тұратын сипаты бар. Қазақ 

антропонимдер материалдары негізінде аталған үрдісті байқауымызға болады: 

«мағыналық тұрғыдан  даму барысында, эстетикалық талғамның өсуімен бай-

ланысты, кісі аттарының әр дәуірдегі жаңаша санаттарға ие болуының қырлары 

алуан  түрлі.  Аталған  Барақ  есімімен  қатар,  Ит,  Күшік  секілді  кісі  аттарының 

алғашқы  мағынасы  кие  тұтуымен  байланысты  болса,  кейінгі  дәуірлерде  бұл 

жануардың түрлі кемшіліктері ескеріліп, ырымдау басты назарға алынды (Итем-

ген есімінің шығу мотивтері бұған дәлел). Салыстыра қарар болсақ, алғашқысы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет