Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет80/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Орайлы ұсыныс


81

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Республикадағы  географиялық  атаулар¬дың  толық  ақпараттық  қорын  әзірлеу 

мәселесі де назардан тыс қалды. Мұндай жағдайда белгілі бір атаудың тарихи 

екендігін ғылыми дәлелдеу мүмкін емес еді. Бұрынғы карталар мен әкімшілік-

аумақтық құжаттарда белгіленіп кеткен атаулардың төркіні туралы сөз қозғалса, 

түрлі сипаттағы даулар қоздап шыға келетін.

Өзіміздің  салғырттығымыздан  болған  мұндай  кемшілік  топонимикалық 

атаулардың  баспасөз  бен  электронды  ақпарат  құралдарында,  интернет  пен 

карталарда  түрліше  айтылып,  жазылуына  әкеліп  соқты.  Ашығын  айтайық, 

Қазақстан  географиялық  атауларды,  ономастиканың  мәселелерін  зерттейтін 

құрылымдар  мен  заңнама  бойынша  да  дамыған  елдерден,  нақтылай  түссек, 

кейбір ТМД елдерінен кейін қалып отыр. Дәлел келтірейік. АҚШ-та жер-су ата-

улары мәселесімен «Географиялық атаулар бюросы», Канадада «Географиялық 

атаулардың тұрақты комитеті», Германия мен Украинада «Географиялық атау-

лардың ұлттық комитеттері», Англияда Британия география қоғамының «Геог-

ра фиялық  атаулардың  тұрақты  комиссиясы»  дербес  айналысады.  Ресейде  үш 

бірдей  құрылым:  «Геодезия»,  «Аэрофототүсіру»,  «Картография»  бас  бас қар-

малары шұғылданады. Бұлардың бәріне географиялық атауларды дұрыс пайда-

лануды бақылап, түзетіп отыру үшін заңдық құқықтар берілген. Ресейдің осы 

ыңғайдағы тәжірибесіне қысқаша тоқталсақ, онда 1997 жылы «Географиялық 

объектілерді атау туралы» федералды заң қабылданды. Сол заң бойынша атаулар 

жөніндегі мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың барлық ұсыныстары оно-

мастикамен айналысатын қызметтердің: аудан, облыс, қала атқару биліктері мен 

сайланбалы органдарының, жоғарыда айтылған басқармалардың сараптауынан 

өткізіледі. Тек содан кейін ғана шешім қабылданады. Бұл жүйе орыс жұртына 

географиялық атаулар арқылы өзінің тарихын қастерлеп, ұлттық мүддесін қорғауға 

мүмкіндік беріп отыр. Мұндай мазмұндағы заң көрші Қырғызстанда да бар. Сол 

заңға  сәйкес  жергілікті  кеңестер  мен  атқарушы  органдардың  атаулар  жөніндегі 

ұсыныстары географиялық атаулардың ведомствоаралық комиссиясы мен Ұлттық 

ғылым академиясының бірлескен шешімі бойынша Жоғарғы Кеңестің қарауына 

жіберіледі.  Бізде  ономастика  мәселесіне  тұтас  арналған  заң  жоқ.  Елімізде  бұл 

сала  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  ономастика 

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен рет-

телуде.  Аталған  құқықтық  құжат  бойынша  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  ту-

ралы»  Кодексіне,  Қазақстан  Республикасының  әкімшілік-аумақтық  құрылысы 

туралы»,  «Тіл  туралы»  заңдарға  жаңа  баптар  енгізілді.  Алғаш  рет  ономастика 

жұмысының критерийлері анықталды. Жер, елді мекен атауларын таңдау кезінде 

тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктері ескерілетін болды. Ба-

сты жетістік – енді атқарушы билік пен барлық деңгейдегі мәслихаттар ономасти-

ка комиссияларының келісімінсіз шешім қабылдай алмайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет